Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет64/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
100 
айлары да зырлап өте шықты. Кеше состиып тұратын қып-қызыл мұнара 
əуелі тор-тор ағаш сауыт жамылды. Біраздан соң бал арадай быжынап 
көрінетін жиі-жиі ағаш тор көздерінің ар жағынан көгілдір əшекей де 
қылаң берді. 
Енді ханым нөкерін ертіп, күн ұзаққа бақты аралап, күннен-күнге өңі 
өзгеріп келе жатқан мұнараны қызықтайтын болды. 
Мұнара əуелі кегіс тартты. Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен 
астасып кеткендей. Анау тор-тор ағаш кездердің арасында қыбыр-қыбыр 
қимылдап жүрген құйттай адамдар тас мұнараға емес, аспанның өзіне 
əлдеқандай өрнек салып жатқандай; аспан мен мұнараның ара-жігін 
ажыратып алғысыз. Ханым соның өзіне қанша масаттанды десеңізші. 
Сонау көк аспанның баурына жармасып қыбырлап жүрген кішкене 
адамдар бұл таңертең тесегінен тұра салып, терезенің алдына келген 
сайын тосын бір сиқыр ойлап табады. 
Көк мұнара күн сайын қырық құбылады. Əуелі күні кеше қожырайып 
тұратын қып-қызыл тас діңгектің орнына аспанды тіреп тұрғандай жып-
жылмағай, жіп-жіңішке көк сырық шыға келіп еді, енді ол бірте-бірте 
сөзбен айтып жеткізе алмас, тек көз ғана түгел түйсіге алатын сиқыр 
көрікке ие бопты. Ханым оны өзіне етене таныс бір нəрсеге ұқсататын 
тəрізді. Бірақ дəл неге ұқсайтынын есіне түсіре алмады. Көп ұзамай 
мұнараның əлдекімнің аспандата көтерген əсем білегіне келетінін 
байқады; шебер бұның алыс жорықтағы хан иеге жер түбінен қол 
бұлғардай тағатсыз сағынышын тап басып, дəл бейнелегеніне қайран 
қалды. 
Көк тіреп тұрған мұнара кейде оған жер төсінің ең бір шипалы сөлі мен 
нəрінен жаралып, көк бойлап өсіп келе жатқан майса құрақтай көктемнің 
сылап-сипап есетін майда самалына болар-болмас тербеліп тұрғандай 
көрінеді. 
Ханым ондайда сонау көз ұшындағы көк діңгекті бір түрлі аяп кетеді. Бұл 
өлкенің көктем мен күзде екілене есетін аңызағы мен аспанынан от 
шашырған шыжғырма шілдесі осы бір нəп-нəзік сүйкімді өсімдікті ертең-
ақ солдырып тастайтындай. 
Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас 
сəбидей мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, 
жайнақтап шыға келеді. Бірде терезенің алдынан ет жүрегіңді елжіретіп, 
үн-түнсіз телміріп тұрып алса, артынша-ақ төбесімен көк тіреп аспандап 
шыға келеді. 
Ханым тас мұнараның көрген жанның көңілін қырык, саққа жүгіртіп, 
қайран қалдыратындай не сиқыры бар екенін қанша қараса да, біле 
алмай-ақ қойды. Бəрінен бұрын шебердің көрер көзге бітіп тұрған 
мұнараның ұшар басында əлі күнге күйбеңдеп неге жүріп алғанына 
түсінбей дал болды. Шебер мұнараның ұшар басының баққа қарайтын 
жағын қалап бітірмей кетитіп қойыпты. Ханым бұрын сонау тас діңгектің 
ұшар басындағы қыбыр-қыбыр қимылдап жүретін кісіден түк айылын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет