Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет50/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
86 
Бұның қабағына кірбің кірсе, қызметшілері де моп-монтаны бола қалады. 
Он жетіден жаңа ғана асқан ханым дүниеде адам үшін жалғыздықтан асқан 
азап жоқ екенін сонда түсінді. 
Оңаша бақты қанша кезсе де, көңілі сергімейді. Бабына келіп балбырап 
тұрған маужыр бақтың қай бұтағы да емір қызығын тойлап жатыр. 
Бұтақтан бұтаққа ұшып қонған сан алуан бармақтай құстардың мазасыз 
шырылы да, гүлден гүлге қонып, əндете көтерілетін бал аралардың 
ызыңы да, күн астындағы тіршіліктің лəззаты мен рахатын жырға 
қосқандай. Оқтын-оқтын ұрлана ескен майда лептен дүрліге билей 
жөнелетін майса жапырақтар өне бойларын қуаныш кернеп, асыр салып 
қоя береді. 
Кіші ханым бұндай сейілдерден сергіп оралудың орнына жалғыздықтың, 
құмардан шығып қызығын көрмеген ыстық ынтықтың, өне бойын өртше 
жалап бара жатқан сағыныштың, əлденеге елегізген түсініксіз мұң мен 
қол-аяғын бірдей тұсап қойған амалсыздықтың, мына дүниеге келгелі 
алғаш рет бастан кешіріп отырған, өне бойын білдіртпей кеміріп жатқан 
қырық сезімнің басы қырық жаққа тартқылаған əрі-сəрі хəлдің –
соқталаңына түсіп əбден қалжырап қайтады да, қара көлеңке сарайдың 
ішінде екі қолы алдына сыймай отырады да қояды. 
Оның көңілін көтереміз деп өнер көрсететін некер қыздар одан бетер 
қамықтырып алады. Ыңырана шығатын зарлы саз оның көкірегін 
шымырлатып жатқан өзіне де тусініксіз əлдебір ұлпа сезімге бірден шық 
ете қалады; нөкер қыздардың алма мойындарын əлденеше бұралтып 
билегені, сүрмелі қастардың астынан сүзіле қарайтын тана көздерін 
бұдан айырмай, қаладай аппақ тістерін жарқыратып жымия күлгендері, 
жас сəбиді уантқандай жасанды көрінеді; бұл үшін өздерін зорлап 
көңілдендіріп, зорлап күліп жүргендей сезілді. 
Бұл ойын-сауыққа елігудің орнына нөкер қыздарын осынша əбігерге 
салғанына ыңғайсызданып қалады. Зауқым жоқ басым ауырып отыр 
сияқты болмашы сылтауларды бүршақша жаудырып, ондай отырақтардан 
қашқақтап бағады. 
Кіші ханымның жанын жайлап алған мұң серуен көңілді сауықтардан 
сейіле қоймайтынын аңғарған нөкері əлгіндей орынсыз ыржалаңнан табан 
астында тыйылып, сілтідей тына қалады. Сарай ішін ұнжырғаңнан зіл боп 
басатын қоңырқайлық қайта жайлап алады. 
Күтуші кемпір де ханымды немен сергітерін білмей əбден басы қатса 
керек, біресе оны бақ ішіндегі мыңдаған гүлдерді аралатады, біресе 
ханымға төркінінен жасауға келген, Əмірші сыйлаған, əкімдер мен 
ұлықтар, уəзірлер мен қолбасылар, елшілер тартуға тартқан неше алуан 
сақиналар мен жүзіктерді, сырғалар мен белдіктерді, бірінен-бірі өтетін 
асыл тастарды көрсетеді, енді бір уақ шар тараптан алдырылған уəлат, 
махфис, рауия, шамСия, шəдда, машад, тафсила, гүлстан, мисрия, 
абиария, лулуиа, сабурия, мискалия, сафибар, кидн, атлас, қамқаасыл 
маталарды жайып сальш, қайсысынан көйлек тігейік деп, мата 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет