Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
133
қоймады. Саудасымен болып жатқан дағара бас алыпсатарлардың
жылтыраған сақал-мұрттарының əр қимылын аңдып, іштерінде қандай ит
өліп жатқандарын біле алмай дал болды. Енді олар саудасы жүріңкіремей,
дүкендеріне көп адам келіп-кететіндерді тек базар ішінде емес, үйлерінің
маңынан да аңдитынды шығарды. Махалла-махаллаларда қаңғырма
дəруіштер, қайдағы бір ақсақ-тоқсақ қайыршылар көбейіп кетті. Бір топ
жансыз баяғыда үйіне мұнараны салған ортөбелік шебер жігіт тұрған
судагерді айналдырып көріп еді, ол неме де хабарға жарытпады. Сол
баяғысынша кімді əскияда жеңгенін, кімнің беденесіне бəс тіккенін айтып
лепіргеннен басқа оның аузынан да жартымды ештеңе шықпады. Тек бір
рет: «Мұнараны салған шебердің əкесі де баяғыда дəл осылай қуғынға
ұшырап, қашып кеткен-ді. Содан араға жиырма жыл салып, баласын
Байтақ шаһарға əкеліп, мешіт салып жатқандардың арасына қызметке
орналастырып, кексау аурудан өліп қалды. Көрерсіңдер, баласы да
сөйтеді. Бұның үйінде тастап кеткен дүниесі бар, соған ақыр түбі бір
келеді»,– деп мақтаныпты. Жансыздардың бастығы оның соңына енді
мықтап түсті. Бір күні жансызын əскияға жіберіп, əлгі мылжыңмен
айтыстырып көріп еді, қызып алған неме, талай-талай сандырақты
көкігенмен, ханым мен шебердің арасына килігетіндей ештеңе айтпады.
Əміршіге шаһар халқының дəл мынандай ауыздарына сақ бола
қалғандары үнамады. Оның сырына түсіне алмай, талай таңды көзінен
атырды. Өз тілдерін өздері жұтып қойғандай меңіреулене қалған көп
шуылдақты қайтадан қайтып дуылдатарын біле алмай дал болды. Ертелі-
кеш ерсілі-қарсылы сенделе-сенделе жіліншегі үзіліп кете жаздайды.
Абажадай кең бөлмедегі əрбір тозаңды жатқа білетіндей болды. Енді оның
ішінен қаңғыма ойына ілесіп айдалаға лағумен болатын кезбе жанарын
бірауық тоқтататындай да ештеңе таба алмады. Қайта-қайта терезе
алдына келеді. Терезе алдына келсе, ішіне шоқ түсіп кеткендей байыз
таба алмай жүрген мұны үнсіз табалап тұрған кек мұнараны көреді. Кек
мұнара басы қатқан падишаны əжуалағандай күлім-күлім етеді.
Кейде сол күлімдеп тұрған көк мұнараға көзі түсетін көп шуылдақтың бəрі
де сыртынан бұған миықтарынан күліп тұрғандай көрініп кетеді. Мына
күлімдеп тұрған əзəзіл мұнараны көрген есі дұрыс адамның ештеңе
ұқпауы, ұқса, мұны əжуа қылмауы еш мүмкін емес. Ендеше мы-нау көк
мұнараны құртып тынуы, сүйтіп жұрттың езуіндегі жымысқы күлкіні
көмірге айналдыруы керек. Əйтпесе ол мынау жан алғыштай жалаңдап
қыр соңынан қалмай қойған қияңқы мысқылдан құтыла алмайды.
Əркімнің жүрегіне қонақтап алған əзəзіл табаны сүйтіп аластағаны жөн.
Енді жазыла бастаған жон арқасы кенет қайта құрысып қалады. Бұл ханым
тұрғызған кек мұнараны өз қолымен қиратқызса, ел көңіліне қонақтаған
əлгі бір сұмпайы лақапты өзі растап шықпай ма? Біреуден біреу естіп,
анықтанығына
көздері
жетпеген
соң,
пұшайман
болып
жүрген
күмəндарын біржола шындыққа айналдырып, басына төніп тұрған
масқара бұлтын өз қолынан қоюлатып алмай ма?
|