Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

Гидрографиясы. Таулардан Күрті өзенінің алабына кіретін бірнеше өзен 
ағып өтеді. Олар: Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, 
Ырғайты, Ұзынқарғалы, Шолаққарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, 
Тарғап, Қопа. Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендердің егістік 
жерлерді, мал жайылымы жерлері мен суару, шабындықтарды суландыру және 
электр қуатын өндіру үшін маңызы зор [82].
Іле Алатауының гидрогеологиялық жағдайларын қарастырып, И.С.Соседов 
бұл аудандағы жер асты суларының қалыптасу мен қозғалыс заңдылықтары ұқсас 
болып табылады деген қорытындыға келді. Екі ауданда да жарықшақтық сулар 
басым. Олардың төменде орналасу тереңдігі 0 ден 100 м-ге дейін. Жер бедерінің 
үлкен тілімденуінің әсерінен жарықшақтық сулар өзен аңғарларына жақсы сіңеді 
де арна асты және жер асты ағындыларының қалыптасуына қолайлы жағдай 
туғызады.
Жарықшақтық сулар мен тектоникалық жарылым суларынан басқа 
борпылдақ жамылғы және төрттік шөгінді сулары кең таралған. Олар борпылдақ 
сынық материалдарды шаю арқылы қатты ағының қалыптасуына елеулі әсер етеді. 
Осының нәтижесінде орталық бөлікпен салыстырғанда батыс бөліктегі тау 
жоталары әлдеқайда құрғақ климаттық зонада жатыр. Мұнда қыс айларында 
температуралық инверсиялар болып тұрады. Жаз айларында көкорай шалғын 
күңгірт түсті таулы-орманды зоналармен аралас кездеседі. Ал Қастек өзенінің 
жағалауында ксероморфты шабындық жайылымдар бар.
Ауданның гидрографиялық желісі біркелкі дамымаған. Өзендердің көпшілігі 
ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігіне тән. Батыс бөлігінде шағын 
өзендер Ақтерек ауылында: Жаманты, Ақтерек және Ырғайты. Солтүстік 
бөлігінде жер беті сулары жоқ. Аудандағы жер асты суларының тереңдігі әркелкі 
және олардың минерализациялану мөлшері де алуан түрлі.
Қопа өзенінің жағалауында жерасты суларының тереңдігі 1,5 метрден 4 
метрге дейін жетеді: судың минералдану мөлшері өте жоғары, соның нәтижесінде 
мұнда батпақты шабындықтан және шабындықты сұрғылт топырақты үлескілер 
түзілген. Ылғалданған сорлардың тұздану мөлшері тау жыныс қабаттарына 
байланыста әркелкі болып келеді. Сарытауқұм құмдарында жерасты суларының 
тереңдігі 15-тен 20 метрге дейін жетіп, олар суларының тұщылығымен 
ерекшеленеді. 
Ауданның кішігірім өзендерін өсімдік өсіруге пайдаланады. Қант 
қызылшасының 1 гектарын өсіруге 6 - 8 мың м³ су қажет. Жүгері, көкөніс, бақша 
өнімдерінің 1 гектарына жылына 4 - 7 мың м³ су керек.
Аудандағы шағын өзендерден алынған судың жылдық көлемі: 
Ұзын Қарғалы – 23,4 млн. м³; 
Ақсеңгір – 7,4 млн. м³; 


14 
Қастек – 6,1 млн. м³; 
Ұзынағаш - 8,5 млн. м³; 
Қарасу (Ұзынағаш) – 2,5 млн. м³; 
Барлығы – 44,9 млн. м³; 
Ауданда 7 су қоймасы бар (2 - кесте).
2-кесте - Жамбыл ауданы аумағындағы су қоймалары 
№ 
Су қоймаларының 
аттары 
Жоба бойынша жина-
латын судың көлемі (млн. 
м³) 
Іс жүзінде жина-
латын судың 
көлемі (млн.. м³) 

Ақсеңгір 
3,6 


Төменгі Қастек 
1,3 
0,9 

Книж 
1,0 
0,8 

Мыңбаев 
0,8 
0,6 

Дегерес 
0,7 
0,5 

Қопа 
0,6 
0,3 

Тарғап 

0,4 
Топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Іле Алатауының 
белдеулік орналасу ерекшеліктерін зерттеу кезінде Р.Н. Аболин [82] топырақ 
жамылғысына толығырақ тоқталып, олардың таралу заңдылықтарын көрсеткен 
болатын. Оның сызбасын кейінірек ҚазКСР Ғылым Академиясы институтының 
ғалымдары С.И. Соколов пен М.А. Глазовская құрастырды.
Келтірілген биік зоналы территорияда таулы белдеулерге бөлу негізінен 
солтүстік баурайларға және оған жақын экспозицияларға және азды-көпті ұсақ 
топырақты қыртыс түзуші түрлерге тән. Оңтүстік және оңтүстік - батыс 
баурайлар, заңдылығында ерекше биогеоценоздарға ие. Олардың көпшілігі 
жоғарғы құрғақ далалы ксероморфты таулы-далалы зоналарында таралған.
Жіктелу белгісіне қарай тұзданған жерлер тау алды жазығының 
гидроморфты шабындықты алқаптарында жолақ түрінде таралған сортаңдармен 
сипатталған. 
Тау етегі аймақтарында содалы-тұздардың пайда болуының шарттары 
қазіргі таңда тау жыныстарының үгілу процессінің нәтижесі және бұл процесстің 
қарқынды жүруіне байланысты топырақ құрамындағы граниттік бөлшектердің
көптігімен де анықтауға болады. Сондықтан тұзды шабындықты-сұртопырақты 
шабындықты қыртыстарды және шабындықты тұзды жерлерді көптеген 
зерттеушілер олардың қалыптасуында басты маңызды орынды гранитті 
қиыршықтарының мөлшері құрайды. Сонымен қатар қыртыс түзуші түрлер, яғни 
құрамында гранит және оларды денудациялық шикізаттармен байланыстырады. 
Дегенмен, соңғы жылдардағы В.Ф. Коваленко [83] зерттеулері сілтілі жерасты 


15 
сулары және олардың құрамында содалы тұздардың артуны және гидроморфты 
қабаттарының тұздануы ең бастысы биохимиялық процесс негізінде болатынын 
дәлелдеді. Тұзды жер профилінде құрғақ күйде біріккен және тығыз болып 
келетін, дымқыл күйде тұтқыр және жабысқақ болатын тұзды қабаты бөлініп 
көрінеді. Тұзды қабатта орналасқан сулар құрамындағы минералды тұздардың 
көптігімен ерекшеленеді. Бұл жерлер аз өнімді мал жайылымдары үшін 
пайдаланылады.
Сор алып жатқан үлескілердің үстінде тұзды қабықтар байқалады, олар биік 
үлескілерде тұзды қабатпен ауысады. Өсімдікті жабында тұздықтар, ажрек, 
кермек, тамарикс жєне т.б. кездеседі. 
Ауданның солтүстік бөлігінде шөлді аймақтары құмдармен жабындалған. 
Оларда кездесетін өсімдіктерден эфедра, жусан, изен, бұталардан – жүзген, құмды 
акация, теріскен, ақ сексеуіл бар. Құмды жерлердің қима бойынша жіктелуі әлсіз 
байқалады, механикалық құрамы біртекті. Қабаттар өте борпылдақ және әлсіз 
тығыздалған.
Тақырлар мен тақыр тәріздес сұртопырақтар зонада аз ғана аумақты алып 
жатыр. Тақыр тәріздес қыртыстар мұнда ашық түсті сұр топырақпен саздақты 
механикалық құрамды тұздақтармен кешен түзеді. Қыртыстың үсті тығыз. 
Өсімдіктер жоқ. Көктемде тақырларға ағын сулар келеді, олар өздерімен ағызып 
түрлі бөлшектер мен тұздар ала келеді. Тақырларда сулар көп уақыт тұрып қалуы 
және біртіндеп оның булануы, үстіңгі қабатының сілтіленуі соншалық, онда 
тұздар өсіп шығады. Жылдың көп бөлігінде тақырлар қатты құрғақ күйде болады. 
Ал су тұрып қалған кезеңде оларда жасыл түсті балдырдар пайда болады. Ауыр 
механикалық құрам, ең аз мөлшердегі қарашірік, жоғары деңгейден сілтілік, 
қабықтың тығыздығы – барлығы тақырға тән, ол өте жағымсыз, физикалық-
химиялық ерекшелікке ие топырақтың түрі ауыл шаруашылығына аз жарамды 
[84]. 
2.2 
Зерттеу әдістері 
Ландшафттық зерттеулер нақтылы зерттеулерге негізделген, сондықтан да 
ландшафттанудағы ең өзекті мәселелердің бірі - аталған талаптар бойынша 
нысандарды кеңістікте орналастырып, оларға талдау жасау. 50 жылдай бұрын
ТТК-дың шекараларын анықтауға көмегі тиетін ландшафттардың морфологиялық 
құрылымдарын картографиялау (ландшафттық карталарды құрастыру) әдістемесі 
құрастырылған болатын. Табиғат кешендерінің шекараларын ондағы болған 
өзгерістердің түрлеріне және де бедерің иілімденуіне және фитоценоздардың 
сипатына байланысты айқындауға мүмкіндік туды. 


16 
Ландшафттық әртүрлілікті танып, әдіснамалық негізі ретінде зерттелетін 
нысанның аумақтық және типологиялық кешендерін біртекті құбылмалы жүйе 
ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін геожүйелік талдауды атап өтуге болады.
Зерттеу әдістерін пайдалана отырып нысанды сипаттау; оның қасиеттерін 
түсіндіру; өгерістерін бақылау; жағдайын бақылау; осындай қасиеттерге ие нысан 
құру. Зерттеу барысында бедерді морфометриялық көрсеткіштері арқылы 
сипаттап, алынған мәліметтердің негізінде бедердің еңістіктік картасын 
құрастырып, бедерге сипаттама беру болып табылады. Соның ішінде, бедердің 
еңістігін, беткей экспозияцияларын анықтай отырып, алынған мәліметтер арқылы 
зерттелетін аймақтағы топырақтың қаншалықты су эрозияына ұшырайтынын 
анықтап, сараптап, жерді ұтымды пайдалана отырып, шығын келтіртпей 
пайдалану, құнарлылығын арттыру ең басты мәселелер болып табылады.
Шаруашылық әрекеттердің нәтижесінде және табиғи сипаттарына сәйкес 
ландшафттарды сапалық талдауының негізі болып олардың табиғи және жанама 
қасиеттері саналады.
Ландшафттарды сапалық бағалаудың келесідей әдістері пайдаланылады: 
 Далалық зерттеу әдістері; 
 Зертханалық; 
 Стасистикалық; 
сапалық бағалау әдістері
 картографиялық әдістер; 
 кешендік географиялық талдау әдістері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет