Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
131
пенденің қай-қайсысына да тиесілі кəдімгі пенделік бақытты, пенделік
қызықты аңсағаны ғой. Жұмыр басты пенденің қыл-қыбыры аралас
қарапайым қызығының жолында тəж бен тақты да құрбандыққа шалуға
пейіл болғаны ғой. Алтын менен асылға толы сарайдан не керектің бəрін
тапқанмен сол бақытты таба алмай, аласұрған болды ғой. Кіші ханым
аңсаған əлгі пенделік бақыт мұның өзінде бар ма осы? Тақтың барын
біледі, тəждің барын біледі, атақтың, даңқтың, дəулеттің, биліктің барыи
біледі. Бірақ бақытқа келгенде өзінің де тілі күрмеліп қалмай ма?
Ызғындай ұрпақ, мол ырыстың ортасында отырып, айдалада жалғыз
қалғандай, айналасы құлазып тұрса, мұның несі бақыт! Өзге түгілі өз
үйінде астына ине шаншып қойғандай, жан-жағынан сезік аңдып,
алақтап отыратын болса, несі бақыт? Өзге еркектер еркін кіріп, еркін
шығатын өлең төсегіне жұрт көзінен ұрланып кіріп, ұрланып шығатын
болса, ол не қылған бақыт? Елді аузыма қараттым деп жүргенде, ертең
жұрт не дер екен деп жаны тырнағының ұшында тызығып отырса, ондай
да бақыт болар ма? Пенде біткеннің бəрінен жоғары тұру жалғыз құдайға
жарасқан дейді ғой. Адамға біткен астам даңқ, астам күш, астам өкімет,
астам дəулет, астам енер, түптеп келгенде, бəрі де бақыт емес, сор шығар.
Айдай əлемді аузына қаратқан бұл түгілі, мұнара салып, бір шаһардың
халқының кезіне түскен əлгі шебер жігіттің көрген күні мынау емес пе?!
Түптеп келгенде, бұл үшеуінің күні күн емес. Басқа жұрт, ең болмағанда,
дау-далабасын, іштерін кернеп бара жатқан құсаларын айтып, шер
тарқататын кісі табады ғой. Бұл үшеуінде о да жоқ.
Егер осындай хал өздерінің емес, басқа біреулердің басында болып, бұдан
билік сұрап келсе, үшеуін де жазғырып, жазаға тарта алмас еді. Ал бұл
жолы ол кесімін айта алмайды, ол кешірімін жасай алмайды. Өйткені,
үшеуі де бейшара, үшеуі де бір-бірінің мейіріміне телмірген қайыршы.
Өңпіең бейшара бір-біріне не кəмек көрсете алады, еңшең ңайыршы бір-
біріне қайыр беріп не қарқ қылады? Ендеше бұның жас шебер жайындағы
ел айтып жүрген лақапты расқа айналдырып тынам деуі əбден дұрыс.
Шындап келгенде алтын саусақ шебердің жендеті бұл емес, көрмей-
білмей сырттан тон пішіп, қор кекіректерінен шыққан күңірсік
өсектеріне əздері де сеніп, өзгелерді де сендіріп жүретін əлгі еңшең
шуылдақ қара тобыр. Шебер де, ханым да, бү да – солардың сілімтік
көздері мен пыш-пыш сөздерінің құрбандары. Егер бұл бір-біріне іңкəр
боп, өліп-өшіп жүрген екі мұңлықтың тілеулерін берсе, ең алдымен сол
кəп шуылдақ шулап шығар еді. Мұның атарға оғы жоқ дұшпандарының
өздері мұны сол сасық ауыз көп шуылдақтың айтып жүргенін бетіне
басып табалар еді. Қайдағы пəлені бастап жүретін де солар, бұған ең азы
күнəкар шеберге кесілер үкімді де солар айтып беріп отырған жоқ па?
Ендеше сол немелер дегендеріне жетіп тынсын. Сөйтіп өздерінің
бауырынан шыққанды өздерінің аузынан шыққанға жем қыла берсін! Өз
лақаптарына ездері адаса берсін! Əйтеуір мұның сүйегіне дақ түсіргелі
тұрған масқараны білмесе, көрмесе болды. Ендеше сол көкіме тобыр əлгі
|