Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет9/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
45 
тойға жиылған жұрт жаққан алау оттар жарқырайды. От төңірегі ығы-
жығы адам. Сырықтай ұзын кернейлердің кешкі тымық ауаны дал-дал 
жыртқан өткір де ежет даусына дамылсыз соғылған дабыл мен 
тамашашы қара нөпір халықтың ша-рап ішкен шат-шадыман көңіл күйін 
шерткен дутардың, сарнаған қыл қобыздың, күңіренген сырнайдың, 
сызылған сыбызғының сан алуан үні қосылыпты. Біресе бастарында 
тақия, көк ала жібек шапанның белін сарғыш түрме белбеумен қынай 
буған қыпша бел жігіттер сау-сақтарын сытырлатып, ойнақы да отты би 
билесе, енді бірде торғын жібектің үстінде тарам-тарам сансыз 
бұрымдары төгіліп, ақ білегін ақ сазандай ойнақтатып сұлу қыздар бұраң 
қағады. 
Бүйірлі жез шайқазанды ортаға алып, бір-бір ақ құманды дербес 
иемденген топ-топ еркектер бірінің сəзін бірі іліп ала жөнеліп, қарқ-қарқ 
күліп қағытпа сөзге қарық боп жатыр. 
Астына отты аямай ертеген дəу-дəу тай қазандардың қақпағы ашылғанда 
қапысыз бұқтырылған күріш палау-дың иісі кешкі аспанның астын бір өзі 
жайлап, аңқып қоя береді. Жеңін шынтағынан асыра түріп тастаған өңшең 
бір мұрты жылтыраған аспаз еркектердің қолында ойнақ салған тал-тал 
қауаптан астында жайнап жатқан қып-қызыл сексеуіл шоғына шып-шып 
май тамады... Жастың да, кəрінің де мұрттарынан шарап тамшылайды. 
Əсем саз құлағыңа майдай жағып, мұрныңды өңшең бір тəтті иіс 
қытықтайды. 
Ашық аспан астында мыңдаған саржалқын алау асыр салып билеп жүр. 
Ду-ду күлкі... Думан əбден қызып алған. 
Жұрттың бəрі мəз-мейрам... 
Əмірші тойының тұсында адамдардың бір-біріне қоқаңдап қыр көрсетуіне 
тыйым салынған. Той тұсында бола беретін анау-мынау күнə-кемшіннің 
бəрі кешірімді. Тек шеннен шықпаса болғаны. Ал шеннен шыққандар-
дың шаруасы бізбен болсын деп, шатырлардан былайыраққа, оқшау 
төбенің ұр.
Той өткен соң Əмірші жаңа мешітке барып, намазға жығылып, бата алды 
да, батыс жаққа жорыққа аттанды. 
Ол жорыққа аттанған бойда Жаппардың жатқан уйінің қожасы - Ахмет 
бай қызын ұзатты. 
Кеш болса көшедегі арықтың сылдырынан басқа еш-теңе естімейтін 
тыныш көшедегі Ахмет байдың шағын ауласының абыр-сабыр болғанына 
екі аптадан асып ба-рады. Елдің ең алдымен күбінгені де Ахмет байдың өзі-
ді. 
Тамаша десе ішкен асын жерге қоятын саудагер тойға бір апта қалғанда-ақ 
сандықтың түбінде жатқан тойға киетін киімнің бəрін алдырды. Сосын 
айнаның алдына барып ұлы сəскеге дейін отырады да қояды. Əуелі басы-
на сəлде орайды. Былай орайды, айнаға қарайды-келмей тұрған тəрізді, 
олай орайды, айнаға қарайды келмей тұрған тəрізді. 
- Қатын, бері келіп кетші... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет