Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет55/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
91 
қойнынан жұлып əкеткен сиқыршы күшті күндейді. Өзінің баламен бала 
боп, ошақ басында қалғанына күйінеді. Соның есесін күйеуінің соңынан 
қалмай, жарбаңдап, жағынып қайтармақ. Жағынғанда не бітіреді? 
Шұлғау жуып беруден басқа қолынан ештеңе келмейтін кəрі əйел 
Əміршінің көңілін немен тындыра-ды... Жоқ, Əмірші енді оған бəрібір 
жоқ... Ол бəйбіше үйіне күңсіп көп ұрпағым отырған ошақ қой деп, күлін 
сағынып бармаса, неменеге ынтық боп барады. Ал бұның сарайына алыс 
жорықтар мен арпалыс соғыстардың тауқыметінен соң, денім жайылатын, 
көңілім масаттанатын жұмағым, алтын бақты пейішім деп келеді... Рас... 
тап солай... тап солай... оған енді шүбəсі жоқ... Бірақ Əмірші алтын тəжді 
басымен бала жігіт құсап, күні-түні бұның қасынан шықпай қайдан 
отырсын. Дуниенің төрт бұрышы тықыршып хабарын тосқан атақты 
билеуші қарауындағыларға қатарынан екі-үш жыл тыныштық берсе, 
өңшең шуылдақ хан бұрынғы қаһарынан айрылған екен, қатынжанды боп 
төсек күзетіп отырып қалған екен деп масайрамай ма... Соны ойлағанда 
əлдекім жүрегінің басына ине сұғып алғандай болады. Жоқ, ол асыл текті 
ханзада басымен Əміршіні сасық ауыз қара тобырдың əлгіндей табасына 
жем қылып қоя алмайды. Жаңа ғана Əміршінің алыс жорыққа шығатыны 
мəн-мағынасы жоқ құр əншейін азап сияқты көрінген ойының күпірлік 
екеніне көзі енді шындап жеткендей болды. 
Жоқ, ол Əміршісін жорық түгілі бейбіт кезде, Байтақ шаһарға оралған соң 
да, нақсүйері екенмін деп, қасынан шығармай, ұстап отыра алмайды. 
Өйткені мұндағы жұрттың да жатса-тұрса аңдитыны – алтын басты 
билеуші. Оның əр жүрісі, ең азы иегінің əр ишарасы-дүйім елдің көз 
алдында. Ендеше, Əміршінің бала сүйдірген бастас қосағым ғой деп 
анда-санда бəйбішенің ордасына барып тұруы да орынды. Келін бар, 
кепшік бар, əке тағына əлеңкедей жаланып жүрген ұлдары бар, соларға 
қыр қылып, бəйбішесімен сырласқан боп барады. Алыс жорыққа да сол 
үшін ала кетеді. Бəйбішемен оқтын-оқтын ақылдасқан да болады. Бірақ 
онысы көлде-нең көзге перде ғып тұтқан құр мезірет қана. Əйтпесе 
қызымен құрдас мұның əр адымын санап, тұлынын тұтып отыратын сол 
немеден қайбір ақыл шығып жарытады дейсің. Кіп-кішкентай қуыс 
көкірекке күндестік пен кейуаналық бірдей сияр ма? Дегенмен ол екеуі 
оңаша сөйлескенде бір-біріне не айтады екен? 
Ханым ойынан мүдіріп, қаңтарылып қалады. Өне бойын балбыратып 
бара жатқан жаңағы рақат, жаңағы лəззат аяқ астынан сарқылып 
қалғандай, қапелімде, көзін ашып, басын жастықтан жұлып алғысы келсе 
де, сылаушыларға сыр алдырып алармын деп, көзін тарс жұмған күйі 
сұлық жатып, үзілген ойының ұшығын іздейді. 
Қанша дегенмен, екі егде кісі əңгімелескеннен басқа не бітіреді дейсің? 
Бəйбіше Əміршіні көргенде бұл құсап көмейіндегі сездің бəрі быт-шыт 
шашырап абдырап қалмайтын шығар. 
Анада жорыққа аттанарда Əміршіге жалғыз қалған кездегі басына түсетін 
сартап сағыныш пен зіл батпан мүнды наз қылып айтып көрейін деп еді-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет