Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
134
Ол қайтадан амалы таусылып, кеміріліп бара жатқан екі шекесін қолымен
мытып ұстап, шөгіп отыра кетеді. Солай алсал отырады да, бір уақыттарда
қарғып тұрады. Жаңа ғана амалсыздықтан күлгін қоламтадай бозарып
жатқан кемескі жанары кенет шоқтанып шыға келді. Мына томсырайған
еріндердің ар жағынан бері шыға алмай жатқан пұшайман қаңқуды сол
жатқан жерінде біржолата тұншықтыратын амалды ақыры тапты. Оның
бұдан артық жолы болуы еш мүмкін емес. Көк мұнараға байланысты бар
шындықты өз көзімен керіп, əз қолынан өткерген бір ғана адам бар. Ол –
бас шебер. Ел арасына қаңқу тараса, тек содан ғана тарайды. Ендеше оның
кезін құрту керек. Мынау іштерінен тынып жатқан ұры көз жұрттың
назарын соған аударуы керек. Күлімдеген көк мұнараға бір жан қол
кəтерсе, тек сол ғана көтере алады. Бас шебердің езінен бір мысқал асып
кеткен кісіні əкесін өлтіргеннен бетер жек көретінін басқа білмесе де, бұл
біледі. Көк мұнараның елге көрсетпей бір кірпішін алып таста десе, ол
қуана-қуана істейді. Іші тар шебер сосын қылмыс жасап жатқан жерінде
ұсталады. Ел арасына «Бас шебер көк мұнараны салған жас шеберді
көре алмайды екен, ол салған мұнараны астыртын құлатып тастай
жаздапты. Тіпті анада Əміршіге жас шебердің үстінен ғайбат айтып
барып, жазалатқан да сол екен», – қаңқу тарайды. Əмірші өз тұрғыласына
қысастық қылған іші тар шеберді жұртқа естіртіп жазалайды. Көп
шуылдақтың сосынғы əңгімесі екі шебердің арасындағы бақастық
турасында боп кетеді де, ханым жайындағы қаңқу өз-өзінен жоққа
шығады. Бұның астанасының көркі – көк мұнара да сол орнында тұра
береді. Əміршінің айтқанын жансыздардың бастығы бас-аяғы екі күннің
ішінде жайғастырып шықты.
Аяқ-қолына кісен салынып, айдалып əкелінген бас шеберді Əмірші
тергеп-тексерген де жоқ. Сақал-шашы бір түнде ағарып кеткен бас
шебердің жүзіне тесіле қарап отырды да, əлдене дегісі кеп, кемсеңдей
бастағанда, қасындағы сақшыға дереу аузын байлатып:
- Ғайбатшыл неменің басын пəлеге душар қылған сасық тілін кесіңдер де,
зынданға апарып қамаңдар. Сонда шіріп өлсін! – деп əмір етті.
Ол есіктен сүйретіліп шығып бара жатқан бас шеберге жиіркене қарап
тұрды. Опасыздық пен зұлымдықтың қыл көпірінен талай өткен Əмірші
іші тар, күншіл адамдарды жек керетін. Бірақ қарауындағыларға
бастықты ылғи сондайлардан қоятын. Əсіресе шеберлерге, зергерлерге,
ұсталарға əр қилы өнер адамдарына, ылғи да ішегіне қыл айналмайтын
қарауларынан бастық қоятын. Өйткені, ол өз астанасының ажарын
дүниедегі барлық астаналардан асырмақшы еді. Сол үшін де дүниедегі ең
мықты деген шеберлерді өз қол астына жиып баққан-ды. Мұндайда кең
пейіл кісінің мақтағандарын жинағаннан гөрі əлгіндей қызғаншақ, тар
пейіл кісілердің жамандағандарын жинаған дұрыс. Өйткені, дүниедегі ең
қырағы кез қызғаншаққа біткен. Ондай немелер өзінен сынық сүйем
асатын біреуді көрсе болды, дереу байбалам сала бастайды. Дəл мынау
есіктен сүйретіліп шығып бара жатқан көзі ылғи қысыңқы, құлағы ылғи
|