Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
48
жігіттің жолдастарын ертіп, бөлек үйде шы-мылдық ішінде отырған
қалыңдыққа беріп жіберді. Көп ұзамай тостаған қазидың қолына қайтып
оралды. Ол екі əке мен күйеудің, куəгердің алдында дұға оқып, ақ некеге
бата берді.
Дастарқан қайта жайылды. Ойын-сауық қайта жалғасты. Түн ортасынан
ауды. Күйеу жігіт қалыңдығын көруге баратынын айтып əйелдер
бөлмесіне хабар салды.
Əйелдер бөлмесіндегі əбігер көбейді. Бəрі қолдарына бір-бір шырақ жағып
ұстады, күйеудің алдынан шықты. Бөлмеде шымылдықтың ар жағындағы
қалыңдықтан басқа ешкім қалған жоқ.
Соңына дуылдаған бір топ жас жігіттерді ерткен күйеу, əйелдер отырған
бөлмеге беттеді. Олардың есікті ашып қалуы-ақ мұң екен опыр-топыр
басталды да кетті. Əйелдер жас жігіттерге дүрсе қоя беріп, күйеу
тартпаққа көшті. Бажылдаған əйел даусы. Күйген шүберек иісі. Кейбір
жігіттердің сақалына от тиіп, шапанының етегімен ұрғыштап, сөндіре
алмай жүр. Ақыры, əйелдер күйеуді жігіттерден тартып алды. Біреуі
оның басын қолтығына қысып ап, тердегі шымылдыққа қарай сүйрелей
жөнеліп еді, бір топ əйел жапа-тармағай соңдарынан жүгірді.
Күйеуден айрылып қалған жігіттер өз бөлмелеріне оралып, дастарқан
басына қайта отырды.
Əйелдер бөлмесіндегі күйеу жігіт дастарқан басында отырғандардың
əрқайсысына қыз көрсетер сыйлық тартты. Ал қыз-келіншектер əн
салып, би билеп күйеу жігіттің көңілін көтерді.
Соның бəрінде жас келін шымылдықтың ар жағында отыз-қырық көрпені
бірінің үстіне бірін қабаттай берген, ертең күйеуінің үйіне өзімен бірге
алып баратын жасау төсегінде жападан-жалғыз сарылып отырды да
қойды. Күйеу жігіт шымылдық ішіне келіншегінің құрбыларын əбден риза
қылған соң барып кірді. Екеуіне бір табақ палау мен жеміс əкеліп
қойылды.
Шымылдық
сыртында
дастарқан
басында
дуылдасып
өзге
қыз-
келіншектер отыр.
Түннің бір уағы болды. Қатар-қатар жүк жиналған керме жіптерге
қалыңдықтың
киімдері
жарқыратып
жайып
қойылған,
жерде
қалыңдықтың етіктері, кебіс-мəсілері тізіліп тұрған əлем-жəлем бөлмеде
қыз бен жігіт жалғыз қалды. Қу келіншектер кетерінде шамды сендіре
кеткен...
Жас келін мен күйеуді оңаша қалдырып шығып кеткен сақа келіншектер
есік, терезеден тың тыңдайды. Əуелі дымдары ішінде боп үн-түнсіз
тұратын олар əлдебір уақытта бір-біріне сыпсыңдай женеледі, енді
біраздан соң сылқ-сылқ күле бастайды. «Неге күлгенімізді жұрт біліп
қалмасын, жайырақ күлсейші» – деп, бірінің бірі мықынынан үзіп-үзіп
алады. Сосын іштегі дыбыс басылған кезде, олар да күлкілерін пышақ
кескендей тез тыя қояды. Қапелімде не болып, не қойғанын біле алмай
аңтарылып тұрып қалады да, сəлден кейін бір-бірімен сыбырласып кеңес
|