5
ЛАНДШАФТТАРДЫ
КЕШЕНДІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БАҒАЛАУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруі
нәтижесі мен осыған сәйкес экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты
егіншілікті тек қана табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен қатар
шаруашылықты жүргізу бағыттарына да тәуекелді екені анықталды.
Еліміздің тәуелсіздік алған уақытынан бері табиғат қорларын бағалап,
соның ішінде жер қорларын ерекше қарастырып, "Жер Кодексінде" оларды
санаттарға бөліп, жіктеген болатын. Бонитеттеу әдісі бағалауда кең
таралғанмен,
ол
ландшафттардың
толық
қасиетін
ашып,
оларды,
сипаттамаларын, ерекшеліктерін ескере отырып экономикалық-экологиялық
құндылықтарын, бағасын, территорияға экологиялық-географиялық экспертиза
жасауға жеткіліксіз.
Осыған дейін дүниежүзі мемлекеттерінде ландшафттарды бағалау
жұмыстары жүргізілген және әлі де жүргізілуде. Дегенмен, жұмыстардың
көпшілігі ландшафттардың тек бір компоненттеріне көп көңіл бөлінуі
нәтижесінде толық қанды бағалаудың нәтижесі болып саналмады.
Бұл зерттеулер ХIX ғасырдағы В.В. Докучаевтің "Русский Чернозем"
еңбегінде [146] табиғи кешен анықтамасын енгізе отырып, оның ландшафттану
ғылымындағы орны мен оның дамуын анықтап берді. Айта кететін бір жағдай,
В.В. Докучаевтің сол кезде сапалық бағалау ілімдері қазіргі таңда
ландшафттарды бағалауға пайдалануға болады.
Аймақтың табиғи-қорлық мүмкіншілігін сапалық бағалаудың негізін
қалаған А.А. Минцтің де [147] жұмыстарынан бұл бағалаудың бастамаларын
байқауға болады. Осындай жұмыстарды әрі қарай жалғасытырып, сапалық
бағалаумен араласқан ғалымдар көп болды. Солардың ішінде Н.Л. Благовидов
[148], Ф.Н. Мильков [149], Л.И. Мухина [150] және т.б.
Ландшафттарды сандық және сапалық бағалаудың әдістерін А.Г.
Исаченко 1980 ж. жарияланған монографиясында атап өткен болатын. Оған
дейін баллдық жүйені ол жоққа шығарып, ондай бағалау жүйесі ландшафттарды
аумақтық қасиеттері бойынша, олардың кешендерін бағалауда толық және
сапалы мәлімет бере алмайды деп атап өткен болатын. Сондықтан,
географиялық кешен тұрғысынан есептегенде оларға толық сандық және
сапалық баға беру үшін ол ландшафттануда салыстырмалы классификациялық
әдісті пайдалануды ұсынды.
Осыған дейін Алматы облысындағы Жамбыл ауданында жайғасақан
ландшафттарға экологиялық бағалау жұмыстары жүргізілмеген болатын.
ЛБЕЖ-ді құрастыру, оны іске асыру және соның негізінде
ландшафттардың қалпын сақтай отырып, оларды тиімді пайдалану,
құнарлылығын арттыру мақсатында оларды экологиялық тұрғыда бағалауда
85
оның физикалық-географиялық сипаттарына көп көңіл бөлдік. Яғни, зерттелетін
айммақтың геоморфологиялық жағдайлары, орографиясы, жер бедерінің
еңкіштігі, өндірістік және шаруашылық кздердің орналасуы сияқты факторларға
көңіл бөлдік.
Мұндай
жұмыстар
Ресей
Федерациясының
Амур-Зейск
өзен
аралықтарының ландшафттарын анықтап, оларға экологиялық баға беру [151]
жұмыстарында, сонымен қатар ТТК-ларға баллдық және кешенді
(ландшафттық) талдау жүргізу әдстері де құрастырылған. Қазіргі таңда
ландшафттарды экологиялық тұрғыдан бағалаудың әлі де нақты әдістемесі
анықталмаған. Сондықтан да, аталған жұмыстардың негізінде және оларды
салыстыра отырып, кешенді ландшафттарды талдау және салыстырмалы
әдістерді сәйкестендіре отырып Алматы облысы Жамбыл ауданының
ландшафттарына эклогиялық бағалау жасадық.
Жерді агроэкологиялық бағалау өз кезегінде зерттелетін нысанды
географиялық талдау тұрғысынан ғана зерттеп қана қою емес, сонымен қатар
оларды биологиялық, химиялық және басқа да агротехнологиялық
жайғдайларын да ескере отырып талдау жүргізілуін қажет етеді. Жерді ұтымды
пайдалану және олардың қасиеттерін сақтап қалу жұмыстары жердің орналасу
сипаттарынан басқа, сол аймақтаға шаруашылық әрекеттердің әсеріне де
байланысты.
Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы құрастырылған
карталарының жиынтығын талдай келе отырып, сол ауданның агроэкологиялық
жағдайында қарастырылған факторлардың қаншалықты әсер ететінін анықтау
үшін антропогендік және табиғи факторлрадың тигізетін ауыртпалық дәрежесі
бойынша бағаладық.
ЛБЕЖ жүйесін жобалау кезінде зерттелетін нысанды тек қана кешендерге
бөліп, зерттеу ғана емес, сонымен қатар оларды ұтымды пайдалану, табиғи
қалпын сақтап қалу мақсатында оларға қандай да әсер етуші бір факторларды
(табиғи, антропогендік, өндірістік, т.б.) анықтап, олардың әсер ету дәрежесіне
байланысты жіктеп, бағалау болып саналады.
Алматы облысы Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығына жарамды
жерлердің жалпы көлемі - 975472 га құрайды. Ауданның а/ш-на жарамды
жерінің аумағы бойынша жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың
га, жайылымы 1,6 млн.. га.
44 өнеркәсіп орны жұмыс істейді. Қарғалы ауылында облыстағы ірі
тоқыма өнеркәсібінің бірі – «Қарғалы» АҚ орналасқан. Өнеркәсіп орындарынан
«Жартас» ЖШС-нің болашағы зор. Ауылшаруашылық кәсіпорындары – 59.
Шаруа қожалықтары – 3200.
Жоғарыда берілген мәліметтер ландшафттарға тиетін ауыртпалық пен
олардың өзгерісіне алып келетін факторлардың бірілері болып табылады.
86
Сондықтан да, ЛБЕЖ-ді құру барысында оларды да қоса есептеп, бағалануы
қажет.
Табиғи және антропогендік факторлардың әсер ету қарқындылығы
бойынша олардың әсер ету қарқындылығы шкаласын құрастырып, экологиялық
бағалау кезінде қарастырған элементтерге пайдаландық (15-кесте).
15-кесте - Антропогендік және табиғи факторлар ауыртпалықтарының
қарқындылығы
№ Антропогендік және табиғи факторлардың
ауыртпалықтарының қарқындылығы
Топ
1.
Максималды
V
2.
Жоғары
IV
3.
Қалыпты
III
4.
Төмен
II
5.
Өте аз
I
Ландшафттарға
талдау
жасау
барысында
оларды
құраушы
морфологиялық бірліктерді, яғни қоныстардан тұратын бірліктердің тілімдену
мөлшері ескерілді.
С.С. Соболевтің [138] «бедер эрозиялық процестердің шешуші нысаны»
деген анықтамасын ескере отырып, бағдарламаның көмегімен құрастырылған
еңістік картасына сүйене отырып аудан аумағы бедердің еңкіштік деңгейлері
бойынша қарапайым шекаралары бойынша 9 дәрежеге бөлінді. В.И.
Кирюшиннің [152] бедердің еңістік мәліметтері бойынша топырақтың эрозияға
ұшырау жіктемесіне сүйене отырып, зерттелетін нысанның эрозияға ұшырау
деңгейі мен алып жатқан аумағының көлемін де градустық көрсеткіштерінің
дәрежесіне байланысты анықтауға мүмкіндік туды (16-кесте ).
16-кесте – Бедердің еңістік мәліметтері бойынша топырақтың эрозияға
ұшырау жіктемесі
Эрозияға ұшырау деңгейі
Еңістік деңгейі,
градус (
)
Беткей ауданы,
га
Эрозиялық
қауіп топтары
Жазық
Жайдақ жер
0º-1
о
625 400
І
Көлбеу
1º-3
о
358 200
Еңістік
Әлсіз еңіс
3-5
о
336 000
ІІ
Еңіс
5-8
о
270 000
III
Өте қатты еңіс
8-10
о
114 530
IV
Тік
10-15
о
102 430
87
16-кестенің жалғасы
Өте тік
15-20(30)
о
45 620
V
Құламалы
20(30)-45
о
42 820
Апаттық
>45
о
17 410
Жалпы ауданы:
1 912 410
Кестедегі мәліметтерге жүгінсек, солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай
бедердің еңкіштенуі де арта түсіп, егістікке пайдаланылатын жерлер және
солтүстік сұрғылт топырақты ландшафттық алқаптардың басым көпшілігі 3-5º
және 5-8º аралығында жайғасқаны айқындалды. 30-45º және 45º-тан жоғары
аумақтар биік таулы аймақтар мен тік құламалы беткейлі аймақтарға тән.
Зерттелетін аймақтың 1:100 000 масштабтағы еңістіктік картасын талдай
келе отырып, еңістік бұрышының артуына байланысты соғұрлым оның тигізетін
әсеріне сәйкес оларды топтарға бөлдік.
I - эрозиялық қауіптілігі аз 0-2° еңістікте орналасқан көтеріңкі
аккумулятивтік жазықтар.
II − еңістік деңгейі 3-5° аралығындағы эрозия қауіпі әлсіз байқалатын
денудациялық жазықтар.
III − еңістік деңгейі 6-9° эрозия қауіпі орташа болып келетін
денудациялық, тау алды жазықтары.
IV − еңістік көрсеткіші 10-15°, эрозияға ұшырау деңгейі қауіпті болып
келетін тау етегі, қырқалы-жонды орташа таулы алқаптар.
V − эрозияға ұшырау деңгейі өте қауіпті 18°-тан жоғары денудациялық,
қырқалы-жонды және бик таулы алқаптар.
Ауданның солтүстік бөлігіндегі Сарытауқұм және Қарақұм шөлдері
жайғасқан. Аталған нысандарда көбіне дерлік жел эрозиясы басым, су
эрозиясымен салыстырғанда. Егістікке пайдаланатын алқаптарының толығымен
дерлік ауданның орталық алқаптарында 6°- орналасуына байланысты және
суармалы егіншілік түрінің дамуына байланысты бұл алқаптар су эрозиясына
ұшырау қауіпі өте жоғары.
Тағы да бір ескеретін жағдай, еңістік деңгейлерінің жоғары көрсеткіштері
орташа және биік таулы аймақтарға, ал төменгі көрсеткіштер аумағы тау алды
жазықтары мен ойпаңды аймақтарға тән.
Келтірілген мәліметтер мен карталардағы кескінді салыстыра отырып
беткейдің еңістік деңгейі ауданның оңтүстігіндегі Майтөбе тауының жалғасы
Жетіжол мен Қастек жотасында VI және ІХ классты деңгейлердің басым екені
айқын. Сонымен қатар бұл көрініс ауданның орталық бөлігінде жайғасқан
Қараой аңғарына да тән.
Көптеген топырақ денудациясына әсер етуші қарапайым табиғи процестер
өте баяу өтуде. Зерттелетін аймақ территориясының толығымен дерлік
егіншілікке пайдаланылатындықтан, бұл жердің көп бөлігі табиғи өсімдік
88
жамылғысынан айырылған және тек ауыл шаруашылық өсімдіктері ғана
жабындап жатады. Сондықтан да жылдың барлық мезгілінде тұрақты өсімдік
жамылғысы болмағандықтан, денудация процестерінің қарқынды жүруіне
септігін тигізуде. Мұның барлығы топырақ қабатының тез бұзылуына алып
келеді.
Биіктіктердің өзгеруіне байланысты жер бедеріне түскен атмосфералық
жауын-шашындар потенциалдық энергияға кенеліп, жер бедеріне түскенде
жыныстарды жырып, олардың жылжып шайылуына септігін тигізеді.
Эрозия үдерісінің даму қарқындылығына әсер етуші негізгі факторлар
болып бедердің көлденең бағытта тілімденіп келуіне байланысты анықталатын
биіктік пен ара қашықтың арасындағы айырманың орташа көрсеткіші саналады.
Түрлі аймақтардың геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрлі
қашықтықты, пішінді және тіктігі бойынша беткейлер анықталады.
Мұндай апаттық жағдайларды ұшықтырмау үшін эрозияға ұшыраған
жерлердің аумағын қамтитын топырақтық-эрозиялық карталарды құрастырып,
солардың негізінде қандай себептер мен салдарларға байланысты бұл аймақта
эрозияланған жерлердің аумағын анықтау, арнайы шаралар құрасытруда бірден-
бір табылмас құрал болып саналады.
Геоморфологиялық белгілері бойынша бағалау жағдайында оның басты
ауылшаруашылығына пайдалану мүмкіншіліктерін арттыратын (аудан мен
еңістіктік) көрсеткіштеріне байланысты. Бедерді бағалау бойынша оның ең
қауіпті және ең қолайлы бедер еңістігі дәрежелері алынды. Яғни, бедер
еңкіштігі артқан сайын, оның су эрозиясына ұшырау қауіпі де артып отырады.
Келесі бір сипаттамаларының бірі, ол Жамбыл ауданы территориясын
антропогендік ауыртпалықтың нәтижесі өзгерістерінің дәрежесіне байланысты
жіктелуін қарастырған жөн деп санадық.
Ландшафттардың экологиялық бағасын беруде кестеде берілген мәліметтер
бойынша антропогендік ауыртпалылық дәрежесінің бағасын көрсеттік (17-
кесте):
17-кесте - Антропогендік ауыртпалылық дәрежесінің бағасы
Жер қорындағы жерлер
және олардың басты
категориялары
Антропогендік
ауыртпалылықтың
түрлері мен түршелері
Антропогендік
ауыртпалылықтың баллы
І.
Ауылшаруашылығы
мақсатындағы жерлер
а/ш
5
- үй маңындағы жерлер
селитебті
4
- а/ш инфрақұрылымдық
жерлер
Шаруашылық
4
- шабындық
Химиялық, а/ш
5
89
17-кестенің жалғасы
- жайылым
Малшаруашылығы
5
ІІ. Елді мекен аймақтары
Селитебті
4
ІІІ. Өндірістік жерлер
Өндірістік
3
- жол және басқалары
Жол
3
Сонымен, тұжырымдай келе, Қазақстанның егіншілік жүйесі 30 жылдары
қалыптасқан Кеңес Одағының ұзақ уақыт бойы жүргізген аграрлық саясатының
негізінде дамыды. Ол мемлекеттің индустриализациясы мен урбанизациялау
мақсаттарына бағынышты болды және ауыл шаруашылығын қаланың
шикізаттық, еңбек, қаржылық және тағы басқа қорлардың көздері ретінде ғана
қарастырды. Бұл қарқынды жұмыс әкімшілк жүйенің қатаң қадағалауымен
экстенсивті тәсілдермен жүргізіліп, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері
ауылдарда, шаруа қожалықтарында айтарлықтай жетістіктерге жеткізбеді.
Мұндай жүйе КСРО-ның барлық аймақтары үшін бірдей болды. Осының
нәтижесінде егістік пен жайылымдық жерлердің көлемдері арттырылып,
көптеген жерлерді тыңайтып, суармалы жерлердің көлемін арттырды. Ауыл
шаруашылықты жүргізу дұрыс іске аспай, өсімідіктерді қорғау шаралары да
қанағаттандырарлықтай болмады. «Егістік жерлерді арттырып, халықты
азықпен толығымен қамтамасыз етеміз» деген бұл жобаның кері, қайшылық
жақтары көп болмаса, кем болмады.
Осы қателіктерді талдай отырып, қазіргі таңда, аграрлық саясат белгілі бір
жүйелік тәсіл арқылы іске асырылуы қажет. Оның мәні мынада, ауыл
шаруашылығын жүргізген кезде барлық факторлар, соның ішінде әлеуметтік-
экономикалық, өндірістік, табиғи және тағы басқалары да есепке алынуы керек.
Жердің қорларын тиімсіз пайдалануды болдыртпау мәселесі қызу талқылауға
түсіп, елімізде географ, топырақтанушылар, биологтардың бастауымен көптеген
шаралар ұйымдастырылуда. Бұл мәселенің, қазіргі кездері, алдыңғы қатарларға
шығуы ең біріншіден экологиялық жағдайлардың ұшығуына байланысты болып
отыр. Себебі химизациялаудың әсерінен ғана емес, сонымен қатар табиғат
қорларын пайдалану мен агроөнеркәсіптік өндірісті дұрыс жүргізбеудің
нәтижесінде жерді игеру кезінде қойылатын экологиялық шектеулердің
жоқтығы да әсер етті. Дүниежүзінде кеңінен қолданылып жүрген
ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін Қазақстанның территориясына да
пайдаланып көруімізге болады. Мұны сенімділікпен қолға алуға себепкер
болатын дамушы мемлекеттерде өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап, түрлі
агроэкологиялық
жағдайларға
қолданылатын
егіншілік
жүйесін
дифференциациялау жүргізіліп келеді. Осының негізінде егіншілік жүйесі мен
агротехнологияны ландшафттарға бейімдеу іске асырыла бастады. Ол БҰҰ-ның
1992 жылы Рио-де-Жанейродағы қабылдаған табиғат қорларын жаһандық
90
тұрғыда пайдалану шешімімен сәйкес келеді. Бұл қабылданған шешім
В.В.Докучаевтың жерді игеру, яғни жергілікті жердегі топырақтардың типтерін
ескеретін және оны ландшафттық негізде әрі қарай толық зерттеп,
қарастырылуы қажет деген қағидасын іс жүзінде дамыту болып табылады.
Сонымен, бұл агроландшафттық жаңа бағыт біздің мемлекетте де етек
жаюы керек. Осы жүйені іске асыру үшін мемлекет егіншілікті ландшафттарға
бейімдеу жүйесін құрастыруға арнайы тапсырыс берді. Мұны іске асыруды ең
біріншіден - Қазақстандағы ландшафттардың ерекшеліктері мен сипаттарын
анықтайтын карталарды құрастырудың әдіснамалық негіздеріне талдау жасау
арқылы оларды жүйелеп алу. Территорияны ландшафттарға жіктеу арқылы жер
бедері, климаты, топырақтың негізін құраушы тау жыныстарының құрамын,
өсімдік жамылғысын, жер беті және жер асты сулары қысқаша сипаттамалалар
жасаймыз. Оларды анықтап алғаннан кейін, зерттелетін нысандарға және
шешілетін мәселелерге сәйкес ГАЖ технологиялардың оңтайлы нұсқаларын
пайдалана отырып, оларды компьютерге енгізгеннен кейін талдау жасау қажет.
ГАЖ технологиялары геоинформатиканың негізінде жатыр. Ол әр түрлі
иерархиялық
деңгейлердегі
табиғи
және
әлеуметтік-экономикалық
геожүйелерді арнайы құрылатын мәліметтер базасын компьютерлік өңдеу
арқылы зерттейді.
Геоақпараттық технологиялалар – қоршаған географиялық ортаны,
табиғи-антропогендік геожүйелерді оңтайландырылу мақсаты мен олардың
тұрақты дамуын зерттейтін жаңа жүйелік әдіс. Осы әдістерді пайдаланып,
Қазақтың егіншілік ғылыми зертеу институтының ғалымдары Алматы
облысындағы Қарасай ауданың айдалған жерлерінің ландшафттық картасын
құрастырды. Мұндай ландшафттық
карталар
Қазақстанды
физикалық-
географиялық тұрғыдан аудандастыру үшін негіз болып табылады және біздің
мемлекетіміздің кең ауқымды территориясының белдемдік дифференциациясын
нақтылауға мүмкіндік береді.
Ландшафттық карталарды құрастыруға көп көңіл бөліп, олардың мән-
мазмұнын толықтай зерттей бастаған. Солардың бірі болып Г.В.Гельдыева мен
Л.К.Веселова Қазақстанның табиғи ландшафттарының аумақтық құрылымын
қарастырған. Нақты фактілік материалдар негізінде Қазақстанның жазықтық
бөлігі мен республиканың оңтүстік-шығыс таулы өлкелерінің табиғи-аумақтық
кешендерінің антропогендік құбылымы (динамикасы) мен құрылымына,
құрылымдық құрылыс заңдылықтарына жалпы талдау жасалынып, жазықтық
ландшафттар мен таулы жүйелердің ландшафттар дифференциациясының
морфоқұрылымдық қағидалары қарастырылған.
Республика территориясы
табиғатының өзгешеліктері, табиғи-аумақтық кешендердің әр түрлілігі мен
ерекшеліктері
туралы
түсініктер
көптеген географтардың жүргізген
зерттеулерінің нәтижесінде алынған мәліметтерінің негізінде қалыптасып,
құрастырылған.
|