Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет84/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
120 
тəрдің басынан аттап өтпек, мына бассыздық та, шамасы, содан өрбіген. 
Бұл əлгі шариғатта көп айтылған ібіліс əзəзілдің қайда жүретінін ақи-
тақи анық білмейді. Алайда бұған сол пəленің қай-қайсысының да 
жүрегін жаңғыз мекені адамның көңілі ғана сияқтанады да тұрады. 
Көңіл итке көз бен сөзден өтімді не бар?! Соны ойлағанда Əмірші 
əлденеге өз-өзінен ауырлап сала берді. Көп уақытқа дейін жаңа ғана жас 
жігіт шығып кеткен тарс жабық есіктен көз айырмай қадалды да отырды. 
Ол өзі шығып кеткенмен нұр жайнаған екі көзін осында тастап кеткендей. 
Енді, міне, сол екі жанар көзге көрінбей екі босағадан бұл қайтер екен 
деп, əр қимылын міз бақпай аңдып тұрған секілді. 
Ол айналасына көз жүгіртіп еді, назарына ештеңе ілікпейді. Əлгі бір 
жаудыраған монтаны екі кез ғайып болған есікке арқасын беруге бір 
түрлі батылы бармай, шегіншектеп, сылдыр-сылдыр су атып жатқан 
шытыра хауыздың қасына барып отырды. Көкірегіне темір тікен боп 
қадалып қалған екі мөлтең жанардан ңайтып құтыларын білмеді. Сол бір 
желімше жабысып алған немелер енді өмір-бақи бұның қыр соңынан 
қалмайтындай. Одан қайткенде құтыла алады... Бəлкім, жас шеберді 
алғаш кергенде ханым да тап осылай сенделген шығар. О да өкшелеп қыр 
соңынан қалмаған жымысқы екі жанардан қалай құтыларын білмей 
аласұрған шығар. Бірақ əйел пақыр аласұрғанда не тындырады. Соңынан 
қалмағанды омақастырар қайрат онда жоқ. Ұрғашының қашанғы қайраны 
біреу-ақ. Еркек басын беріп құтылатын жерден əйел намысын тонатып 
құтылады... 
Жарайды... Ал енді бұған қайтпек керек? Қарсы келгенді оңдырмайтын 
қаһарлы падиша мұндайда не істегені жөн? 
Əміршінің қарап отырып тізгіннен айрылып, айдалаға лағып бара 
жатқан сергелдең ойы осы арада бір серпілді. Езуіне кекесін жүгірді. 
Əрине, құртып тынады. Ондай бөгденің ңызылына сұғынған қомағай 
кезге құм құяды. 
Əмірші көңілі бұл тұжырымын да кенеу тұтпай түр. Сонда падиша 
басымен алдына жаутаңдап келген монтаны жанарға қайтып қылыш 
жұмсамақ! Айбат шегіп келетін ата дұшпаннан айналып кетпессің бе?! 
Оқша атыла қараған ала көзді құртып тынбағанда қайтпексің! 
Өнменіңнен өте қараған өшпенді көз сені де қаныңа қарайтып, жүйке-
жүйкеңді су тиген қыл арқандай ширықтыра түспей ме? Шықшытыңа құм 
толтырып қойғандай тісің шықырлап, өн бойдағы өжет қан бірден 
шекеңе шапшып, шымырлап шыға келмей ме? Ол қашан өзгенің қаны 
судай аққанда барып, арнасына түспеуші ме еді! Ондайда өшпендіңнің 
кеңірдегінен шүмектеп аққан қара қан жүрегіңді Қап тауындай айқара 
басып жатып алған қапырық сезімді бір-ақ серпіп, көзің шырадай жанып 
қоя береді. Ал именшек басқа қылышың тисе, атаңның аппақ сақалынан 
да қасиетті ақ алмаспен қотыр есектің құйрығын күзегендей масқара емес 
пе! Ондай пақырына біреудің төгілген қанын көргенде кездейсоқта 
көлбақа басып кеткендей тыжырынбассың ба? Əлгі неменін алақандай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет