Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет30/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
66 
еміс-еміс бозартқан бірдеңелер əрлі-берлі тербеліп жүр, тек қарсы 
алдындағы əнтек ағарып көрінетін біреу ғана су түбіне шөгіп, жабысып 
қалған бір парақ қағаздай, қыбырсыз. Сырылдаңқырап шыққан көмескі 
дауыс енді-енді еміс-еміс естіле бере, өшіп қалды. Манадан бері бұның 
қолынан тас қып жабысып алған қатқыл қол кенет сылқ түсіп кетті. 
Əкесін жерлеген соң, мынау бейтаныс шаһарда жападан-жалғыз қалды. 
Əкесінің өлер алдында не дегенін де дұрыстап ұға алмады. Басы жоқ, аяғы 
жоқ «кетпе» деген бір ауыз сөзі ғана құлағында. Енді жаңа салынып 
жатқан көк мешіттің шығыс бетіндегі мұнараның тас төбесіне қонып ап, бір 
тас қаланған сайын мойнын созып, қарсы алдына бір қарап алады да, 
басқа ештеңеге алаңдамайды. Бірақ қанша қарағанмен, жер еңдес сарғыш 
шым үйлер мен əр жер-əр жерде оқшау-оқшау сорайған бозаң 
шынарлардан басқа ештеңе көзге түспейді. Көкшіл аспан мынау 
құжынажай шаһардың үстінде аунап алғысы келгендей, шалқасынан түсе 
сұлапты. Көкжиекті, бұл баяғыда əкесі екеуі келген сар даланы, көзіне бір 
іліктірмей, ол мұнара да біткен-ді. 
Енді, міне, тағы да сол баяғысынша əр тасты қалаған сайын, айналасына 
бір қарап қояды. Бір-біріне ұласып кеткен жермен-жексен шым үйлер 
төңірегіне көлкештеп күлгін перде тұтып қойғандай арман болған 
көкжиек көзіне шалына қоймайды. Кеше ғана көз алдында теке тіресіп 
тұрып алатын биік медреселер, мешіттер, мұнаралар бүгінде төменде 
қап, ию-қию сары лайсаңға біржола сіңіп, аяқ астыланып барады. Көз 
ұшында шоқ-шоқ қарайғандар көрінді. Қала шетінде бау-бақша. 
Жаппар мынау қолға ұстар дəнеңесі жоқ мөп-мөлдір, шетіне-шегіне жетіп 
болмайтын тұлдыр көкке қарай тырмысып келеді... Əр кірпіш қалаған 
сайын, құрдым шыңырау түбінен жарық дүниеге ұмтылған кісідей 
жаныға өрмелейді. 
Күн санап көз ұшындағы қарайғандар да төбелерінен əлдекім жапырып 
жатқандай, аласара-аласара, ақырында əлгі сары лайсаңның шетін 
көмкерген жай əншейін көк теңбіл жолаққа айналды. Енді сол көк теңбіл 
жолақтан бірден ірге ажыратып кете алмай, бұта басына қонақтаған көк 
шұлан жабағыдай боп, ұйысып жатып алған солғын көкжиек те сəт санап 
бауыр көтере түскендей. Əлгі көк теңбіл жолақтың үстіндегі солғын 
мұнар арылып, мөлдіреп ніл тұна бастапты. 
Түс ауып, ауа буалдырдан арылған кез еді. Көкжиек-ке іркіліп, мөлдіреп 
тұна қалған көк нілдің арасынан əлдеқандай сарғыш бірдеңе қылаң берді. 
Жаппар өз көзіне өзі сенбей, қолындағы май қадағын тастың үстіне тастай 
салып, тершіп тұрған көзін білегіне бір сүйкеп, қайта қарады. Тұнық 
астынан алашабырланып көрінген көл түбіндей боп, əлгі бір көз 
ұшындағы көк нілдің ар жағынан, көлбеп созылып жақан сарғыш кеңістік 
көзіне айқын шалынды. 
Жаппар мойынын созып ентелей түсті. Көптен көргісі кеп аңсағаны – осы. 
Көптен көз алдын келкештеп келген көкжиектің көгілдір пердесі де 
бұның ішіп-жеп бара жатқан қомағай жанарьшан қаймығып, жолында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет