Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет76/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
112 
алды. Бөлмесінің іші ұян жұмсақ жарыққа толы. Көзін сипап қайта қарап 
еді-маңайында ешкім жоқ... Түу алыста көз ұшында алтын шайған ауыр 
есік солғын жылтырайды. 
Ханым əлденеге алабұртып, терезе жақты, қақ ортадағы хауыздың 
маңын, бұрыш-бұрышты қайта бір шолып шықты. Ешкім керінбеді. 
Ханым көкірегінің үстіндегі əбден мыж-мыжы шығып шиыршықталып 
қалған құс мамық көрпені енді аңғарды. Өз көзіне өзі сенбей жатты-жатты 
да құдды бір омырауында жорғалап келе жатқан жыланды көзі шалып 
қалғандай, оқыс ширығып, мыж-мыж көрпені аяғымен серпіп жіберді. 
Өне бойын қайтадан темір құрсаудай сыға түскен ащы ыза ақырында 
көзінен жас боп ытқыды. Екі көзден ыршып-ыршып шыққан ыстық 
тамшылар омырауын малмандай су ғып тастады. Бірақ көзін сүртпеді. Сол 
бір шоқ тамшылар неғұрлым көбірек шыққан сайын көкірегін ертеп 
бара жатқан тымырсық зіл де жеңілейе түскендей. 
Ханым екі иығы селкілдеп, ұзақ жылады. Біраздан соң басы қаңғырып 
ауыра бастады. Енді көзін ілмеді. Көкірек тұсы тызылдап барады... 
Омырауына жиылып қалған ащы жас көкірегін у боп күйдіріп ойып 
түсірердей... 
Таң атқанша көз ілмеді. Пəлен күннен бергі, тіпті пəлен жылдан бергі 
ойын ойран қылып жүрген жұмбақ құсаның сырына сол күні түсінді. 
Бақытсыздығын батылы жетіп сол күні ғана мойындады. Өзінің бағы 
ашылма-ғанына, күллі өмірі осынау қуыс кеуде құса тіршілікпен 
өтетініне, сол күні əлгі бір ойда жоқ түстен соң ғана əбден көзі жетті. 
Ертеңіне таң атар-атпастан ауыр есікті айқара ашып, қызметші кемпір 
көрінді, оның ізін ала бере баяғыша мəз-мейрам көп қызметшілер кірді. 
Олар жүгіріп келіп, бұны қоршай алды. Бұл олардың мынандай қағанағы 
қарқ, сағанағы сарқ мəз-мейрам қалыптарына қайран қалды, ал олар əз 
ханымдарының керден шығып тұрғандай ебіл-себіл дидарына ездері 
бұрын-соңды көріп көрмеген сұп-сұр, сұлық кейпіне, қос жанарын 
жайлап алған тұңғиық бақытсыздыққа, төңірегінен мүсіркеуден басқа 
ештеңе күтпеген мүсəпір халіне айран-асыр. Күтуші кемпір қызметші 
қыздарды ымдап бөлмеден щытарып жіберді де, алдында құр сүлдері ғана 
тұрған бейшара əйелді бауырына басып, шашынан сипап: 
- Апырай-ай, Ұлы Əміршім бірдеңе деді ме, өңіңіз қашып кетіпті ғой. 
Бəсе, ол түнде сіздің бөлмеңізден бір түрлі қату шығып еді... Сонша не 
боп қалды екен? – деп күбірледі. 
Ханым оның жүзіне мынау не айтып түр дегендей есеңгірей қарады... 
- Əмірші ием дейсіз бе... Ол мұнда кіріп пе еді... 
-Иə... Түнде келіп еді ғой... Бірақ көп кідірмей шығып кетті. 
Ханым бұны естігенде төсегіне құлап түсті. Шошып кеткен күтуші кемпір 
ханымның қан-сөлсіз жүзіне үңіліп, талып жатқанын аңғарды... 
Содан ханым түсте барып есін жиды. Қасында отырған қызметші 
кемпірден енді қайтып ештеңе сұраған жоқ. Ол да бұған тіл қатуға батылы 
бармай жүзіне жаутаң-жаутаң қарай берді... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет