Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет27/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
63 
сексеуіл мен жүзгенді омыраулап жарып келеді. Əлден соң тағы бір 
сыбдыр қосылды. Сосын өрт тигендей тоғай ішін сатыр-күтір жайлап кетті. 
Жаппар манадан бері құшақтап отырған сексеуілдің қу томары мынау 
ойда-жоқта опырып-жапырып келе жатқан көп дүсірден қорыққандай, 
бауырына тығыла түсті. Жаппар мұндай түлейлерде əр алуан 
хайуанның жүретінін жастайынан көп естіген. Ол тағыларға тəн жат иіс 
шығар ма екен деп, кешкі тымық ауаға тұмсығын тосып еді – ондай 
ештеңе байқалмады. 
Бірақ дүсір күшейе түсті. Бір үйір аң қалың жынысты сарт-сұрт жапырып, 
жағаласып ойнақ салғандай. 
Жаппардың тамағы кеуіп қалды. Қары талғасын құшағындағы қу 
томардан қолын ажыратайын десе, жаны кеткен саусақтары сіресіп 
қапты. 
Дүсір кеуделеп біраз жерге дейін келді де, кейін қайтты. Бұның сірескен 
саусақтары сонда барып жазылды, бойын түзеп алған сексеуіл бұтасы 
өзге бұталарға соқтығып, болмашы сыбдыр етті. Бірақ Жаппарға соның 
өзі таудан тас құлағандай үрейлі естілді. Оған жыныс шетіндегі көп 
дүсір əлгі сыбдырды құлақтары шалып қап, сұлық тына қалғандай 
көрінді. Жаппардың екі қолы алдына сыймады, жүрелеп отыра кетті де, 
дірілдеп бебеу қағып бара жатқан қос қолымен екі тізесін тас қып 
құшақтап алды. Əлгі тоғай шетіндегі сатыр-сұтыр жым-жылас жоғалды. 
Бұл құлағын қанша тұрсе де, қайта естілмеді. 
Кенет дəл маңдай тұсынан от жарқ ете қалды. Бұл өз көзіне өзі сенбей, 
көзін тарс жұмып ап, біраздан соң, қайта ашты. Əлгі от маздап жанып 
жатыр. Ұп-ұзын қызыл тілі сумаңдаған түнгі алау тас төбесіндегі 
жымыңдаған көп жұлдызды өшіріп тастағандай, жан-жағына алқызыл 
шұғыла шашып жалаң-жалаң етеді. От қасында серең-серең етіп бір топ 
адам жүр. Біреулер қою қараңғылықтың қойнынан əлденені құшаңтап 
шығады да, отқа тастайды. Сол-ақ екен онсыз да көк шарпып жатқан 
тунгі алау тіпті аспандап кетеді. Отты шыр айнала ербеңдеп жүрген 
адамдардың не істеп, не қойып жүргеніне бұл түсіне алмай отыр. Бірінің 
көлеңкесі біріне қосылып, ернеуден түлейге қарай əлденеше қара сырық 
көлеңке жарыса құлапты. Бұл біраздан соң жарық пен қараңғылықтың 
астасқан жерінен қаз қатар қаңтарулы тұрған көп атты көзі шалды. Отқа 
жақын жердегі аттардың ерінің басына ілулі қынаптар түнгі алаудың 
шұғыласы түскенде жарқ-жұрқ ете қалады. 
Жаппар олардың не қылған адамдар екенін біле алмай аң-таң. Елсіз түзде 
түн ішінде бейсаубат қару асы-нып жүргеніне қарағанда қорқынышты 
адамдар. Бағана əкесі, бəлкім, осылардан қорықты ма екен? Керуен 
тонайтын қарақшылар болады деуші еді – əлде солар ма? Олардан сонда 
немді тартып алады деп қорқады? 
Жаппар ернек басында қаннен-қаперсіз лапылдап от жағып отырған көп 
адамға үрейлене қарады. Бірақ олар түлей жақпен жұмысы жоқ. Отқа 
иіріле қапты. Бір-біріне бастарын изеп, қолдарын сермеп қояды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет