Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет20/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
56 
алдамшы елестен басқа ештеңе көре алмаған-ды. Əлгінде ғана ал-дында 
аспанмен таласып тұрып алған сиқыр мұнара көзін уқалап ап, енді бір 
қарағанда, жер жұтқандай жым-жылас жоғалып кеткен-ді. Бірақ бүйірін 
тышқан тесіп тастаған бұжыр төмпектің төбесінде көз алдыңда 
көлбеңдеп тұрып алған, қазір ғайып болатын сол бір алдамшы елесті 
шындыққа, көргеннің көз жауын алатын көрікті көк мұнараға 
айналдыруға болатынын ол баяғыда-ақ білген-ді. 
Одан бері де сегіз жылдың жүзі ауыпты. 
Екі ала қоржынды теңдеп ап, тау-тау шағылға итіне тырмысқан көк 
есектің соңында əкесі екеуі келе жатты. Жарты ай бойы сол бір митың 
жүріс. Құм арасында араға екі-үш күн салып жолығатын бетіне сексеуіл 
төсеп, шағырмен жапқан көмбе құдықтың басында аяқ суытып алады. 
Алда келе жатқан əкесі үндемейді, ауық-ауық кілт тоқтап, ылғи өрге 
қарай емпеңдей беріп, пысытқан киіздей қап-қатты боп ұйып қалған белін 
жазып, екі бүйірін таянып біраз тұрып алады да, бір күрсініп қойып қайта 
жүреді. 
Тек көк есектің ғана іші пыспайды. Серек құлағын қалқитып жығып ап, 
басын көтермей жорғалай береді. Екі аяқтылардың еркіндегі хайуан өзіне 
бəрі бір тыным болмайтынын əбден біліп болған. Мынау ақ сұрқай 
кеңістіктің тағы бір жерінен су ішіп от шалатынын іші сезіп келеді. Екі 
аяқтылар бұны аяп емес, əздері үшін тыныс қылады. Соның бəрін 
көкірегіне жаттап алған көк есек ештеңеге алаңдамайды, мимырттап 
тартып барады. 
Ал анадай жерде артта келе жатқан ендір қара жігіт, он жеті жасар 
Жаппардың осы сапардан əлдеқашан іші пысқан-ды. 
Қыс бойы төсек тартып жатқан əкесі наурызда басын көтерді. Аяқ 
астынан қайрат біткендей, көздей жерін жыртты, тырмалады, дəн септі. 
Жермешел шым үйдің жанындағы өлі қаңқадай ербиіп-ербиіп тұрған аз 
ғана жеміс ағаштарының түбін қопсытып бұтағын қырықты. 
Соның бəрін үнсіз істеп, үнсіз бітірді де балаларын жиып, Жаппардан 
басқаларының қайсысы қандай шаруа істейтінін айтты. 
Араға кеп уақыт салмай, Жаппарды ертіп жолға шықты. Айдаладағы 
шағын қыстақтың тұрғындары есіктерінің алдына шығып, бұлардың 
соңынан аңтарыла қарап қалды. 
Көк есекке өңі кеткен тықыр қоржынды теңдеп ап, ауладан шығып бара 
жатқанда, көрші əйелдер анасынан: 
- Құмырашы қайда базар шығып барады? – деп сұралы. 
Өзі аң-таң, анасы иығын қақты. 
Қайда келе жатқандарын Жаппар əлі білген емес. Қыстақта əкесі жайлы 
алып-қашпа əңгіме көп. Оның қайсысының шын, қайсысының өтірік 
екенінен балалары да бейхабар. 
Құмырашының қайдан келгені де жұмбақ. Бір суық күзде бейсаубат 
керуенге ілесіп келді де, қалып қойды. Ешкімге дін ашпайтын дəу қара 
кісі саз балшыққа жан бітіретін шебер екен. Көп ұзамай өз күнін өзі көріп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет