Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет14/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
50 
- Е, Ахмет ағай екен десем, сен екенсің ғой. 
Даусынан тани кетті-кешегі күйеу жігіт. Жүндес қабағын түгел 
тікірейтіп, бұған жек көріп, не мүсіркеп тұрғаны белгісіз, езуіне күлкі 
үйіріп, шаншыла қарап алды да, жайбарақат үйге беттеді. Құрық 
сүйреткендей ай астында ерсі ербеңдеген ұзын көлеңкесін соңына ертіп 
кетіп барады. Жаңа ғана қашып-пысып жүргенін ұмытып кеткендей, 
талтаң-талтаң. Ұзын-тұра көлеңке үйдің бұрышынан айнала бере ұры 
иттің құйрығындай бір бұлаң етті де, ғайып болды. 
Жаппар көзіне қос көрінген кісіше ай нұрынан ақ шаңылтақ боп жатқан 
аула ішіне аңыра қарап тұрып қалды. 
Содан бір апта бойы түн ортасы ауа бере-ақ бұл жатқан бөлменің 
терезесінің түбіне əлдене дік ете қалады да, артынша қалыңдық жататын 
бөлменің есігі сықырлап ашылады. 
Куйеу жігіт қалыңдығын бір жыл бойы қайын-жұртында қалдырып, түн 
баласы қайын-атасы мен қайын енесінің көзіне түспей, ұрланып барып 
түнеп тұратын əдетті ақыр аяғына дейін ұстануға, əлденеден тəуекелі 
жетпеді білем, той өткесін бір аптадан соң-ақ келіншегін өз үйіне алып 
кетті. 
Енді Жаппар əр кеш сайын жұмыстан қайтқанда аула ішіне бұрынғыдай 
емес, бір түрлі тосырқап қарайтын болды. Əр жері кетік-кетік кісі бойы 
шым дуалдың бұрынғы қалпы. Бір бұрышқа сүйей салған шаңы-рақтай-
шаңырақтай қос даңғалақ арба да бəз-баяғы орнында тырп етпей түр. 
Түпкірдегі сабан салулы шошаладағы көк өсек те бұрынғысынша күтір-
күтір күйсегенінен танбайды. Бірақ аула іші бұрынғысындай емес, қаңырап 
тұрған сияқты. Ахмет бай бұрынғысынша қарнын сипап кіріп, сипап 
шығып жүргенімен қауқылдай жөнелмейді. Туғалы бітпеген сабырды енді 
тапқандай. Кемпірде де дыбыс жоқ. Қап-қара пəрəнжə мен толарсаққа 
дейін шұбалта жабылған қоңыр шапанның ар жағындағы бүлк-бүлк 
қыбыр ғана, оның кеудесінде жан барынан хабар бергендей. 
Анада той тұсында қалыңдыққа шымылдық ұсталған бөлме енді Жаппарға 
тиді. Жас келіншектің алғашқы ақ неке түндері өткен бөлменің əтір, опа-
далап, сүрме иісі əлі біржола өшіп үлгере қоймаған. Ол күн сайын қақ төр-
ге салулы төсегіне жата бере-ақ, бөтен, бірақ бұған етене таныс, етене 
жақын əлдеқандай сүйкімді иіс аңқып қоя бергендей болады да, 
алабұртып жата алмайды. Көзін жұмды-ақ тар бөлменің бұрыш-
бұрышынан селдір перде жамылған қолаң шашы төгілген əлдебір ару 
бұның төсегіне қарай аяғын санап басып, жақындап келе жақандай 
болады: көзін ашып алса-əйнектен емескі түскен айдың тозамық нұрынан 
басқа ештеңе жоқ. Солай біразға дейін көзін бір ашып, бір жұмып жатады, 
жатады да қос кірпіктің астына шойын құйып қойғандай боп, көз аңғары 
зіл тартқанда барып, амалсыз қалжырап ұйықтайды. Түсінде де əлгі бір 
елес бұның қасына к,ол созымдай жерге төсек салып жүреді. Ақ мамық 
төсекке бір сүңгиді де, тырп етпей жатып алады. Бұл өз-өзінен тағаты 
таусылып тыныш та жата алмай, тұрып та кете алмай, арпалысумен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет