Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
111
соң бұдан торығар деп ойлап еді. Торықпағаны ғой. Қызметші қызды
бекер жіберген екен. Одан қайта үмітін үздіріп, басымен садаға қып
қоятындай амал ойлап таппаған екен. Енді, міне, сарайға еніпті. Қазір
күтуші кемпір кіріп келсе қайт-пекші... Мынасымен өзінің басын жұтып
қана тынбай, мұның да абыройын айрандай төгеді ғой.
Ханым оспадарсыз жігітке əлдене деп зекіргісі, осы қазір қуып шыққысы
келеді, бірақ əлдекім кемейін тығындап қойғандай үні шықпайды... Бірақ
шебер бұның жүзінен ашу аңғарғандай, мұның төсегіне өңмеңдеп келіп
қалған жерінен шегіншектеп, есікке қарай беттеді. Мөлдіреген жанары
қорқып кеткен сəбидей шарасынан шығып барады. Бұл оны аяп кетті.
Есікке барып қалған жерінен: «Кетпе, кел», – деп ымдады.
Бейсаубат қонақ бұның қай əміріне құлақ асарын білмей есік алдында
абдырап тұрып қалды. Бұл оған қолын созып қайта шақырды. Ол сенер-
сенбесін біле алмай, жасқаншақтай басып, қайта жақындап келеді. Бұл
енді ол қашан қасына жақындап келгенше шыдамы жетпей тыпырши
тосты. Жас жігіт жасқана басып, төсегінің қасына келді. Бұл оның
таңырқай қараған жанарынан көзін айырмай күтіп жатыр. Жігіт
жақындап келеді. Міне, төсегіне де жетті. Көрпесіне қолы тигендей болды.
Бір-бірінен қысылғандай, екеуі де аңтарылып қалды. Кенет бұның
көңіліне қорқыныш кірді. Дəл қазір, дəл осы бір сəтті өткізіп алса, мынау
көз алдында мөлдіреп тұрған нəресте жанардан, батылсыз балғын бала
жігіттен біржола айырылып қалатындай көрінді. Ол оған қымсына қол
созды.
Бауыры от құшақтағандай өртеніп барады. Ол төсегіне батылсыз енген
жас жігіттің мойнына оратыла кетті. Бұның баяғыдан бергі сарылып
күткен ыстық іңкəрі басқа ешкім де, ештеңе де емес, тек осы ғана.
Бауырына кіріп еріп бара жатқан осы бір өндір бала жігіт қана... Енді
бұларды ешкім де ажырата алмайды. Енді оны құшағынан өмір бақи
шығармайды. Ол қасындағы бөгде денені темір құрсауындай сыға түсті,
өзі де сығымдалып оның бауырына кіріп барады. Екеуінің бойындағы қан
араласып, бірге ағып жатқандай; екі дене бір денеге, жаңа ғана бір-біріне
үнсіз телмірген екі адам бір адамға айналып кеткендей. Екеуі де бұрынғы
екі дара күнді атымен талақ етіп, енді ол күйге өмір бақи қайта
оралғылары келмейтіндей.
Ханым өне бойын билеп алып бара жатқан, бұрын-соңды бастан
кешіріп кермеген бір алапат құштарлықтың ырқына біржола берілді.
Оның болат серіппедей шиыршық атқан қос білегі, бауырындағы бала
жігіттің балғын денесін біржолата үн қылып үгіп жіберердей, сығымдай
берді, сығымдай берді... Осы бір сəт тым ұзаққа, тіпті енді қалған
ғұмырына түгел созылса екен... Кенет сүйек-сүйегінің бəрі түгел еріп бара
жатты да, болат серіппедей ширыққан темір тегеуріннен айрылды да
қалды...
Ханым талма соққандай əлденеге сүлдері құрып, ұзақ жатты. Жаңа ғана
оттай жанып жатқан омырау тұсы бір түрлі мұздап барады. Көзін ашып
|