Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет7/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
43 
қызылды-жасылды жібек байланған, олар он екі жерге өріп тастаған гүл 
алқадай жерге жеткенше күлтеленіп төгіліп түр. Осындай абажа 
шатырдың əр бұрышынан қақ ортаға созылған, əрқайсысының басында 
айдың суреті салынған төрт ұзын бақан бір-бірімен айқұшақ қауып 
байласыпты да, соларды тіреу қып үстіне шағын мұнара орнатылыпты. 
Шатырдың ішкі жағына шыр айналдыра зер төккен қызыл мауыты 
ұсталыпты. Күмбез басталатын жердегі төрт керегенің төрт бұрышына 
қанатын қомдап үшқалы отырған қыран бейнеленіпті. Əмірші шатырының 
қасына он бір ханымның отаулары тігіліпті. Олардың əрқайсысы бөлек-
бөлек жібек қоршаумен қоршалыпты. Ортадағы бұл он екі қоршаудың 
ара-арасынан бір-біріне қатысып тұратын жол қалдырылған. Тақ иесі мен 
ханымдар түскен он екі шатырдың сыртынан шырқ айналдыра ортақ 
қоршау ұсталған: оның сыртынан жағалай шарап құйылған емен күбілер 
тізіліп түр. 
Атты жасақ он екі орданы күні-түні міз бақпай күзетеді. Оларға бас 
уəзірдің рұқсатынсыз ешкім жіберілмейді. Қадірлі қонақтардың алдында 
сақшылар күнге жалтылдап лыпылдап тұрған суық найзаларын төмен 
түсіріп, тағзым етеді. 
Сол қыл шашағы топыраққа былғанып, жер сүзіп жатқан сұсты 
найзалардың арасынан Жаппар да ішке өтті. Əмірші оны да тойдың 
алғашқы күні өз шатырына шақырып шараппен сыйламақ. 
Зəулім шатырдың қақ ортасында алтын тақ қойылып, одан əрі Əмірші 
əулетіне сатысаты биік сəкі орнатылып-ты. 
Сырттан келетін қонақтар орын-орнына жайғасып болған соң, есіктен 
ылдырмақ-шылдырмақ арқалаған сайқымазақтар атып-атып кірді. Олар 
дəл хан тақыт алдына барып Ұлы Əмірші соңғы жорығында жеңіп 
қайтқан падишаларды əжуалайтын ойын көрсетті. 
Шатырдағы қонақтар сайқымазақтардың ыржалаңына қосыла күлуге 
Əміршіден айбынды, Əмірші жұртқа сыр алдырғысы келмей, күле 
алмады, сайқымазақтардың өздері ғана мəз-мейрам боп жүрді. 
Ойын біткенде қазына бастығы сайқымазақтардың бастығына табақшаға 
салып зер қалта ұсынды. 
Сайқымазақтар бастарын жерге жеткізе иіп тағзым еткен қалыптары 
есікке қарай жылыстай берді. 
Олардың опыр-топыр есіктен шыға беруі-ақ мұң екен, көрші қоршаудан 
бəйбіше көрінді. Ол үстіне түгел көміп тұратын зер шайып, кестелеген 
қызыл көйлек киіпті. Оның сүйретілген ұзын етегін он бес əйел көтеріп 
келеді. 
Ханымның əбден қапысыз опалап-сүрмеленген беті қағаздай аппақ. 
Оның үстіне, бет-аузын төгілген ақ селдір пердемен қымтап алыпты. 
Басына əне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара іспетті биік сəукеле 
киіпті. Оның салпыншақ қызыл мауыты етегі екі иығын жауып тұр. 
Мойнына əр жер-əр жеріне лағыл мен меруертті алма-кезектестіріп, көз 
қа-даған алтын алқа тағыпты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет