Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
44
Сəукеленің өзге салтанаты аз болғандай, оның қақ ұшар басына Əмірші
тəжінің төбесіндей алтын төбелдірік орнатылыпты. Оның қақ
ортасында бадана-дай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ боп жанып жа-
тыр.
Төбелдіріктің төбесіне үкі қондырылған. Оның ұзын майса қауырсындары
ханымның екі құлағына жеткенше екі айырылып төгіліп түр.
Ханым əр аттаған сайын басындағы ауыр сəукеле бұлғалаңдап, əр
бағытқа ауып-ауып түседі. Жан-жағынан бірнеше əйел қолымен демеп
келеді.
Бəйбішенің мөлт қара шашы екі иығынан төгіле құлапты.
Ханымға жүз əйел нөкер еріпті.
Осынша ұзын-шұбақ шеруді хан əйелдерін күзететін бір топ азбан құл
бастапты. Олар адымдарынан жер ойылатындай-ақ, маң-маң басып,
маңғаздана қалыпты, ханымға құрмет көрсетіп, тағзым етіп, бастарын иіп
тұрған қалың қауымға танауларын көтеріп кісімсіне қарайды.
Ханым Əміршіден сəл кейінірек барып отырды.
Бəйбіше енді жайғасып бола бергенде, екінші жақ қоршаудан жүз əйел
нөкерімен Кіші ханым көрінді. Оның да .салтанаты бəйбішенің
салтанатынан бір кем емес. Ол бəйбішеден сəл төменірек жайғасты.
Екеуінен кейін Əміршінің жеті келіні кеп қастарынан орын алды.
Əмірші отырған жақ үкілері бұлғаңдаған аруларға толып, құдды бір
пейіштің тəріндей елден ерек көрікке бөленді.
Жаппар арулардың ақ жүзі, лағыл, меруерт, алтын, зер атлас, жібек ию-
қию араласып, сан алуан бояу аймаласқан сол бір тұстан көзін ала
алмады.
Ханымдар əбден жайғасып болған соң, шарап пен қымыз əкелінді. Қолына
ұзын ақ шəйі сүлгі ұстаған ханзадалар шықты, оларға ілесе кішкене
алтын тостағандар салынған алтын табақша көтеріп, қызметші жігіттер
көрінді. Жолдың қақ ортасына жеткенде ханзадалар оң тізелерін бүгіп
тағзым етті. Сосын қызметшілер ұсынған табақшадағы тостағанды
қолдарындағы шəйі сүлгімен қусыра ұстап, ханымдардың алдына барып
тағы да жер тізерлеп тағзым етіп, сусын ұсынды. Ханымдар тостаған-ды
қолдарына алған бойда, ханзадалар бір адым кейін шегініп, сусын ішіліп
болғанша, жер тізерлеген қалыптары міз бақпай күтіп отырды. Ханымдар
сусын ішіп болған соң, бос тостағандарды сүлгімен алып, тағы да
тізелерін бүгіп тағзым етеді де, сыртын бермей, шегін-шектеген
қалыптары шатырдан шығып кетеді.
Алпыс шебер орналасқан босаға тұстағы меймандарға екеу-екеуіне бір-бір
қызметшіден шарап құйып тұрды. Əмірші сарқытын сарқып ішпеуге
ешкімнің де қақысы жоқ. Күн бата қонақтар падиша шатыры тұрған
жібек қоршаудан көздері бұлдырап əзер шығып, ойын-сауық қызып
жатқан өз көшелеріне беттеді.
Жұлдыздары жымыңдап жаз түні орнап келеді. Күндізгі қапырық су
сепкендей басылған. Салқын кеште самсаған шатырлардың арасында
|