Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет66/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
102 
ойлағанындай боп шықпай жүр, соның жолын тапқан күні құрылысты 
аяқтаймыз», – деп уəде қылды. 
Ханым сарайға қайтып келе жатып та, күйменің терезесінен көзін 
алмады; тас мұнара алыстай түскен сайын əлгі бір сылқым 
тəкаппарлығынан айрылып, қайтадан мөлдіреп қоя берді. 
Ханым өз бөлмесіне кіріп, терезеге қарап еді – күндегісінше жаудырай 
қарап тұрған монтаны көк мұнараны көрді. 
Ханым енді бұның тегін еместігіне біржола ден қойды. 
Шебер, əрине, бұның көкейіндегі жорықта жүрген Ұлы əміршіге деген 
өзінің қаяусыз махаббатын, тұңғиық сағынышын бейнелейтін мұнара 
тұрғызғысы келген ойын дəл түсінген. Алыстан аяныш шақыратындай 
қып мұнараны мұңға бөктіріп қойғаны да соның айғағы. Сонау жер 
түбінен қарағанда ол бəлкім «асыға гөр, тезірек жете гөр» деп жалынып-
жалбарынып тұрғандай көрінетін шығар. Ал бірақ жақындаған сайын 
шалқақтай түсетіні несі? Шебер бұнысымен Əміршінің ашуына тиіп алмас 
па екен? Қаншама сағынып келген күнде де, өзіне арнап салдырған 
мұнараның əлгіндей шекелей қараған астамшылығы оған ұнай қояр ма? 
Оның үстіне бұл сарайдың ішінен қарағанда, ол неге осынша тұнжырап 
тұрады? Қайта мүннан қарағанда, көк мұнара сағынышын басып, 
жорықтан оралған Əміршімен аман-есен қауышқан ханымның қуанышты 
көңіліндей жадырап тұруға тиісті емес пе? 
Көк тастан тамшылатып жас аққызбағаннан басқаның бəрі қолынан 
келген шебер мұны неғып аңғармаған? Əрине, шебердің мұнысында бір 
сыр бар. Шебердің сол бір бұқпантай сырын бұдан бұрын көлденең 
көз, былайғы жұрт біліп қойса, қайтпекші? 
Ханым күтуші кемпірге айтып, базардағы жұрт жаңа бітіп тұрған мұнара 
жайында не айтып жатыр екен, біліп келсінші деп, астыртын адамдар 
жіберіп, тың тыңдатып еді, халық жорықтағы падишаның алдынан 
мынандай мұнара салдыртқан ханымның кемел ақылы мен салған 
шебердің асқан өнеріне таңдайларын қаққаннан басқа əлі ештеңе аңғара 
қоймапты. 
Ханым жансыздардың бұл хабарына көңілі біржола көншімегенмен де, 
қайдағы-жайдағыға мəн беріп құр бекерге қуыстанғанына өз-өзінен 
ыңғайсызданып қалды. 
Көлденең көзден қысылатындай ештеңе жоқ. Шаһардағы жұрт мұнарадан 
ханымның жорықтағы жарына деген кіршіксіз сезімін көреді. Əмірші 
əуелі жарының өзіне деген шексіз сағынышын аңғарса, мұнараға жақын 
келгенде ханым махаббатының жарық жалғанды қабағына қаратқан 
Əміршіден басқа ешкімді көзге ілмейтін асқақтығына көзі жетеді. 
Жап-жас шебер бұның көңілін айтпай біліп, айнытпай бейнелеген; Ұлы 
Əмірші бұл салдырған мұнарадан еш мін таба алмайды. Тек тезірек келсе 
екен сол күн? Ол күні пейіштің ақ құсындай боп Əмірші иенің асқар ала 
көңілінің ең шырқау биігіне аспандап бір шығар еді. Күндесі де 
қызғаныштан басқа, айтар ештеңе таба алмай дымы құрыр еді. Ол неменің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет