Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
90
қыздарымен бірге хауызға шомылғанға, кек айдында алма лақтырысып
ойнағанға құмар. Күнде ертөмен қызметшілері ағаш басынан алма үзіп,
хауыздың қасындағы жеңіл шатырдың астына тау-тау қып үйіп қояды.
Күн қыза жаңа піскен алманың жұпар иісі аңқыған тұста ханым
нөкерімен шомылуға шығады.
Қызыл алмалар қалқып жүрген мөлдір айдында жас-тықтың, алаңсыз
бақыттың буына алмадан бетер балбырап піскен балғын тəндер өне
бойларын шепітіп сүйген сұғанақ толқындардан əлдеқандай жұмбақ
лəззат тауып, рақаттанып қалады.
Əдеттегі тəкаппар сырбаздығынан, асқақ мəртебесінен, асыл мен
қымбатты аямай тегіп баққан шұбалған киімінен бір уақыт ада боп,
ойнақтап шыққан балауса тəн əлгіндей емін-еркін бостандыққа қапелімде
құмары қана қоймайтын болса керек, ханым хауыз басына ұзақ айналады.
Судан шыққан соң хауыз қасындағы жеңіл шатырдың астына жатып ап,
қызметшілеріне үстін сылатады; онсыз да жұпар шашып тұрған ханым
бағының ішінде, дүниенің түкпір-түкпірінен алдырған хош иіс майлар мен
əтір иісі аңқып қоя береді.
Ханым жас қыздардың сүйрік саусағына қытығы келеді де, сылаушыға
қызметші əйелдердің қолының қаруы барларын ғана таңдап алады.
Ханымның жасындағы əйелдің тəні не тілейтінін жақсы білетін сақа
келіншектер одан қолдарының қуатын аямайды, ұзақ сылайды. Ханым
ондайда жылтылынан айрылып, лайытып бара жатқан жанарын ұзын кір-
піктердің астына жасырып, еткінші рақаттың лəззатына елітіп жатады да
қояды. Сөйтіп жатып, кейде қиялға шомады. Ондайда мынау өзі жүрген
бақ хиссалардағы пейішке ұқсап кетеді; қасындағы нөкерінің пейіш
бағындағы хор қыздарынан несі кем? Бұдан артық рақат қайдан
табылмақ? Осындай жұмсақ өз қолында, осындай рақат өз төрінде
тұрғанда, Əміршінің қайдағы бір ит арқасы қиянға айлап-жылдап
жорыққа кететіні ара-тұра оған миға сыймайтын, түкке қажеті жоқ, құр
əншейін ессіздіктей көрінеді. Бірақ сол-ақ екен, Ұлы Əміршінің ойына
келген шаруаны мансұқтау пенде біткенге кешірілмейтін күпіршілік екені
есіне түсіп, тізгін үзіп бара жатқан тентірек ойын тежеп ала қояды.
Ондайда ауызға енді іліге берген жемінен жұрт айырып жіберген шабытты
тазыдай солығы басылмаған ойы Əміршіні тастай беріп, бірауық
бəйбішенің соңына түсіп береді. Жорықтағы Əміршінің соңынан қалмай
соған не азап екен...
...Əлгіндей ой келгенде жон арқасына ойнақ салған саусақтардың
қимылынан да өткен, əлеңкедей жаланып тұрған əлдебір əзəзіл нəпсіні
демде тояттатып кететін тосын рақатқа кенеледі. Құдды төбесінде, сонау
шырқау аспанда шілде күні емес, көзі қанталап күндесінің өзі қарап
отырғандай көрініп кетеді. Өзінде жоқ дəулетті көріп алсын, іші куйсе түз
жаласын дегендей, шалқасына аунап түсіп, сылаушыларға омырауын
тосады. Кəрі күндесінде мұнда бар мынандай көрік, мынандай балғын тəн
жоқ. Ендеше, ол мұның жастығын күндейді. Алтын басты Əміршіні
|