Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
108
қуаныш табы түр. Ханым басымен бұл əлі күнге бастан кешіп көрмеген
ерекше қуаныш. Өзіңе өліп-өшіп ғашық болған жанның ағынан жарылып
ағыл-тегіл пейіліне армансыз кенелген қай əйелдің басында да өмірінде
болса бір-ақ рет болатын, болмаса атымен болмай өтетін аса сирек
қуаныш. Ондай бақыт маңдайына жазылғандар да бар, жазылмағандарда
бар. Бұл өзі соның қайсысына жатады? Бұндай бақыт енді оған екі
айналып келе ме, жоқ па... Жалпы ондай бақыттың екі айналып келуі
мүмкін бе өзі... Міне, бұл өзіне еншіленген əлгіндей бақытты өз қолынан
басқа əйелге беріп жіберді. Анада шебер жігіттің дəмесін анық аңғарған
күні күтуші кемпір екеуі əрі ақылдасып, бері ақылдасып, оны
ренжітпеудің амалын тапқанды. Мұнара басына ханымның киіміндей
киім киіндіріп, оған ұқсайтын нөкер қыздардың бірін жібермекші болған-
ды. Сонда күтуші кемпірдің нөкер қыздардың ішінен таңдап əкелгені осы
қызды; енді, міне, ол өзгеге тиесілі махаббатты емес, өзіне еншіленген
бақытты қызықтап келген адамша, ыстығы өне бойынан əлі аласталып
бітпеген, жаңағы бір жас құшақтың буына балқып, бал-бұл жай-нап
алдында отыр.
Ханым ішін тырнап бара жатқан өкінішті əйел адамның қай-қайсысында
да болады деп еститін орынсыз əлсіздікке жорып, сабырға тұншықтырып
бақты. Күтуші кемпір мен екеуінен басқа ешкім білмейтін осы бір құпияны
ойға алмауға, тез ұмытуға тырысты. Ертеңіне мұнара басындағы кетіктің
бітелгенін көргенде өз жүрегіндегі құлазып тұрған əлдебір олқы
жойылғандай сезінгенді, кешегі өкініштің орнын шым-шымдап қуаныш
толтыра бастағанын байқағанды. Хан келіп, мұнараны көріп, мақтапты
дегенді естігенде сол бір өкінішті өкініш аты-мен естен шыққан-ды. Енді,
міне, аяқ астынан қайтадан сап ете қалды. Бəрі де мынау Əміршінің аяқ
ізін салмағанынан туған қаяу көңілден болар. Қаяу көңіл де бір, күл
тіміскілеген бұралқы күшік те бір, қайдағы жоқты тауып алады.
Əйтпесе, бұл алтын басты Əмірші құшағында жатып, əлдеқайдан лəззат
іздейтін төмен кəнизак емес, асыл сүйек ханша емес пе!
Кінəмшіл көңіл осы бір ойдың тұсында тағы да тұсалып қалды. «Алтын
басты Əміршінің құшағында жатып...» осы бір сөз ойына қайта
оралғанда, езуіне кекесін жүгірді. Құшаққа жатып қарық боп жүр еді.
Түн баласы табалдырығынан аттамаса да, құшағында жатқан болып
телінеді. Өзін-өзі алдарқатқан бір дүние. Əйтпесе, міне, төсегі жамбасын
шағып, дөңбекшумен өткеніне əлденеше түн болды. Бүйткен өмірде не
қызық бар? Сан жылдар бойы сарылып күткендегі көрем дегені осы ма
еді? Өліп-өшіп сүйгендегі тапқан шапағаты ма бұл? Бəйбіше құсап
қазына
жимай,
қолындағысының
бəрін
шашып,
көк
мұнара
салдырғандағы көңілін тапқаны осы ма? Бəрі де əншейін алданыш қана...
Мынау қу бас жалғыздықтың алдындағы қорқыныш тудырған бос
сандырақ. Кез келген кеудесінде жаны бар мақұлқаттың бəріне тиесілі
жұптық өмір бұған бұйырмағаны. Бұл тек өзін-өзі алдарқатумен жүр. Ақ
некелі қосағының мүсіркегенін қимастыққа, махаббатқа жориды. Жарық
|