Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет29/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
65 
естіген-ді. 
Ол осы күнгі жатқан үйінің қожасы Ахмет бай болатын. Ахмет əулі 
бұның əкесін тани алмай біраз тұрды. Есік ашып қарсы алған жуан қара 
кісінің майға бөгіп жылтырап керінетін қысыңқы көзі көпке дейін 
сығырай-ып ашылмай қойды. 
Əкесі: 
- Ахмет саудагер, ұмытып қалғансыз ба? Мен Ортөбедегі құмырашымын 
ғой. Сауда жасап барғаныңызда, біздің үйге талай қонып едіңіз. Байтақ 
шаһарға келсең, біздікіне түс деп өзіңіз айтқан соң, əдейі іздеп келіп 
тұрмын, – деп жөнін айтты. 
Қожайын мейманның өңін енді шырамытқандай, екі қолын қусырып, 
омырауына апарды. Қақпасын ашты. 
Ол қонақтарын езі бастап алып жүрді. Алдарына түсіп ап емпеңдеп 
келеді. Оңаша бөлмеде үш ерқек боп шай ішті. Саудагер шай үстінде ескі 
танысы – бұның əкесіне естіп білген бар хабарын жайып салды. 
-Мен мына баламды əкелдім. Кезімнің тірісінде сіздің қолыңызға 
жеткізейін дедім. Анада біздің қыстаққа соғып, кеткен бір дəруіштен 
хан шаһарда жаңа мешіт салдырам деп, жан-жақтан шебер жинап 
жатыр 
деп естігем. Баламды соған іліктір, – деді əкесі. 
Ахмет шаһарда хан орданың адамдарынан басқаның бəрін танитын болып 
шықты. Базардағы күйкентайдың күркесіндей тар дүкенде өткен-кеткенге 
бақырып-шақырып отырған төрт-бес саудагермен көк шай үстінде 
сөйлесіп көріп еді, бас-аяғы бір аптаның ішінде ортөбелік əкелі-балалы 
қос құмырашы жаңа мешітті салып жатқан көп құрылысшының санатына 
қосылып шыға келді. Жаңа мешіт енді-енді бой көтере бастағанда, əкесі 
үйреншікті сырқаты ұстап жатып қалды. 
Əкесімен екі ай бірге істеген бала шебер кегілдір мешіттің күншығыс 
жағындағы көк мұнараға алғаш рет бір өзі шығарда қатты қобалжыды. 
Күннен-күнге биіктей түскен мұнараның басында жетім торғайдай жан-
жағына алақтап отырған бала шебер көлденең біреудің кезі түссе, именіп 
бұғып қалады. Тас төбеден тесірейіп тұрып ап, ілбіп, жылжып 
болмайтын бедірейген күн көзі тұсау бойы көтерілгеннен қашан ұясына 
барып қонақтағанша жас шебер жан-жағына алақтаумен болады. Жүрегі 
лүпілдеген үрегей жас адамның сырғанақтап көше беретін кезбе көзі 
біресе күнді аңдиды, біресе көк мешіттің қабырғасында жыбыр-жыбыр 
қозғалып жүрген өзге шеберлерді шолады, Əмірші бұлардың əр 
қимылынан көз жазбай бақылап отырған көрші медресе жаққа да 
жалтақ-жалтақ қарап қояды. 
Күні бойы шоқ басқандай тыпыршумен болатын Жаппар бір күні кешке 
жұмыстан қайтса, əкесі əл үстін-де жатыр екен. Есіктен бұл көрінгенде
қолын созып қасына шақырды. Екі көзі жасқа толып, қиналып жатқан 
əкесінің жүзін де дұрыстап көре алмады. Бөлме іші су түбіне 
айналғандай, төңірегіндегінің бəрі алашабырланып, бұлдырап көрінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет