Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

«Кеңістіктік нысандар класы» ArcMap-та мәліметтер енгізу белгісінің 
көмегіен қабаттармен жұмыс істегенде барлық нысандарды категорияларға бөліп, 
атрибуттық кестеге тіркейміз. Мысал ретінде «елді мекен» қабатын алайық. Бұл 
қабаттың атрибуттық кестесі келесі бағандардан тұруы мүмкін (6-кесте). 
 
6-кесте – Атрибуттар кестесі 
Аты 
Id 
Категориясы 
Ұзынағаш 

Аудан орталығы 
Тарғап 

ауылдар 


42 
Картада көрсетілетін барлық нысандар салынып, картаның тақырыбына 
сәйкес барлық ақпараттар енгізілгеннен кейін, атрибуттық кестедегі мәліметтер 
бойынша нысандарға символ, яғни шартты белгілерін береміз. Оларда нүктелік 
нысандардың 
пішіндері, 
өлшемдері, 
түстері, 
сызықтық 
нысандардың 
қалыңдықтары, сызықтың түрлері және т.б. сипаттамалар беріледі. Мысалға 
өзендер қабатын алайық. Олар категориялар бойынша ірі, ұсақ және уақытша 
болып бөлінеді. Ірі өзендер сызығы қалыңдау және үздіксіз, ұсақ өзеннің де 
сызығы үздіксіз, бірақ қалыңдығы жіңішкелеу болып келеді. Уақытша өзендердің 
сызықтарының қалыңдықтары уақытша өзендерге сәйкес болғанымен, сызықтың 
өзі үзілісті етіп беріледі, ал көлдердің тереңдігі, көлемі және тұздылығына 
байланысты шартты белгілерді реттестіре аламыз. 
Сол сияқты, кез келген картада нысандардың атаулары жазылуы керек. Ол 
үшін атрибуттық кестеге жазылған нысандардың аттарын карта бетіне 
шақырамыз. Карта бетіне бейнеленген барлық нысандардың атаулары шығып, 
олар бір шрифт, түстес болып келеді. Сондықтан да, нысандардың дәрежелеріне 
сәйкес атаулардың жазуларын өзгерткен жағдайда (елді мекен қабатының 
мысалында) категориялары бойынша, әр нысанған сәйкес жазу атаулаын 
сәйкестендіріп жасаймыз. Осы әдіспен аудан орталықтарының, ауылдардың және 
басқа да елді мекендердің атауының жазылу түрлерін анықтаймыз.
Нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден тұратын жеке қабат 
болып саналатын аннотацияны құру іске асырылуы қажет. Әрбір қабаттың өзінің 
аннотациялық қабаттары құрылады. Мұның құру жолы келесідей: қажетті қабатқа 
барып, тышқанның оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияларға аударамыз → 
(ашылған терезеде) аннотацияларды сақтаймыз: мәліметтер базасында → 
аннотацияларды құру: барлық нысандарға → аннотация класы: аннотациялардың 
аттарын береміз → аудар. Осы жолмен қалған қабаттардың жазуларын да 
аннотацияға аударамыз. Аннотацияны құру терезесінде нысанмен байланған деген 
жерде жалауша тұрады. Соның жазу нысанымен тікелей байланыста екенін 
білдіреді. Егер нысанды алып тастайтын болсақ, жазуы өшіп қалады (14-сурет). 
Аннотация 
жасаған 
кезде 
ескерілетін 
жағдайлар: 
карталардың 
масштабтарын көрсету керек; аннотациямен жұмыс жасағанда, карта бетіндегі 
нысандардың картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек. 
Аннотация қабатында нысандар қанша класқа бөлінсе, соншалыұтан 
тұратын категорияны көрсетеді. Кез-келген уақытта, бір категорияға кіретін 
барлық нысандардың автоматты түрде шрифтін, түсін және өлшемін өзгертуге 
болады. 
Картаны қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу және оны безендіру 
қажеттілігі туындайды. Бұл үрдіс өте жауапты жұмыстардың бірі болып 
есептелінеді. Нысандарды бейнелейтін шартты белгілер мен бейнелеу әдістерін 
дұрыс таңдау, жазуларды анық көрсету, картаның дұрыс тақырыбын қою, 


43 
қолданушы үшін жеңіл картаны құрастыру оңай іс емес. Сондықтан бұл жұмысқа 
көп көңіл бөлінеді. 
14-сурет - Аннотация жасау 
Картаны безендіру. Картаны құрастырудың екінші бөлімі оны безендіруден 
тұрады. Ол үшін картаның масштабын бекітіп, компановкасын жасаймыз. 
Картаны басып шығаратын қағаздың өлшемін және орналасу жағдайын анықтау 
келесі ретпен орындалады: файл → бет параметрлері → карта бетінің өлшемдерін 
анықтап алып, осы жерден қажетті параметрлерін енгіземіз. Әрі қарай, картаның 
тақырыбын жазу үшін оны қою қажет → картаның аты жазылады. 
Солтүстік бағдаршаны шақырып, оны қою → ол бағыттаушыны қою үшін 
қажеттісін таңдаймыз.
Картаның болмысын анықтайтын мәтіндік мазмұны, оның легендасы болып 
табылады. Ол карта бетінде келтірілген шартты белгілерден, түсіндірме 
жазулардан және қосымшалардан тұрады. Картаның оқымдылығы легенданың 
дұрыс құрылуына байланысты. Карта бетінен легенда үшін арнайы бос орын 
бөлінеді. Легенда келесі жолмен құрастырылады: қою → легенда → қажетті 
қабаттарды таңдаймыз → келесі → легенданың атын және жазылу шрифтін 
береміз → келесі → қажетті рамканы таңдаймыз → келесі → келесі → дайын (15-
сурет). Осыдан кейін, карта бетіне бір бағанда берілген шартты белгілер шығады. 
Оларды топтарға (елді мекендер, гидрография), категорияларға (қала, ауыл; өзен, 
көл) және т.б көрсеткіштер бойынша топтастырып, картаны жеңіл оқитындай рет 
ретімен орналастырамыз. Әрбір шартты белгінің тұсына түсіндірме жазуларын 
қоямыз. Түсіндірме жазуларға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл жазулар 
мүмкіндігінше қысқа және шартты белгілердің мәндерін толық ашатындай болуы 
шарт. 


44 
15-сурет - Карта легендасын құрастыру 
Картаны баспаға дайындау жұмыстарын жүргізіп болғаннан кейін, оны 
экспорттаймыз: файл → картаны экспорттау → файл аты: картаның аты → файл 
түрі: JPEG → қажетті рұқсаттылығын көрсетеміз → сақтау. Экспортталған 
картаны қағаз бетіне шығаруға болады. 
Баспаға шыққан жұмыстарда ландшафттық типологиялық карталар немесе 
олардың штрихталған түрлерінің кескіндері беріледі. Штрихтік бейнелеу кезінде 
штрихтік шартты белгілердің жиынтығы өте қажет. А.Г. Исаченконың [108] 
пайымдауынша, бұрынғы кездері басқа арнайы карталар үшін құрастырылған 
бірнеше штрихтік белгілер пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, картада топырақтық, 
литологиялық құрылысын көрсетуде. 
Карталарда ландшафттық-типологиялық бірліктердің шекараларын бейнелеу 
кезінде, көптеген келіспеушіліктерге қарамастан, контурларды сызықтармен 
бейнелеген дұрыс деп санау керек. Нақты шекаралардан қарағанда шекарасы 
құбылмалы болып келетін шекараларды пунктир сызықтармен беруге болады. 
Жоғарыдағы нақтылап талдап, тиянақты баяндалған ГАЖ технологиясын 
қолданып, Алматы облысындағы Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы 
ландшафттық картасы құрастырылды (Қосымша З). 
Нәтижесінде ұсынып отырған Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы 
ландшафттық картасы құрастырылып, онда 51 табиғи және антропогендік 
агроландшафттардың бар екендігі анықталды. Бұл карта ландшафттарға 
бейімделген егіншілік жүйесі мен мал шаруашылығын дамытудың жобасын 
құрудағы бастамасы болып табылады. 
Ландшафттық типологиялық карталарадың ең соңғы нұсқасын құрастырған 
кезде оның легендасын құру күрделі болып келеді. 50 жылдары шығарлыған 
карталарды қарастырған кезде, кейбір карталарда легенда ұзыннан-ұзаққа 
созылған түсіндірмелі мәтіннен тұрған, өйткені берілген контурдың физикалық-
географиялық көрсеткіштеріне толықтай талдау беруге тырысқан. Қазіргі кезде әр 
түрлі масштабтағы ландшафттық типологиялық картаның мәтіндік легендасы ең 
маңызды деген үш-төрт көрсеткіштерін ғана белгілейді: жер бедерін аналық тау 


45 
жыныстарымен, топырағы мен өсімдігін береді, ал нақты сипаттаманы қажет 
ететіндері мәтіннің құрамына қосылады.
Ландшафттық картада өзіндік мәтіні болмаса да, карталарда олардың 
шекаралары түрлі түспен ерекшелініп, картада легендасы мәтіндік және кестелік 
түрде берілді.
Ландшафттардың қарапайым контурларының фонында қосымша шартты 
белгілермен (штрихтау, фондық белгілер) ландшафттың шаруашылықтық 
игерілуінің бағыттары мен дәрежесін көрсетуге болады. Дегенмен де, ұсақ және 
орта масштабты карталарда ол картографиялық мүмкіндіктермен шектеледі. 
Қосымша элементтер ірі және көбінесе орта масштабты карталарға пайдаланылған 
дұрыс. Мысалы, жазықтық аймақтар картасында гидрографиялық торды өте 
күрделі етпей, нақтылап сипаттауға болады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, 
мәтіндік легенданы жеңілдетіп, онда тек қана мысалы морфологиялық (балка, 
терраса, т.б.) сияқты көрсеткіштерді бейнелеумен ғана шектелмеу керек. Мұндай 
қысқа легенда типологиялық ландшафттық кешендердің өзіндік ерекшеліктерін 
толықтай сипаттай алмайды. Әр түрлі масштабтардағы ландшафттық карталарды 
құрастырудың әдіснамасы А.Г.Исаченконың [108, 46 бет] еңбегінде толығымен 
берілген.
Жерді 
ұтымды 
пайдаланудың 
түп-негізінде 
ландшафттың 
әрбір 
морфологиялық бірлігі үшін оның мүмкіншілігін толығымен және ұтымды 
пайдаланудың оңтайлы жолдарын қарастыру жатыр. Ол нақты бір шаруашылық 
мақсатта пайдаланылатын жерлер (ауыл шаруашылықтық, рекреациялық, т.б.) 
үшін территорияның ғылыми түрде негізделген ұйымдастырылуымен, 
жиынтығымен мақсатына жетеді. Ауыл шаруашылық жерлер мен жем-шөп 
қорларын ұйымдастыру кезінде жерлердің ландшафттық морфологиясын біліп 
және оны есепке алған жөн.
Шаруашылық ішілік жерді пайдалануды құрайтын және осыған қатысты 
туындайтын сұрақтар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, табиғи қарым-
қатынаста территорияны ұйымдастырудың ландшафттық қағидасы басқасымен 
салыстырғанда тиімді жәнее ұтымды болады. Ол картаға берілетін қосымшада 
маңызды, басты табиғи көрсеткіштері табиғи-өндірістік сипаттамада, ал таралу 
ареалы ландшафттық картада көрсетілетін ортақ бір тұтас жүйе ретінде болып 
саналатын ландшафттың морфологиялық құрылымының есебінде құрастырылады. 
3.2 Қастек елді мекенінде жайғасқан ландшафттарды таксономиялық 
бірліктерге жіктеп, олардың 1:25 000 масштабтағы карталарын құрастыру 
«Ландшафт» деген термин алғашында жер бетіндегі барлық 
құбылыстардың бір-бірімен байланысын, әр түрлі құбылыстардың ерекшеліктерін 
көрсету үшін қолданылған. Ландшафт басты жеті құраушы компоненттерден, яғни 


46 
тау жыныстары, жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемінің 
өзара бір-бірімен тығыз байланысқан, бір-біріне тәуелді бірліктерінен тұратын 
жүйе [62, 18 бет].
Ландшафттардың өзіндік бір ерекшелігі олардың геологиялық іргетасы мен 
гидрологиялық-геологиялық жағдайларының климаттық жағдайлары бірдей және 
қалыптасу уақыты бірдей болып келетін белігілі бір белдеудің шегінде 
ландшафтты құраушы жер бедерінің өзіндік пішіндері, өсімдіктердің, 
топырақтардың, жануарлар әлемінің нақты кешені саналады. Оның ішінде 
бедердің элементтерімен тығыз байланыста жер бетінің ылғалдануы мен қызуы, 
қазіргі шөгінділердің жиналуы, топырақ, өсімдік және жануарлар топтары 
орналасады. Сондықтан да ландшафтта әрбір бедер пішіні (оның әрбір элементтері 
сияқты) басқа компоненттермен қоса ландшафттардың құраушысы болып 
саналатын ұсақ табиғи бірліктерді құрайды. Н.А.Солнцев [109] оларды 
таксономиялық бірліктер емес, ландшафттардың ішінде ортақ, тұтас, күрделі 
жүйені құрайтын морфологиялық бірліктері (фациялар, қоныстар) екенін атап 
өтті. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, ландшафттардың қосымша құраушы 
бөліктері - тек қана бөлшектенген таксономиялық бірліктер. Ландшафттар әр 
уақытта өзгеріп, қайтадан қайталанбайды. Олардың дамуына сыртқы күштерден 
басқа, ішкі күштер де әсер етеді. Қазіргі кездері адамзат әрекетінің өршуіне 
байланысты жер бетінде табиғи, адам қолы тимеген ландшафтар жоқтың қасы. 
Адамдар шаруашылық іс-әрекеттердің нәтижесінде кейбір компоненттерді, соның 
ішінде ең алғашқылары болып өзгеріске ұшырайтындары өсімдік жамылғысы, 
топырақ, су режимі, фаунаның құрамы, т.б. өзгертеді. Мұндай өзгерістер 
ландшафттарда қалыптасқан байланыстарды, табиғат компонентердің өз 
арасындағы қарым-қатынасты және өзара әрекеттесуді өзгертеді. Қазіргі таңда 
антропогендік ландшафттардың шығу тегі мен болашақтағы даму бағытын 
анықтауда тек табиғи факторларды есепке алу жеткіліксіз. Олардың орнына жаңа 
кешендер пайда болып, олар өзінше дами бастайды. Мұндай ландшафттарды 
өзгерген немесе өзгертілген деп атайды, бірақ қазіргі кездері қолданысқа көп 
түсетіні «антропогендік ландшафттар» термині [111, 112].
Жыл сайын адам санының артуына байланысты оларды қажетті азық-түлік 
қорымен қамтамасыз ету үшін көптеген жерлер жыртылып, мал жайылымдарына 
айналды. Бұл үздіксіз үрдістің нәтижесінде табиғи кешендердің табиғи 
құндылығы азайып, ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалған жерлердің 
көлемі артып, айналымдағы жерлердің өнімділігі төмендеді.
Жердің жалпы ауданы соңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше 
гектарларға артқан. Мелиорациялық шараларды жүргізу арқылы бұрынғы кездері 
егшіншілікке жарамсыз және богарлы жерлердің 209 гектары суармалы 
егінішілікті жүргізуге қолайлы болатын жерлерді қалпына келтірді. Шаруашылық 
шеңберіндегі суармалы жерлердің ауданы 600 гектар, тәлімі жерлер- 420 гектар, 
құрғатылған жерлер – 70 гектар.


47 
Республиканың 10 пайызы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – 
ойпаңды, жазық, үстіртті, қыратты жерлер. Қазақстанның оңтүстік аудандары 
шөлейт және шөл белдемдерінде орналасуына және бұл аймақтарда жер бетіне 
түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің аздығына байланысты адамдар 
суармалы егіншілікпен, ал өзен жағалауларында богарлы егіншілікпен айналысып, 
таулы аймақтарды жайылымдық жер үшін пайдаланылады. Жоғары өнім алу үшін 
адамдар топыраққа көп мөлшерде тыңайтқыштар қосып, олардың химиялық 
құрамы мен құнарлылығын кемітті, ал таулы аймақтарда жайылымдық жерлерді 
тиімсіз пайдаланып, малды шамадан тыс жаюына байланысты табиғи кешендер 
өзінің алғашқы қалпын жоғалтты. Жоғары түсімді өнім алып, сонымен қатар 
топырақтың құнарлылығын кемітпей, оны сақтап қалу үшін жерді тиімді 
пайдалану керек. Сондықтан да қазіргі кездері ғалымдардың, соның ішінде 
топырақтанушылардың, ландшафттанушылардың, ботаниктердің, ең алдымен 
жерді иеленушілердің, яғни шаруалардың алдында тұрған ең өзекті мәселелердің 
бірі ол – топырақтың құнарлылығын сақтай отырып, одан көп мөлшерде өнім алу.
1997 жылдың күзінде Президенттің қолдауымен Қазақстанның 2030 жылға 
дейінгі даму стратегиясы қабылданып, онда ".... Біз елдің экономикалық, 
әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып қана қоймай, оны келер ұрпаққа сақтап, 
жеткізуіміз керек. Сондықтан да қазіргі кезде елдегі барлық табиғи қорларды, 
соның ішінде жер қорларын тиімді, ұтымды пайдалану біздің иығымызға 
жүктелген" деген болатын [112].
Табиғат кешендерін ұтымды пайдалану жұмыстарының бастамасы бұрынғы 
Кеңес Одағының тұсында етек алып, 1968 жылдан бастап әрбір одақтас 
республикаларда жер туралы заңдар шықты. Мұндай заң Қазақстанда 1971 
шығып, онда жер кадастры негіздері мақұлданып, оны бүкіл одақта, әрбір 
республикада жүргізу міндеттелген болатын. Жер кадастры топырақ қорларын 
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Негізгі бағыттары: топырақ қорларын тиімді 
пайдалану, табиғи-экономикалық жағдайларға байланысты бөлшектеп жіктеу, әр 
салаға мамандандырып пайдалануға мүмкінідк беру.
Зерттелініп жатқан аймағымыз Алматы облысы Жамбыл ауданынындағы 
Қастек ауылдық елді мекені. Ауыл шаруашылық жері 161,9 мың га, оның ішінде 
егістігі 51 мың га, тыңайған жерлері 0,5 мың , шабындығы 8,5 мың, жайылымы 
94,7 мың га. Егістік алқаптары 64,5 мың га, оның 39,3 мыңына дәнді дақылдар
қалғанына жеміс, бақша, картоп, жемшөп егіледі. 
Жерді игеру тәжірибесінде аудандардың, ауылдардың, табиғи жағдайларын 
есепке алу ауыл шаруашылық жерлерді, топырақтардың типі мен типшесін, 
бедерді сипаттайтын үш картосұлбаларды түсіру арқылы нәтижесіне жетеді. Бірақ 
мұндай картаның құндылығы төмен болады, өйткені ең соңғы картосұлбалар әр 
түрлі адамдармен әркелкі уақытта орындалады, сондықтан да берілген 
территорияның табиғи жағдайларының кешенін толық сипаттайтын картаны алу 
мүмкін емес. Топырақ картасын құрастыру – жерді сапалық тұрғыдан бағалау 


48 
үшін жеткіліксіз. Сондықтан да, жерді өндірістік тұрғыдан бағалау үшін 
ландшафттық тәсілге сүйене отырып жасалынуы қажет. Мысалы, жерлердің 
табиғи типтерінің картасын ландшафттық картасының негізінде алуға болады 
[113]. Ландшафттық карта жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін анықтайды.
Оларды қарастыруымыздың себебі, жер қорларын тимді пайдалану кезінде өте 
қажетті (дұрыс мамандандырылу, берілген табиғат жағдайларында және берілген 
аймақ үшін ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу және т.б.).
Сондықтан 
да 
жұмысты 
бастамай 
тұрып, 
зерттеу 
нысанының 
ландшафттарын қарастырып зерттеу үшін аймаққа территориялық кешендік 
талдау жасаған дұрыс. Ландшафттық зерттеу берілген аймақта кездесетін 
кешендік сипатқа ие болатын нақты таксономиялық бірліктерді топтастырудың 
нәтижесінде табиғи типологиялық кешендер немесе ландшафттарды анықтаудан 
тұрады. Ландшафттарды сипаттаған кезде олардың өзіндік ерекшеліктері есепке 
алынады.
Шаруашылықты 
жүргізу 
кезінде 
ландшафттың 
морфологиялық 
бірліктерімен жұмыс істеуге тура келеді. Ландшафттардың морфологиялық 
бірліктері, мысалы жазықтық немесе таулы далалық, берілген үлескінің жергілікті 
табиғат ерекшеліктерімен байланысты ұсақ табиғи кешендерді құрайды.
Ландшафт дегеніміз біріншіден нақтылы территориялық бірлік; екіншіден – 
элементарлы географиялық бірліктерден тұратын күрделі геожүйе; үшіншіден – 
геожүйелер иерархиясының негізін қалайтын жүйе. 
Ландшафттардың генетикалық, морфологиялық айырмашылықтары 
ландшафттардың халық шаруашылығында пайдаланылуы мен игерілу деңгейінен 
көрінеді. Бұл ландшафттардың қосымша, жанама диагностикалық қасиеттеріне 
жатады да, олардың экологиялық және қорлық потенциалын анықтайды. 
Әрбір ландшафт Л.С. Бергтің анықтамасы бойынша кеңістік пен уақыт 
аралығында қайталанбайды. Бірдей екі ландшафтты анықтау мүмкін емес. Осы 
тұжырымнан кейін ландшафттардың арасында сапалық қасиеттері жағынан 
ұқсастары кездеспейді деуге келмейді. Салыстыру арқылы шығу тегі, құрылымы 
және динамикасы (құбылымы) арқылы ұқсас ландшафттардың тобын анықтауға 
және оларды жіктеуге мүмкіндік береді. 
Кешенді физикалық-географиялық немесе ландафттық талдау тек қана жеке 
табиғи компоненттердің анықталып, картографиялануы ғана емес, сонымен қатар 
жеке табиғи кешендердің және жергілікті деңгейдегі геожүйелердің арасындағы 
байланысты зерттеу де болып саналады.
Кешендер арасында кеңістік бойынша өзгеріссіз қалатын, ландшафттың ең 
кіші морфологиялық бірлігі болып фация саналады. Бұл – топырақтың әр түрлілігі 
мен биоценоз, жер бедері мен ылғалданудың сипаты, жер бетін көмкеріп жатқан 
тау жыныстарының біркелкі литологиясы сақталынатын табиғи территориялық 
кешен. 


49 
Қастек елді мекенінде жайғасқан ландшафттардың морфологиялық 
бірліктеріне дейін жіктеу ландшафттық карталарды құрастыру әдістері бойынша 
іске асырылады. Морфологиялық бірліктер ландшафттық нысандармен 
салыстырғанда кіші аумақты алып жатуына байланысты, бұл карталарды 
құрастыру түпкілікті зерттеуді қажет етеді. 
Топографиялық негізде арнайы картографиялық бейне берілетін сәйкес 
рангтегі типологиялық ТТК-лардың шекаралары анықталады. Бейнелеудің ең 
күшті әдісі болып түсті фон саналады, өйткені ол картаға нақытлықты береді. 
Түстердің қанықтығы контурлардың туралы мәлімет беруі керек, мысалы, жасыл 
түс – орман ландшафттары, ал ақшыл-сары немесе сары түстер – шөл және 
шөлейт ландшафттарын сипаттайды. Мұнда әр түрлі салалық тақырыптық 
карталарды құрастыруды есепке алған дұрыс. Әрине, түстердің бір-біріне ұқсас 
болып келуі олардың нақты бір ландшафт түрлерінің арасындағы ұқсастықтарын 
сипаттайды, ал түстердің қарама-қайшылығы – олардың арасындағы 
айырмашылықты көрсетеді. Егер картада екі категориядағы ландшафттар бірге 
бейнеленетін болса, мысалы, ландшафттардың түрлері мен оларды құраушы 
қоныстардың топтары, онда жоғары рангтердегі бірліктерді түсті фонмен, ал 
төменгі рангтердегілерді – штрихтармен, фондық белгілермен немесе 
индекстермен бейнелеген дұрыс. Соңғылары, айтылған масштабта контурлармен 
белгіленбейтін фация мен қоныс типтерінің (топтарын) өте ұсақ үлескілерін 
белгілеу үшін пайдаланылады.
3.2.1 Қастек елді мекеніндегі ландшафттардың фациялық бірліктерін 
анықтап, картасын құрастыру
Ландшафттық-морфологиялық зерттеулердің әдіснамалық нұсқауларына 
сүйене отырып [114, 115] фациялар деп нақты элементарлық бөлімдерді атау 
керек, ал аймақ бойынша бытыраңқы таралған ұқсас бірліктерді фациялардың 
типтері деп атаған. Тәжірибеде, практикада фацияны анықтау жергілікті жердегі 
кеңістіктік шекараларды анықтаудан басталмайды. Ең алдымен алдын-ала 
географиялық «нысандардың» арнайы далалық зертеулер кезінде алынған 
материалдарының негізінде бір жерде орналасқан ұқсас, фация деп қарастыратын 
сипаттардың заңдылықты (яғни, қайталанып тұратын тұрпайы) комбинациялары 
ерекшеленеді. Бұл жиынтықтарды локализациялаудың нәтижесінде «нақты 
фациялар» анықталады. Соңғылары мұнсыз жергілікті жерде анықталмайды.
Ол мезорельефтің бір ғана элементіне тән; бұл аймақ 3 сипаты бойынша 
ортақ болып саналады: жыныстардың литологиялық (петрографиялық) құрамы, 
жер бедерінің еңістену бұрышы және беткей экспозициясы. Бұл жағдайда бір 
микроклимат пен су режимі қалыптасады (16-сурет). 


50 
L (беткей ұзындығы) 
α (бұрыш) 
Беде
р 
Микрорельеф немесе мезорельеф 
элементтерінде орналасуы 
Мезорельеф
Топырақ (механикалық құрамы) 
Ө
сі
мд
і
кте
р 
Ассоциациялар 
Ассоциациялар топтары 
ТТК
Фация 
Қонысша
Қоныс
16-сурет - Жамбыл ауданының ландшафттарын морфологиялық бірліктерге 
дейін жіктеудің кезеңдері 
Ауыл шаруашылығын жүргізу кезіндегі ландшафттық картографиялауда 
әрбір фацияны жеке-жеке зерттеу өте қиынға соғады. Сондықтанда Қастек елді 
мекенін таңдауымыздың себебі сонда. Мұнда әрбір фацияны зерттеу, олардың 
топтарын анықтау арқылы ауыл шаруашылық жерлерді тиімді пайдалану, егістік 
жерлерін тыңайтқыштарсыз, т.б. шараларды пайдаланбай-ақ олардың өзіндік 
қасиеттерін сақтай отырып, тиімді пайдалана аламыз. 
Фациялардың кеңістік бойынша орналасуын анықтаған кезде неігзгі үш 
факторға жүгінуіміз керек: жергілікті жерде жер бедері үлескілерінің арасында 
биіктіктері бойынша өзіндік бедер пішіндерін қалыптастыратын әркелкілігі, 
жоғарғы және төменгі бөліктерде орналасқан элементтер арасындағы 
байланыстың бағытылығын анықтайтын гравитация және бұл байланысты бір-
бірімен қосатын – су.
Тәжірибе-өндірістік шаруашылықтың территориясы теңіз деңгейінен 
алғанда 820-3200 м, тау алды жазығында орналасқан. Жер беті еңістелген, белесті 
жазық болып келеді. Көбіне ақшыл қара-қоңыр, қара-қоңыр, күңгірт қара-қоңыр 
және кәдімгі сұрғылт топырақтардан тұрады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 
топырақ типтері сұрғылт топырақтардан күңгірт қарақоңыр топырақтарға дейін 
өзгереді. Механикалық құрамын қарастыратын болса, негізінен ауыр және жеңіл 
саздақтардан, құмдақтардан, батпақтанған, лайлы-шаңтозаңды карбонатталған 
топырақтардан тұрады. Жер бедерінде орналасуына, гидрографиялық торлардың 
орналасуы мен олардан қаншалықты алшақ жатуына, игерілуіне, тыңайтылуына, 
шаруашылықта пайдалануына байланысты олардың механикалық құрамы мен 
құрылымы өзгеріп отырады.
Егіншілікке жарамды көптеген жерлер жыртылып, сол жерлерде өзінше бір 
жеке табиғи кешендер қалыптасқан. Тау алды-далалық жазықтық белдемде 
орналасқандықтан, бұл жерде осындай өңірлерге тән жусандық, бетегелік, кейде 


51 
құрғақ далалық белдемдерде өсетін сораңдық та өсімдіктер формациялары 
кездеседі. Негізгі өсімдік формациялары – жусан, бетеге, қияқ, ши, ебелек, брунца, 
климаттың құрғақтығына байланысты эфемерлік өсімдіктер типі.
Осы айтылған сипаттамаларға байланысты топырақтық және өсімдік, 
геоботаникалық карталардың мәліметтер көздеріне сүйене отырып, фациялық 
картамды (Қосымша И) құрдым.
Екінші тарауда айтып өткеніміздей, фациялық карта негізінен бір топырақ 
түріне және биоценозға, бедердің бір мезопішіндеріне байланысты анықталады. 
Сонымен, осы мәліметтерді салыстыра отырып, қарастырылып отырған Қастек 
елді мекенінің шеңберінде фациялық бірліктер анықталды. Олардың барлығы 
айтылған сипаттамалардың негізінде бөлініп, бір фациялық бірліктерді құрады.
3.2.2 Фациялық бірліктердің негізінде қоныс және қонысшаларды анықтап, 
карталарын құрастыру 
Фациялардан да күрделі табиғи-аймақтық кешендерді құрайтын, бір-бірімен 
тығыз байланысқан, бедердің бір мезопшінінде қалыптасқан ұқсас фациялардан 
құралған кешендерді қоныстар дейміз. Әрбір қоныстар барлық табиғи 
кешендердің заңдылықты жиынтықтарымен сипатталады. Жерді игеру 
тәжірибесінде бұлар өзіндік жеке табиғи үлескілер болып саналады. Жазықтық 
жерлерге тән қоныстар болып өзен террасаларын, мореналық төбешіктер, сайлар, 
жыралар, тегіс суайрықтық жоталар және т.б. ылғалдану жағдайлары мен өзіндік 
биоценозы тән болатын табиғи кешендер есептеледі. 
Ландшафттық картографиялауда негізгі және қосымша қоныстарды 
анықтайды. Біріншілер ландшафттарда көптеп тараған және олар оның 
морфологиялық негізін қалайды. Мысалы, эрозиялық жазықтарда бұлар – 
сайларда, жыраларда дамыған қоныстар. Ал екінші қатарлы, қосымша қоныстар 
ландшафттың шегінде аздап, кей жерлерде ғана кездеседі. Олар көп ауқымды 
жерді қамтымайды, дегенмен де нақты бір ландшафттың өзіндік бір ерекшелгін 
анықтайды.
Қоныстарды зерттеу және оларды картографиялау мен жіктеу жерді игеру 
кезінде маңызы зор. Егер ауыл шаруашылықтық өндірісте фациялар арасындағы 
айырмашылықтарға көп көңіл бөлінбесе, ал табиғи жағдайында қоныстарды
игеру түрлі . Сонымен, суайрықтық жазықтардың қандай да бір қоныстарын 
шабындық жерлер үшн пайдаланылатын болса, оны бөліп жататын сайлар басқа 
мақсатта пайдаланылады. Осыдан, жайылымдық массивке әр түрлі типтегі 
қоныстар кірсе, онда бұл жерге бірдей агротехникалық шараларды жүргізуге 
болмайды [6, 13 бет].


52 
Жер бедері пішіндерінің арасында, әсіресе өзен аралықтарында, қандай-да 
бір өзгешілік байқалмаған жағдайда, қоныстар аналық тау жыныстарының 
өзгешелігіне (құрамы, қалыңдығы, ал қалыңдығы шамалы жерлерде – жабынды 
қабаттың сипатымен де анықталады) және табиғи кәрізделу аймақтарынан алшақ 
орналасуына байланысты ажыратылады. Соңғы фактор ылғалданудың мөлшерден 
тыс жоғары болып келген жағдайында ерекше орын алады. Осының салдарынан 
қоныстардың (фациялардың да) шекаралары өзен аңғарларының беткейлерінен 
өзен аралықтарының орталықтарына қарай алшақтануына байланысты ауысып 
отырады /53/.
Мұндай жағдайларда, яғни өсімдік жамылғылары бірдей экологиялық 
ортада орналасып келуіне байланысты қоныстардың дифференциациясында 
шешуші рөлді қауымдастықтар арасындағы байланыс анықтауы мүмкін. осының 
әсерінен бір-бірімен бәсекелес қауымдастықтар бір-біріне жақын орналасып, 
жергілікті жердің климатын, су режимі мен топырақ түрін өзгертеді. Осының 
әсерінен әр типтегі қоныстар қандай да бір заңдылыққа бағынбай кездесе береді. 
Қоныстар – фация мен ландшафт арасындағы геожүйелік иерархиядағы ең 
маңызды өтпелі саты. Ол көп жағдайда далалық ландшафтық түсірілімдерге негіз 
ретінде алынады. Морфологиялық құрылым бойынша ландшафттарды «төменгі 
деңгейден» бастап зерттеуінде географ мамандар қоныстарды зерттеуге көп көңіл 
бөледі және олардың кеңістіктік сипатын анықтауға тырысады. Қолданбалы 
ландшафттық зерттеулерде ең маңызды, бөлшектенген, жерді игеру кезінде 
сүйенетін ландшафттың морфологиялық бірлігінің, яғни қоныстық картасы 
саналады.
Маңыздылығы және мазмұны жағынан қоныстар ландшафттардың 
морфологиясына байланысты қоныстар доминантты,субдоминантты және 
бағынышты болып ажыратылады. Бұл жіктелу тек бір зерттелетін территория 
үшін ғана есепке алынады. Себебі, бұл жіктелу бойынша қарастыратын болсақ, ол 
басқа ландшафттармен сәйкестендіру кезінде дәлме-дәл келмейді және ұқсас 
болмай шығады. Зерттеу нысаны аймағында доминантты қоныстар түрлері басым 
болып келеді. Оларға:
Барлық мәліметтерді салыстырып, фациялық картаға жүгіне отырып 
қонысшалардың келесідей типтері анықталды: 
1. Төбешікті және жонды, қырқалы; 
2. Өзен аралықтарындағы аздап еңістелген көтеріңкі жазықтар; 
3. Өзен аралықтарындағы ойпаңды еңістелген жазықтар (2-3 градус); 
4. Еңістігі шамалы өзен аралықтарындағы ойпаңды жазықтар (1-3 градус); 
5. Тегіс батпақтанған суайрықтар. Ылғалдану мөлшері артық, кәрізделу 
деңгейі төмен.
6. Әр түрлі қоныстар типінен тұратын өзен аңғарлары. 
Жер бедерінің ерекшеліктерін анықтап алғаннан кейін, жіктелудің келесі 
маңызды сатысы болып топырақ түзуші жыныстар саналады. Мұндағы негізгі 


53 
жыныстар: саздар, саздақтар, құмдақтар және тағы басқалары және олардың 
бұзылуынан пайда болған карбонатты,саздақталған, құмдақты, құмайтты.
Қорыта келсек, қоныстарды қалыптастыратын негізгі факторларды анықтап 
кететін болсақ, олар –жер бедері пішіні, топырақ түзушіжыныстар мен ылғалдану 
режимі- топырақ қабатының жабындалуы мен өсімдік қауымдастықтарын 
анықтайды.
Сонымен, фациялар мен қоныстар – жердің барлық қасиеттерін 
сипаттайтын табиғи-территориялық типологиялық кешендердің ең кіші бірліктері 
(Қосымша К).
Берілген Алматы облысы Жамбыл аудынындағы Қастек елді мекенінің 
аумағын зерттеу кезінде келесідей қоныстар түрі анықталған. Соның ішіндегі 
доминантты (басым) қоныстар: 


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет