Шокпарова дана канатхановна


  ЛАНДШАФТТАРДЫҢ БЕТКЕЙЛІК СИПАТТАРЫНА СӘЙКЕС СУ



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.


ЛАНДШАФТТАРДЫҢ БЕТКЕЙЛІК СИПАТТАРЫНА СӘЙКЕС СУ 
ЭРОЗИЯСЫНА ҚАУІПТІЛІК ЖАҒДАЙЛАРЫ 
Ұсынып отырған жұмыстың мақсаты мен шешілетін мәселелеріне сәйкес 
келетін зерттеу нысаны Алматы облысындағы Жамбыл ауданының реті келетініне 
көз жеткіздік. Себебі, Іле Алатауының етегінде орналасқан осы облысқа қарасты 
аудандардың (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ) ішіндегі ең көп көлемді 
сұрғылт топырақтар ауданның 797,2 мың га жерін алып жатыр. 
Ауылшаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,8 млн. га, оның ішінде 
жыртылғаны 149,1 мың га, суарылатыны – 21,2 мың га, көп жылдық егістіктері – 
0,97 мың га, тыңайған жерлері 90,5 мың га, шабындығы – 12,9 мың га, жайылымы 
– 1,54 мың га, ал бау-бақшалары 0,6 мың га болып келеді. Жерлерді пайдаланудың 
жоғарыда көрсетілген түрлері сұрғылт топырақтардан тұратын агроландшафттарға 
тән. 
Аудан жерінің ауылшаруашылығына жаппай пайдалануына байланысты 
жердің деградацияға ұшырау қауіпы деңгейі өте жоғары. Жердің деградацияға 
ұшырауының көптеген баламасы бар. Соның бірін Winslow [116] талқылыған 
болатын. БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау және даму атты конференциясында 
жердің климаттық және де адамдардың әсерінен болған өзгерістердің нәтижесінде 
қалыптасқан құрғақ, аридті аумақтарының деградацияға ұшырауын шөлдену 
процесі деп атап өткен болатын. «Деградация» топырақ құнарлығының кемуінің 
нәтижесінде оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің 
төменденуіне және экожүйе тепе-тепеңдігінің бұзылуына алып келетін процесс". 
Деградация [117], адамдардың пайдаланысындағы 2 млрд немесе 23% жердің өнім 
беруі мен құнарлылығына кері әсерін тигізеді. Топырақ құнарлылығының 
жойылуы ауылшаруашылығын дұрыс жүргізбеу, агротехнологияларды дұрыс 
таңдамау, шабындық жерлер мен мал жайылымдық жерлерді асыра пайдалану мен 
ағаштарды шабу әсер етеді [118, 119]. 
Орталық Азия мен Қазақстаннның аридті жерлерінің басым бөлігі 
деградацияның әртүрлі түрлеріне, әсересе топырақ деградациясына ұшырауда. 
Мысалға, топырақ құнарлылығының жойылуы, тұздану, батпақтану; шөлденуге,
шабындық жерлерді және мал жайылымдық жерлерді шамадан тыс пайдалану 
жатады [120]. Дегрдация су және жел эрозиясы, тұздану, батпақтану, топырақтың 
нығыздалуы, топырақтың азуы мен шөлденуге ұшыраудың нәтижесі арқылы 
сипатталады.
Су эрозиясы республикамыздың аумағында, әсіресе Алматы облысы 
аумағында кеңінен таралған. Су эрозиясына ұшыраған ауылшаруашылық 
жерлердің көлемі 5 млн.. га, соның ішіндегі 1млн.. га жер суармалы жерлердің 
үлесіне тиеді. Сумен шайылған ең ауқымды жерлер еліміздің оңтүстігі (2.1 млн.. 
га) мен батысында (1.27 млн.. га) анықталған [117, 57 бет]. Олардың дамып, кең 
ауқымды алапты алуының басты себептері, ол - аталған аймақтардағы су 


55 
көздерінің аздығы мен суғару жүйесінің дұрыс жүргізілмеуі,еңістік бұрышы 
жоғары беткейлерде орналасуы.
Бұрыңғы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің (2014) берген қорытынды 
есептеріне сүйенсек 179.9 млн.. га немесе 66% республикамыздың жері 
деградация мен шөлденуде ұшырау қауіпінде [121]. Деградацияға ұшыраған 
топырақтардың аумағы 4.5 млн.. га, орташа - 5.2 млн.. га жерді және ауқымы аз 
деградацияға ұшыраған жерлердің ауқымы 1.5 млн.. га құрайды және 0.7 млн.. га 
суармалы жерлер органикалық құрамының жойылуына душар [122]. 
Қазақстандағы топырақтың деградацияға ұшырауы мен шөлдену үрдісінің 
қарқынды дамуы 1950 - 1970 жылы тыңайған жерлерді жаппай игеру саясатының 
нәтижесі болды. Дегумификация үрдісінің нәтижесінде игерілген жердің 4.5 млн.. 
га қатты өзгеріске ұшырамаған, 5.2 млн.. га орташа және 1.5 млн.. га қатты 
ұшыраған [123].
Қазіргі таңда топырақ құнарлығының кемуі және аридті аймақтардың 
шөлдену үрісіне ұшырауы дүниежүзінде де байқалып жатқан үрдіс [124]. 
Ауыл шаруашылығын тұрақтанған әрі нық даму жолына түсіру үшін 
антропогендік табиғи кешендерді ғылыми-негізделген стратегиялар арқасында, 
мысалға егіншілікке бейімделген ландшафттық жүйелерді құру арылы реттеудің 
маңыздылғы өте жоғары. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесі 
арқылы және технологиялардың жетістіктері арқылы құрастырылған. Қазіргі кезде 
бұл жүйенің ауыл шаруашылық өнімдерін игеру, өнімділігін арттыратын 
экологиялық, экономикалық және тиімді тұрғыдан қарастырған жағдайда және 
тәжірибелік тұрғыда пайдаланылатын ең тиімді жүйе болып саналады.
Егіншілікті жетілдіру мақсатында ғылыми негізделген осындай жүйелерге 
алмастыру барысында өсімдіктерден түсетін өнім мөлшері артып, егістік 
шаруашылық жерлер мен топырақтардың құнарлылығы сақталынады. 
Құнарлылықты арттыру мақсатында жүргізген шараларды дұрыс атқарылмаған 
жағдайда (химизация, мелиорация, жаңа технологиялар және т.б.) одан да күрделі 
мәселелер туындауы мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылығының дамуы ғылыми-
техникалық потенциал мен көп жылдар бойы жиналған тәжірибелердің бірге 
жинақталып, орталықтануының нәтижесінде дамып, егіншіліктің белдеулік 
заңдылықтарға емес, ландшафттарға бейімделген жүйелерінде дамуы қажет. Бұл 
бағытта, егіншілікті экологиязациялау мәселелерін шешуде, оның тиімділігін 
арттыру мен биологизациялаудың техникалық процестерінің ерекшеліктері мен 
егіншілік жүйелерінің элементтерінің рөлін қарастырған жөн екендігін Х.Л. Кук 
[125] атап өткен болатын.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары география ғылымында топырақ эрозиясын 
зерттеу бағытының қарқынды дамуымен сипатталды. Эрозияны зерттеу ғылым 
шегінде ғана қалыптасып қана қоймай, өзіндік құндылығы жоғары оқу пәні 
ретінде де енді.


56 
Ағылшын әдебиеттерінде ең алғаш рет Х.Е.Мидлттон [126] ұсынған 
«топырақтың шайылуы» деген тұрақты орын алған терминге орыс тіліндегі 
«эрозияланған» деген анықтама сәйкес келеді. Қазіргі кезде көп пайдаланылатын 
түсінікті (erodibility) алғаш рет Х.Л.Куктың еңбектерінде кездескен болатын. 
Отандық әдебиеттерде көбінесе С.С. Соболев және С.И. Пономорева [127] алғаш 
рет ұсынылған «топырақтың эрозияға қарсы тұруы» атты түсінік кездеседі. 
Кейінірек В.Б. Гуссак [128] алғашқы терминге қарама қайшы келетін топырақтың 
«эрозияға ұшырауы» деген терминді ұсынды. Ал орысша бұл термин «шайылудың 
көрсеткіші» деген анықтамаға сәйкес келетін А.С. Вознесенский мен А.Б.Арцруни 
[129] ұсынған топырақтың «шайылуы» деген анықтамасы сәйкес мағынаны 
білдіреді. Ал кейіннен бұл терминді Г.И. Швебс [129] кеңінен өз еңбектерінде 
пайдаланды. 
Бұл түсінікке қарапайым жағдайларда қалыптасатын топырақтық 
сипаттамалардан бастап (механикалық құрамы, құрылымы, органикалық 
ағзалардың мөлшері, топырақтың сіңіру қасиеті, топырақ қабатының су 
өткізгіштік қасиеті, т.б.) топырақтың шайылуымен аяқтай отыра әртүрлі 
мазмұнды, құрамды түсініктер қалыптаса бастады. Айта кететін бір жағдай, 
көрсеткіштердің көп бөлігі белдеулік топырақтар типтерінің салыстырмалы түрлі 
шайылуына сай келеді. Алғаш болып мұндай бағалауды С.С. Соболев [131]
берген болатын. 
Қазіргі кезде топырақтың эрозияға қарсы тұру қабілеттілігін сипаттауда 
келесі сандық көрсеткіштер пайдаланылады:
1) шайылу жылдамдығы;
2) қарапайым жағдайларда топырақтың су ағындысымен шайылу 
жылдамдығы;
3) жауын-шашын мен ағын көлемінің эрозиондық мүмкіншілік 
көрсеткіштерінің қатынастарына сай шайылған топырақтардың мөлшері;
4) алдында айтылған екі топырақтың ішінде біреуі эталон ретінде 
қарастырылартын салыстырмалы сипаттама.
Эрозия кең ауқымды мағынада топырақты және топырақты құраушы тау 
жыныстарының су, жел, антропогенді және басқа үрдістердің әсерінен бұзылу 
және бұзылу процесінің нәтижесіндегі өнімдердің ысырылу процессі болып 
саналады. Дегенменде, М.Н. Заславский [132] кейінде топырақтың шайылуы мен 
сырғуы дегенде топырақ эрозиясы санап, ал «дефляция» термині жел эрозиясынан 
туындаған түрі деп айтып өткен. Қазіргі кезде дамып жатқан эрозия түрі жаңа 
технологиялар мен құрылғылар арқылы жердің өңделуіне байланысты топырақ 
және оны құраушы жыныстардың шайылу, бұзылу үрдісі болып табылады. 
Табиғи, тыныш қалпы адамның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде, 
яғни гидрографиялық тор аймағының жыртылуы, орман ағаштарының кесілуі, 
өсімдік жамылғысының жойылуы сияқты жағдайлардың шамадан тыс асып 


57 
кетуіне байланысты қатты өзгерістерге ұшырайды. Осының нәтижесінде табиғи 
жағдайда дамып жатқан эрозия тез қарқынмен дами бастайды.
Адамның іс-әрекетінің алуан түрлілігіне байланысты табиғи эрозия 
геологиялық процесс ретінде антропогендік сипаттарға ие болып қана қоймай, 
сонымен қатар оның жаңа түрлері пайда болады: беттік, өзендік, ирригациялық, 
сызықтық (жыралық), өндірістік және т.б. 
Егістік жерлер үшін топырақ түсінің өзгеруі тән және ол топырақтың 
эрозияға ұшырау деңгейі мен генетикалық негізіне байланысты анықталады. Ал 
шайылудың шамадан тыс артық болып келуіне сай (орташа шайылған топырақтар) 
шабындық жерлер құба түске ие болады, келесілері (қатты шайылған 
топырақтарда) қанық құба түске боялады. Шайылған топырақтар құрамында 
құмның (0,05 мм-ден ірі грануламетрлік элементтер) көптігімен ерекшеленеді. 
Олар үшін су өткізгіштік қасиеттерінің төмендеуі, топырақтың тығыздығының 
артуы мен қатты фазасының артуы, кеуектілігі мен борпылдақтығы кемиді. 
Мұның барлығы су өткізгіштік және су сыйымдылық қасиеттерінің төмендеуіне, 
сонымен қатар аэрацияның кемуіне алып келеді.
Көптеген зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесінде эрозияның дамуы 
белдеулік табиғи үрдістердің дамуына байланыстылығы анықталды.
Эрозия көбінесе бедер еңістігі 0,5
0
-жоғары жерлерде байқалына бастайды. 
Ол екі типке бөлінеді: шайылу немесе жазықтық эрозия және сызықтық эрозия. 
Топырақ эрозиясының дамуына әсер етуші ең маңызды көрсеткіші – жауын-
шашынның эрозиялық потенциалы. Бұл көрсеткішті анықтау үшін жауын-
шашынның түрлері, олардың 30 минут аралығындағы қарқындылығы мен 
энергиясы қажет. Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері [133]
жаңбырдың максимальді 30 минуттық аралығындағы энергиясы шайылумен 
тығыз байланысты.
Топырақ шайылуының әртектілігі, топырақ жамылғысының әркелкілігіне 
алып келеді. Егер беттік шайылуға кедергі келтірмесе, ол біраз уақыт аралығында 
тереңдігі 20-30 см-ге жететін сызықтық эрозияға алып келеді. 
Тағы да бір айта кететін бір жағдай ол – бедердің эрозиялық потенциалы, 
яғни ағынның пайда болуы, судың төмен сырғуы және оның жиынтықтық 
мөлшері. Г.И. Швебс [134], М.Н. Заславский [135], Г.А. Ларионованың [136] 
зерттеулерінің нәтижесінде топырақ эрозиясы жер бетіне түсетін жауынның 
орташа мөлшері емес, максимальді көрсеткішті жағдайда ғана болады.
Эмпирикалық мәліметтердің жиынтығы шайылудың орташа көрсеткіші еңістік I 
пен беткейдің ұзындығының L нәтижесі. Байланыс мұндай нәтижеге ие: 
W=a

I

L
p
,
Мұнда a
p
- шайылуға әсер ететін басқа да факторлар. Бедердің эрозияға 
қарсы тұру қасиеті төмен және өсімдіктермен жабындалмаған топырақтарға әсері 


58 
өте күшті (n=1,0-2,0) және өсімдік қоршап жатқан жерлерде ол 0,7-1,0- ге жетеді. 
р көрсеткішінің көп мәндері 0,35-0,6-ға тең болады /84/. 
Топырақтың шайылу картасының құруда зерттеуге сәйкес масштабтағы 
топырақтық карталар (1:50 000 – 1:25 000) қажет. Картада көрсетілетін түрлі 
топырақ типтері туралы ортақ мәліметтер жинақталып, келесі мағлұматтар 
анықталады: гумус немесе қара шіріндінің мөлшері, %; өте ұсақ түйіршікті шаң-
тозаңдар мен ұсақ құмдардың бар болуы (0,1 – 0,001 мм), %; құмның мөлшері 
(>0,01 мм), %; сол жерге тән, қалыптасқан су сіңіргіштігі, мм/мин; су өткізгіштік 
қасиетке берік агрегаттардың бар болуы > 0,25 мм, %. 
Түрлі топырақтың гранулометриялық құрамы мен гумустық қабаттың 
мөлшері туралы мағлұматтар шаруашылықтардың топырақтық картасында 
беріледі.
С.С. Соболев [137] сипаттамасы бойынша «бедер эрозиялық процестердің 
шешуші нысаны» деп айтқан. Биіктіктердің өзгеруіне байланысты жер бедеріне 
жақындаған атмосфералық жауын-шашындар потенциалдық энергияға кенеледі. 
Ол су буына айналып, жер бедеріне түскенде жыныстарды жырып, шайылуына 
септігін тигізеді.
Эрозия үдерісінің даму қарқындылығына әсер етуші негізгі факторлар 
болып бедердің көлденең бағытта тілімденіп келуіне байланысты анықталатын 
биіктік пен ара қашықтың арасындағы айырманың орташа көрсеткіші саналады. 
Түрлі аймақтардың геоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрлі 
қашықтықты, пішінді және тіктігі бойынша беткейлер анықталады.
Беткей еңістігінің картасын құрастыру кезіндегі көрсеткіштер зерттелетін 
әдіс-тәсілдердің түріне байланысты анықталады. Көп жағдайда бедердің орташа 
еңістігін анықтаумен тоқталады.
Көптеген топырақ денудациясына әсер етуші қарапайым табиғи процестер 
өте баяу өтуде. Зерттелетін аймақ территориясының толығымен дерлік егіншілікке 
пайдаланылатындықтан, бұл жердің көп бөлігі табиғи өсімдік жамылғысынан 
айырылған және тек ауыл шаруашылық өсімдіктері ғана жабындап жатады. 
Сондықтан да жылдың барлық мезшілінде тұрақты өсімдік жамылғысы 
болмағандықтан, денудация процестерінің қарқынды жүруіне септігін тигізуде. 
Бұның барлығы топырақ қабатының тез бұзылуына алы келуде. 
Жер бетінің жоғарғы қабатын бұзушы денудациялық процестер 
білетініміздей геология мен географияда топырақ эрозиясы деп аталады. Топырақ 
эрозиясы бүкіл әлем бойынша дамып, қазір көптеген мемлекеттерге зардабын 
тигізуде.
Мұндай апаттық жағдайларды ұшықтырмау үшін эрозияға ұшыраған 
жерлердің аумағын қамтитын топырақтық-эрозиялық карталарды құрастырып, 
солардың негізінде қандай себептер мен салдарларға байланысты бұл аймақта 
эрозияланған жерлердің аумағын анықтау, арнайы шаралар құрасытруда бірден-
бір табылмас құрал болып саналады.


59 
Беткей еңістіктерінің картасы құрастырылғаннан кейін, біз оны 
С.С.Соболевтің жіктемесіне салып, топырақтың қаншалықты эрозияға 
ұшырайтынын анықтадық (7-кесте): 
7-кесте - Бедердің еңістік мәліметтері бойынша С.С.Соболевтің [138] топырақтың 
эрозияға ұшырау жіктемесі
№ 
Еңістік деңгейі, градус 
Эрозияға ұшырау деңгейі 

0-2 
Эрозияға ұшырамаған 

2-5 
Әлсіз 

5-11 
Орташа 

11-20 
Күшті 

20-28 
Өте күшті 

28-42 
Апаттық 
Бұл көп қолданбалы жіктеме болғанымен, Кеңес Одағы кезінде 1957 жылы 
Украина КСР-нің колхоздары мен ауылдарының топырақ жағдайын зерттеп, 
анықтау барысында жүргізілген экспедициялардың нәтижесінде беткей еңістігінің 
келесі шкаласы анықталды: 
1. 0
0
-тан 2
0
-қа дейін 
2. »2
0
» 5
0
3. »5

« 10
0
4. 10
0
-тан жоғары 
5. Аңғарлар мен сайлар түптері 
Топырақ эрозиясының дамуында бедердің қаншалықты орын алатынын 
анықтау үшін біз арнайы бедердің еңістіктік картасын құрастырдық. 
М.Н.Заславский беткейлерді тіктігі бойынша келесі түрлерге жіктеген: 
- еңістігі төмен, - 1-3
о

- шамалы еңістелген, - 3-5
о
- еңістелген, - 5-8
о
- көтеріңкі, - 8-10
о
- көтерілген, -10-15
о
- тік, -15-20
о
- өте тік, - 20-40
о
- жар, еңістігі жоғары 40
о


60 
4.1 
Сұрғылт топырақтар жайғасқан ландшафттардың су эрозиясына 
ұшырау қауіптілік сипаттамалары 
Сонымен, 
сұрғылт 
топырақтардағы 
салыстырмалы 
деградациялық 
процестерді, зерттеу мақсатында, Алматы-Бішкек тас жолының 100 км-де 
орналасқан Тарғап ауылының оңтүстік батысынан бақылау үлескілерін таңдап 
алдық. Олардың координаттарын GPS қабылдағыш құралы арқылы анықтадық. Ол 
көрсеткіштерді 
төмендегі 
сипатталатын 
әрбір 
кескіндік 
шұңқырларға 
сәйкестендіріп келтірдік. Бұл кескіндік шұңқырларды орналастыру келесі 
нұсқаларда іске асырылды: 
1. Кәдімгі сұрғылт топырақтағы еңістігі 8°-қа тең оңтүстік беткейде 
жайғасқан тың жер мен оның жанында орналасқан салыстырмалы аналог ретінде 
таңдалған көп жылдар бойы егін егілетін айдалмалы жер.
2. Осы беткейдің етегінде жайғасқан суайрықтық жазықтықта жайғасқан 
(кәдімгі сұрғылт) топырақтағы тың жерімен, оның аналогтық нұсқасы егін егілетін 
айдалмалы жер. 
Сонымен, аналық тау жыныстық қабатқа дейін қазылған 4 кескіндік 
шұңқырлардың әрқайсысының тектік-морфологиялық сипаттамаларын беріп, 
әрбір 10 см-лік аралықтарынан топырақ үлгілерін алып, олардың құрамдарындағы 
жалпы гумустың мөлшерлерін Тюриннің әдісіміен, карбонаттығын СО
2
газының 
шығымдылығымен, механикалық құрамдары Качинскийдің әдісімен анықталды. 
Бұл кескіндік шұңқырлар Іле Алатауының «Жетіжол» деп аталатын 
жотасының беткейіндегі Қозыбасы тауының Басбатыр асуының шығысы мен 
«Күркіреуік» сайының солтүстігінде жайғасқан. (физикалық-географиялық карта) 
8°-тық беткейде қазылған (18.09.11ж.) кескіндік шұңқырды GPS-тің 
көрсетуі бойынша (алынған мәліметтердің дәлдігі ±6 метрге тең), 75°49'308"ш.б. 
мен 43°19'515"с.е. 756 м-гі абсолюттік биіктікте орналастырдық. Табиғи 
өсімдіктері қоңырбас шөппен жусан және эфемерлерден тұрып, бірен-саран 
бетегелердің көделі жиынтықтары араласқан. Бұлардың жер бетін жабу 
(жабындығы) дәрежесі - 50-60% болып, көпшілігінің биіктігі 5-10 см, ал кейбірі 40 
см-ге дейін жетеді. Бұл өсімдіктерді нақтылап айтсақ, жусан, изен, қияқшөп, 
бетеге және ебелектен тұратын кешенді жамылғы. Бұлардың ішіндеші 
доминантты (басым) түрлеріне жусан мен қоңырбас шөбі жатады. Осы аталған 
өсімдіктердің күзде піскен тұқымдарының жер бетінде шашылып жатқандарын 
байқадық.
Тың жерде қазылған осы кескіндік шұңқырдың тектік-морфологиялық 
сипаттамасы Ө.О. Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия институтының 
аға ғылыми қызметкері Р.М. Насыровтың басқаруымен орындалды.
0-16 см – сұрғылт түсті, аздап ылғалданған, сәл нығыздалған, кесектеу-
ұнтақты-шаңдақты механикалық құрамда. Өсімдік тамырлары молынан 
кездесетін, орташа саздақты топырақ.


61 
6-16 см – сұрғылт түсті, құрғақ, тығыз, кесектеу. Өсімдік тамырлары 
молынан кездесетін орташа саздақты механикалық құрамдағы топырақ.
16-32 см – сұрғылттау-құба түсті, құрғақ, нығыздалған, сынғыш кесекті, 
өсімдіктердің ұсақ тамырлары кездесетін, орташа саздақты топырақ. 
32-52 см – құба түсті, дымқылдау, нығыздалған, сынғыш кесектеу
шаңдақты. Өсімдік тамырлары бірен-саран кездесетін, орташа саздақты топырақ. 
52-70 см – ақтаңдақты құба түсті, құрғақ, нығыздалған, карбонатты, 
кесектеу, орташа лесс тәрізді саздақты, ал 60 см тереңдікке дейін саздақты 
механикалық құрамда болады. 
Кескіндік шұңқырдың жоғарыдағы тектік-морфологиялық сипаттамасына 
сүйеніп, мұны солтүстіктік кәдімгі сұрғылт топыраққа жатқызуға болады. 
Осы кескіндік шұңқырдың тұсындағы көп жылдар бойы егістікке 
пайдаланып, ал биыл өнімін жинап алған үлескіде, топырақтың тектік-
морфологиялық сипаттамасын беріп, әрбір 10 см қабаттан үлгілер алу үшін 
шұңқыр қазылды. Бұл GPS-тің көрсеткіші (алынған мәліметтердің дәлдігі ±6 
метрге тең) бойынша 75°49'321"ш.б. мен 43°19'496"с.е. абсолюттік биіктігі -755 м-
ге тең, еңістігі 8°-та орналасқан. Тектік-морологиялық сипаттамасы келесідей: 
0-10 см – соқамен жыртқан қабат. Түсі сұрғылт, аздап ылғалданған, сәл
нығыздалған. Жинап алған өнімнің сирек тамырлары бар. Сынғыш-кесекті-
шаңдақты, жеңіл саздақты топырақ. 
10-25 см – бұл да айдалған қабатқа жатады. Құбалау келген сұрғылт түсті, 
құрғақ, нығыздалған, кесектеу келген шаңдақты. Өсімдік тамырлары сирек 
кездесетін, орташа саздақты топырақ.
25-40 см – соқамен жыртылған қабаттың астыңғы табаны. Сұрғылттау 
келген құба түсті. Құрғақ, тығыз, кесектеу. Өсімдік тамырлары сиректеу кездеседі, 
орташа саздақты. 
40 -55 см – құба түсті, құрғақ, нығыздалған, шаңдақты-сынғыш кесекті, 
шаңдақты. Өсімдік тамырлары бірен-саран кездеседі. 
55-90 см – карбонатты, иллювиальді, сұрғылт түсті қабат. Сәл ылғалды, 
әлсіз нығыздалған, шаңдақты-кесектеу, жеңілденген орташа саздақ. 
Жоғарыдағы сипаттамалардың негізінде бұл топырақты, тың жердің 
айдалған егістік нұсқасына жатқызуға күмән болмайтынына көз жеткізуге болады. 
Сондықтан бұл топырақтарда лесс тәрізді саздақта дамыған солтүстіктік кәдімгі 
сұрғылт топыраққа жатқызуға болады. Мұны дәлелдей түсетін тағы белгілі бір 
шарт, алқапта қоңырбастың өсіп, топырақтың ең беткі қабатында онша қалың емес 
шымның (дерн) түзілуі. 
Зерттеп отырған Іле Алатауының солтүстік беткейіне өте тән 
геоморфологиялық құрылым – оның тілімделген ойлы-қырлы жондардан 
тұратындығы. Осы жағдай, бұл нысандарды игеру нәтижесінде, ландшафттардың 
деградациялық процесстерге ұшырауларын туындатады. Сондықтан, жоғарыда 
сипатталған кескіндік шұңқырлардың салыстырмалы аналогы ретінде, соларды 


62 
қазған беткейдің еңістеніп барып, шектелген суайрықтық жазықтығындағы және 
игерілген үлескіде кескіндік шұңқырлар қазып, физикалық-химиялық анализдерге 
топырақ үлгілерін міндеті туындады. Сондықтан, бұл жерде де екі кескіндік 
шұңқыр қазылып, тектік-морфологиялық сипаттары жасалды. 
Суайрықтағы тың жерде қазылған кескіндік шұңқырдың орны GPS 
құралының көрсетуі бойынша алынған мәліметтердің дәлділігі ±6-ге тең болды. 
Абсолюттік биіктігі – 753 м. 75°49'447" шығыс бойлығы мен 43°19'538"солтүстік 
ендік аралығында жайғасқан. 
0-6 см –сұрғылт түсті, аздап ылғалданған, сәл нығыздалған, кесектеу-
ұнтақты-шаңтақты. Өсімдік тамырлары молынан кездеседі, орташа саздақты 
топырақ. 
6-17 см –құбалау сұрғылт түсті. Құрғақ, нығыздалған, кесектеу-шаңдақты. 
Өсімдік тамырлары молынан кездесетін, орташа саздақты.
17-32 см – сұрғылттау-құба түсті. Дымқыл, нығыздалған, сынғыш-кесекті. 
Өсімдік тамырлары азая бастаған, орташа саздақты. 
32-55 см – құба түсті, құрғақ, аздап ылғалданған, кесекті. Карбонатты 
қосындылар кездесетін орташа саздақты. 
55-70 см – ақшыл құба түсті қабат. Құрғақ, нығыздалған, карбонатты, 
кесекті, орташа саздақты. 
Жоғарыдағы сипаттамаға сүйеніп, бұл кескіндік шұңқырды орташа саздақты 
кәдімгі солтүстіктік сұрғылт топыраққа жатқызуға болады.
Осы тың жерде қазылған кескіндік шұңқырдың аналогы ретінде қатарласа 
жайғасқан, көп жылдары егістікке пайдаланатын алқабында топырақ үлгілерін 
алдық. GPS құралының көрсетуі бойынша (алынған мәліметтердің дәлділігі ±6-ге 
тең) мұның абсолюттік биіктігі – 753 м. 75°49'427 шығыс бойлығы мен солтүстік 
ендігінде 43°19'543 орналасқан. Кескіндік шұңқырды қазған жер жазық және тегіс 
болып, суайрықтың табанында жайғасқан. Тектік-морфологиялық сипаттамасы 
келесідей: 
0-10 см –сұрғылт түсті, сәл нығыздалғандықтан уысталып алынған топырақ 
үлгісі борпылдақ күйде болады. Ылғалды, сынғыш кесекті, өсімдік тамырлары 
бар, орташа саздақты топырақ. 
10-25 см –құбалау сұрғылт түсті. Құрғақ, нығыз, кесекті, шаңдақ. Өсімдік 
тамырлары аздап кездеседі, орташа саздақты.
25-40 см – құбалау-сұрғылт түсті. Дымқылдау, нығыз, кесекті. Өсімдік 
тамырлары аздап кездеседі, орташа саздақты. 
40-60 см – құба түсті. Құрғақ, нығыздалған сынғыш-кесекті-шаңдақты. Ұсақ 
өсімдік тамырлары сирек кездеседі. Орташа саздақты. 
60-90 см – түсі құба, ал қалған сипаттық белгілері осыған дейінгі қабатпен 
бірдей.
Бұлар Іле Алатауының тікелей етегінен басталып, солтүстікке қарай күңгірт 
түстері ақшылданып, Аңырақай алқаптарында ашық түсті сұрғылт (светлый 


63 
серозем) топыраққа ауысады. Адамның іс-әрекетінің алуан түрлілігіне 
байланысты табиғи эрозия геологиялық процесс ретінде антропогендік сипаттарға 
ие болып қана қоймай, сонымен қатар оның жаңа түрлері пайда болады: беттік, 
өзендік, ирригациялық, сызықтық (жыралық), өндірістік және т.б. 
Егістік жерлер үшін топырақ түсінің өзгеруі тән және ол топырақтың 
эрозияға ұшырау деңгейі мен генетикалық негізіне байланысты анықталады. Ал 
шайылудың шамадан тыс артық болып келуіне сай (орташа шайылған топырақтар) 
шабындық жерлер құба түске ие болады, келесілері (қатты шайылған 
топырақтарда) қанық құба түске боялады. Ал біздің зерттеу нысанына жататын 
Тарғап 
ауылының 
аумағындағы 
ландшафттардың 
геоморфологиялық 
құрылымының күрделілігі Қозыбасы жотасының сілемімен анықталады. Бірақ, 
бұл ландшафттардың барлығы солтүстіктік сұрғылт топырақтарды қамтыған.
Жамбыл ауданындағы сұрғылт топырақтардың жайғасқан аумақтың жер 
бедерлері қырқалар мен суайрықтық жазықтардан тұрады. Олар 2°-тық 
еңістіктерден басталып, 45°-қа дейін жетеді. Сондықтан бұл ландшафттардың су 
эрозиясына душар болуы басым жағдайда деп тұжырымдауға болады. 
Шайылған топырақтар құрамында құмның (0,05 мм-ден ірі өлшемдік 
бірліктері) көптігімен ерекшеленеді. Олар үшін су өткізгіштік қасиеттерінің 
төмендеуі, топырақтың тығыздығының артуы мен қатты фазасының артуы, 
кеуектілігі мен борпылдақтығы кемиді. Мұның барлығы су өткізгіштік және су 
сыйымдылық қасиеттерінің төмендеуіне, сонымен қатар топырақтағы аэрациялық 
үрдістердің баяулауына алып келеді.
Көптеген зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижесінде эрозияның дамуы 
белдеулік табиғи үрдістердің дамуына байланыстылығы анықталды.
Жоғарыда зерттелген топырақтың жалпы атауын «солтүстіктік кәдімгі 
сұрғылт топырақ» дедік. Осы типтік топырақтар аумағында, таңдап алынған 
үлескінің деградацияға ұшырауын сипаттау үшін 4 қима шұңқырларын қазып, 
тектік-морфологиялық ерекшеліктерін анықтаумен қатар, әрбір 10 сантиметрлік 
тереңдіктер аралықтарынан топырақ үлгілерін алып, одан бірінші ретте гумустың 
мөлшерін анықтадық (17-сурет). 


64 
17-сурет - Солтүстік сұрғылт топырақ құрамындағы гумустың мөлшері, %. 
Суреттегі мәліметтерге жүгінсек, бірден байқалатыны, гумустың жалпы 
мөлшері қималық шұңқырлардың беткі қабаттарынан бастап тереңіне қарай 
азаюы. Бұл заңдылық –айдалмаған тың жерлердегі нұсқалардың барлығында 
гумус мөлшерлері, айдалып, егіншілікке көп жылдар бойы пайдаланған 
нұсқаларға қарағанда артық (мол) болатындығы. Бұл құбылыс, егіншілік 
технологиясына сәйкес, жылына екі рет (көктемгі, күздегі) соқамен жырту және 
егілген дақылдардың тамырларының әсерлерінен гумустық заттардың тотығу 
процестеріне тап болып, минералдану үрдісіне ұшырауына байланысты екендігін 
ерекше көрсетіп, айқындаған жөн деп білеміз.
Сол сияқты, гумустың мөлшері бойынша, беткейдегі үлескілермен 
салыстырғанда, суайрықтағы жайғасқан жазық жердегі нұсқалардың өзара 
айырмышылықтары анық байқалады. Бұл айырмашылық, зерттелген органикалық 
заттардың беткейдегі нұсқаларға қарағанда, сол беткейдің етегінде жайдақ 
жерлердегілерде мол болуында. Мұның негізгі себебі үлескілердің әртүрлі 
дәрежедегі су эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты екенін күмәнсіз 
айтуға болады. Екінші себепті, беткейден төмен қарай жуылған гумустың суда 
еритін бөліктері мен эрозияны тудыратын судың ағынына жуыла ілесетін шаң 
мен 
лай 
фракцияларындағы 
органикалық 
заттардың 
аккумуляциялық 
шоғырлануларымен түсіндіруге болады.
Гумустық заттардың жоғарыда баяндалған өзгерістік заңдылықтарының 
негізінде жасалынатын қорытындылар: беткейде жайғасқан солтүстіктік сұрғылт 
топырақтың барлық нұсқаларында деградациялық үдістер жүреді; бұл құбылыс 
әсіресе айдалып, егін егілетін жерлерде қарқынды байқалады; бұлармен 
салыстырғанда суайрықтық жазықтықтағы үлескілердің тың жерлік нұсқасында 


65 
органиканың аккумуляцисы жүріп, айдалған жерде салыстырмалы деградация аз 
болады. 
Эрозия кең ауқымды мағынада топырақты және топырақты құраушы тау 
жыныстарының су, жел, антропогенді және басқа үрдістердің әсерінен бұзылу 
процесінің нәтижесіндегі өнімдердің ысырылу процессі болып саналады. 
Дегенменде, М.Н. Заславский [135, 60 бет] кейінде топырақтың шайылуы мен 
сырғуы дегенде топырақ эрозиясын санап, ал «дефляция» термині жел 
эрозиясынан туындаған түрі деп айтып өткен. Жер бетінде эрозияның әсер етуі 
мен сипатына байланысты оларды геологиялық (қалыпты немесе табиғи) және 
қазіргі (уақыт аралығында тез дамып жатқан) деп бөлеміз. Қазіргі кезде дамып 
жатқан эрозия түрі территорияның жаңа технологиялар мен құрылғылар арқылы 
өңделуіне байланысты топырақ және оны құраушы жыныстардың шайылу, бұзылу 
үрдісі болып табылады. 
Шайылған топырақтар құрамында құмның (0,05 мм-ден ірі элементтер) 
көптігімен ерекшеленеді. Олар үшін су өткізгіштік қасиеттерінің төмендеуі, 
топырақтың тығыздығының артуы мен қатты фазасының артуы, кеуектілігі мен 
борпылдақтығы кемуі тән.
Топырақтың 
құнарлылығының 
негізгі 
белгілерінің 
бірі, 
оның 
гранулометриялық құрамы болғандықтан, зерттелетін нысанның деградациялық 
жағдайын анықтау үшін, топырақтың осы құрамды бөлігін анықтадық (8-кесте). 


66 
8-кесте – Солтүстік сұрғылт топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы (Тарғап ауылдық мекені) 
Қазба 
қималарындағы 
нұсқалар 
Қазба 
шұңқырын
ың 
тереңдігі 
Судың 
мөлше
рі % 
Абсолютті топырақтардағы фракцияның мөлшерінің % көрсеткіші 
Фракциялардың мөлшері, мм 
құм 
шаң 
лай 
Σ 

фракциялар 
<0,01 
1,0-
0,25 
0,25-
0,05 
0,05-
0,01 
0,01-
0,005 
0,005-
0,001 
0,001 
Еңістіктегі 
айдалмаған тың 
жер 
0-10 
1,66 
0,671 
16,759 
50,030 
9,762 
11,439 
11,339 32,540 
10-20 
1,74 
0,773 
19,439 
46,407 
10,991 
10,584 
11,806 33,381 
20-30 
1,72 
0,570 
17,623 
50,061 
9,768 
10,175 
11,803 31,746 
30-40 
1,62 
0,488 
20,227 
45,945 
10,978 
11,384 
10,978 33,340 
40-50 
1,68 
0,366 
16,640 
45,566 
13,428 
11,798 
12,205 37,428 
Еңістіктегі 
айдалған жер
0-10 
1,52 
0,873 
20,329 
45,897 
9,749 
12,997 
10,155 32,901 
10-20 
1,44 
0,609 
20,657 
45,861 
11,363 
10,147 
11,363 32,873 
20-30 
1,60 
0,630 
20,102 
44,715 
12,195 
9,756 
12,602 34,553 
30-40 
1,50 
0,629 
20,995 
44,294 
10,528 
10,559 
12,995 34,082 
40-50 
1,56 
0,305 
15,583 
45,510 
11,378 
13,815 
13,409 38,602 
Суайрықтағы 
айдалмаған 
жазық жер 
0-10 
1,52 
0,528 
18,643 
45,898 
7,311 
15,434 
12,186 34,931 
10-20 
1,60 
0,427 
19,085 
45,529 
11,382 
10,975 
12,602 34,959 
20-30 
1,64 
0,447 
13,745 
48,394 
10,167 
13,827 
13,420 37,414 
30-40 
1,62 
0,264 
15,979 
46,138 
10,377 
14,231 
13,011 37,619 
40-50 
1,62 
0,366 
19,130 
43,911 
11,384 
12,605 
12,604 36,593 
Суайрықтағы 
айдалған жазық 
жер 
0-10 
1,90 
1,244 
17,206 
46,483 
12,640 
11,417 
11,010 35,067 
10-20 
1,56 
0,996 
20,175 
45,916 
10,565 
10,564 
11,784 32,913 
20-30 
1,58 
0,630 
18,086 
47,551 
8,535 
15,038 
10,160 33,733 
30-40 
1,52 
0,731 
23,314 
42,242 
8,936 
12,998 
11,779 33,713 
40-50 
1,62 
0,549 
22,606 
41,472 
9,351 
14,231 
11,791 35,373 


67 
Кестеден көрінгендей, мұның құрамынан құмды, шаңды, лайлы 
фракциялардың жалпы мөлшері анықталды. Бұл мәліметтерге жүгінсек, 
зерттелген топырақтың барлық нұсқалары орташа механикалық құрамдағы 
саздақты, солтүстіктік сұрғылт топыраққа жатқызуға болады. Фракциялардың 
мөлшеріне қарай басымы шаң (0,05-0,01 мм), одан кейін құм (0,05-0,01 мм) 
және лайлы фракция орын алады.
Айдалмаған тың жерлік нұсқалар мен егістікке пайдалантын үлескілерді 
өзара салыстыра зерттесек, агротехникалық әрекеттердің әсерінен шаң мен лай 
фракцияларының мөлшері азайып, құмның үлесінің артқанын байқаймыз. Осы 
құбылыс беткейде жайғасқан нұсқаларда айқын көрініп, суайрықтық
жазықтықтағы топырақтарда бәсең жүретіні анықталды. 
Сонымен, зерттелген сұрғылт топырақтың гранулометриялық құрамына 
кері әсер ететін факторлар – жер бедерлерінің еңістіктік беткейлері мен жерді 
үнемі жыртып, егістікке пайдалану жатады.
Қазақстанның тау етектерінде жайғасқан сұрғылт топырақтардың тағы 
бір негізгі тектік (генетикалық) қасиеттеріне жататыны, оның қарбонаттығы. 
Біздің бұл параметрге көңіл аударуымыздың себебі, су эрозиясына жиі 
ұшырайтын сұрғылт топырақ карбонаттарының мөлшерлерінің өзгерулері 
деградациялық процестің бір белгісі болып табылады. Сондықтан, зерттелген 
топырақтың барлық нұсқаларының әрбір 10 см-лік аралықтарынан 50см 
тереңдікке дейін үлгілерінен алынып, карбонаттың мөлшері анықталды (18-
сурет). 
18-сурет – Солтүстік сұрғылт топырақ құрамындағы карбонаттың (СО
2

мөлшері, % 
Келтірілген суреттегі заңдылыққа көз жүгіртсек, карбонаттың мөлшері 
барлық нұсқаның беткі қабатынан тереңдігіне қарай артады. Бұл құбылыс 


68 
сұрғылт топырақтың табиғи жолмен карбонаттылығы мен аналық тау 
жынысында пайда болып, дамуы мен қалыптасу процестеріндегі кіші 
биологиялық айналымның ауқымында, жоғарғы қабаттарына бағытталған 
миграциялық ауысудың нәтижесінде жүреді. Бірақ, бұл заттың мол мөлшері 
төменгі қабаттарда сақталып, жоғарылаған сайын азаятындығы келітірілген 
суретте айқын байқалады. Сол сияқты беткейде қазылған кескіндік 
шұңқырлардың қимасынан алынған топырақ үлгілерінде карбонаттардың мол 
болып, айдалған нұсқалары мен суайрықтық жазықтықтарда азаюы байқалады.
Жоғарыда берілген мәліметтерді талдай келе, Алматы облысындағы 
Жамбыл ауданының ландшафттары қамтыған сұрғылт топырақтардың 
жайғасулары биіктік белдемдерге тәуелді болып, тау етегіндегі күңгірт түсті 
сұрғылт топырақ типшесінен басталып, солтүстікке қарай басқа типшелермен 
жалғасып, ашық түсті сұрғылт топырақпен аяқталады. 
1. Осы ауданның геоморфологиялық құрылымының өте күрделі болуына 
байланысты беткей еңістіктерінің картасы жасалды. Мұнда 2°-тық еңістіктен 
бастап, 45°-тық беткейлер кездеседі де, су эрозиясының жүруіне әртүрлі 
дәрежеде жол береді. 
2. Сұрғылт топырақтарды қамтыған ландшафттарда гумус мөлшерінің 
азайып, деградацияға ұшырауының негізгі себебі жер бедерінің беткейінде 
жайғасқан барлық нұсқалардың (тың және айдалған) су эрозиясының әсерінен 
потенциалдық құнарлылықтарының кемуі. Бұл құбылыс әсіресе айдалып, егін 
егілетін жерлерде қарқынды жүретіні байқалды. Бұлармен салыстырғанда 
суайрықтық жазықтықтағы тың жерлік нұсқаларда органикалық заттардың 
аккумуляциясы жүріп, айдалған жерлерде аздаған деградация агротехниканың 
әсерінен болады. 
3. Жоғарыда көрсетілген деградацияға ұшырату факторлары зерттелген 
ландшафттардағы топырақтардың гранулометриялық (механикалық құрамына) 
да ортақ әсерін тигізетіні анықталды. Нақтылап айтсақ, жер бедерінің еңістік 
беткейлері мен жерді үнемі жыртып, егістікке пайдалану үрдістері, олардық 
құнарлылықтарына кері әсерлерін тигізеді. Бұл әсерлер сұрғылт топырақтың 
карбонаттылығына да осы заңдылықпен ықпалын тигізеді. 
4.2 Ашық қарақоңыр топырақтар жайғасқан ландшафттардың су 
эрозиясына ұшырау қауіптілік сипаттамалары 
Бұл ашық қарақоңыр топырақтағы бақылау үлескілері Жамбыл 
ауданындағы К.Мыңбаев атындағы Қазақтың малшаруашылық және мал азық 
өндіру ғылыми-зерттеу институтының аумағында жайғасқан. Осы топыраққа 
өте тән телім таңдалып, оның солтүстік және оңтүстік экспозицияларында 
кескіндік шұңқырлар қазылып, олардың тектік-морфологиялық құрылымдары 
далалық әдіспен сипатталды. Кескіндік шұңқырды бұл экспозициялардың 5
0
-
тық еңістігіне орналастырдық. Мысал ретінде шайылмаған ашық қарақоңыр 


69 
топырақтың айдалмаған тың жерінде қазылған кескіндік шұңқырдың тектік-
морфологиялық сипаттамасын келтіруге болады: 
А
0
0-5 см – құбаша-сұр түсті қабат. Құрғақ, әлсіз тығыздалған, 
кесектелген-үгілмелі, орташа саздақты механикалық құрамда. Келесі қабатқа 
өтетін өсімдік тамырларының жуандығы орташа, ал тектік қабаттың өтуі анық 
байқалады.
А
1
5-22 см – құба-сұр түсті, құрғақ, жоғарғы қабатпен салыстырғанда 
біршама тығыздалған. Кесектелген, орташа саздақты, келесі қабатпен жалғаса 
өтуі түсі және құрылымдық белгісіне қарай анық байқалады. 
В
22-34 см – сұрлау-құба түсті, ылғалды, тығыздалған, саздақты. Берік 
құрылымсыз – кесектеу-шаңдақ, жуандығы орташа өсімдік тамырлары өтеді. 
Карбонаттардың талшықтары кездеседі. Келесі қабатқа өтуі біртіндеп 
жалғасады. 
В
1
34-53 см – ашық-құба түсті, тығыздалған. Механикалық құрамы 
саздақты, кесектеу-шаңдақты. Карбонаттардың жайғасуы мицелиялы түрде 
кездеседі.
ВС 53-106 см – қуаң-құба түсті. Көптеген карбонатты талшықтар 
мицелиялы түрінде таралған. Саздақты, кесектеу түрінде таралған. Саздақты, 
кесектеу тығыздалған. 
А+В қабатындағы гумустың жайғасқан қалыңдығы 53 см–ге жетеді, ал 
әлсіз шайылған беткейлік (1-3
0
) топырақтарда – 45 см, орташа шайылған 
жерлерде (3-5
0
) 38см-ге дейін тереңдейді.
Жоғарыда сипатталған агроландшафттардағы беткі су ағындарының 
эрозиялық 
әрекеттерін 
бағалау 
мақсатында 
олардың 
әрқайсысында 
элементарлық бақылау үлескілері таңдалынып алынды. Олардың көлемі 75 м
2
(еңістікке қарай ұзындығы -15 мм, еңістіктің көлденеңіне бағытталған 
ұзындығы – 5 мм). Бұлардың жоғарғы және екі жағын жалдап, судың «қашып» 
кетпеуіне кедергі болатындай бөгет жасалды, ал еңістіктің төменгі жағына, 
ағын суды қабылдайтын астау орналастырдық. Осындай эксперименталдық-
бақылау үлескілерінің әрқайсысы 3 қайталымда жасалды. Бұлардан еріген қар 
суының ағыны есептелініп, оның коэфициенті анықталды. Сол сияқты 
топырақтардың шайылуы анықталып, эрозияның қарқындылықтары г/л 
көрсеткішімен есептелді. Бұл бақылаулар қыста жиналған қардың еру 
мезгілінде және жауынның жауу кездеріне сәйкестендіріп жүргізілді. 
Жоғарыда кеңінен баяндалған карта құрастыру әдістерінің негізінде, 4776 
га жерді алып жатқан ашық қарақоңыр топырақтарды қамтыған 
агроландшафттардың 1:25 000 масштабтағы еңістіктік картасының сандық 
үлгісі жасалды (19-сурет). Бұл карта қабатальдарды цифрлау арқылы 
құрастырылып, әрбір еңістік көрсеткіштері градиенттік түстермен боялды.
Құрастырылған картадағы әртүрлі еңістіктік деңгейлердегі беткейлердің 
көлемдеріне талдау жасау арқылы келесі нәтижелер алынды: 1893 га немесе 
зерттелетін нысанның жалпы көлемінің 40 пайызы 1-3
0
-тық еңістікті алып 
жатыр. Сол сияқты 3-5
0
-тық еңістігі бар жер 2219 га көлемде болып, 46%-ды


70 
19-сурет – Ашық қарақоңыр топырақтарды қамтыған 
агроландшафттардың еңістіктік картасы 


71 
құрайды, ал 523 га (11%) жер 5-7
0
-тық еңістіктергі ие болса, 141 га (3%) жері 7
0
-
тық еңістігі бар жерге жататыны белгілі болды. 
Жоғарыда көрсетілген ашық қарақоңыр топырақтарды қамтыған 
агроландшафттардың экспозициялық беткейлеріндегі еңістіктік көрсеткіштерін 
анықтайтын карталардың негізінде, олардың беткі су ағындарының эрозиялық 
әрекеттерін бағалау мүмкіндіктері туындады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - 
далалық табиғи жағдайда жайғасқан топырақтардағы су эрозиясына баға беріп, 
нәтижесінде, аймақтық немесе жергілікті жердің шеңберінде, оларға қарсы 
қолданылатын шараларды тиянақтау болып табылады. Мұны іске асыру үшін 
су эрозиясын сипаттайтын нақтылы құрамды бөліктерін зерттеп, анықтау 
қажет. Бұдан алынатын нәтижелердің негізгілері болып, осы процестің таралу 
ауқымын айқындау және оның пайда болу ерекшеліктерін анықтау болып 
табылады. Бұларды қалыптастыруға қатысатын ең негізгі себепкер - су 
эрозиясы жүретін топырақтың физикалық қасиетіне байланысты болады. Оны 
нақтылай айтсақ, топырақтың су сіңіргіштік қасиеті, беткі ағынның эрозиялық 
әрекеттерін сандық және сапалық бағытта реттейтін бірден-бір фактор болып 
табылады. Топырақтың бұл қасиетін анықтайтын факторларға: беткейлердің 
еңістіктік көрсеткіштері, еріген қар суларының қорлары (мөлшерлері), жаңбыр 
суларының жер бетіне түсетін мөлшерлері мен қарқындылықтары, 
топырақтардың суықтан тоңып-қататын тереңдігі мен дәрежелері, жайылымдық 
жерлердің түрлері, өсімдіктердің жиілігі немесе бар-жоқтығы, жер бедерлерінің 
микро- және нано- көлемдерде болып, айқындалулары жатады. 
Ашық қарақоңыр топырақты қамтыған агроландшафттарда беткі ағын 
мен эрозияның қарқындылығын бақылау нәтижелері 9-кестеде жинақталып 
көрсетілген. 
Кестеде көрсетілген мәліметтерге жүгінсек, агроландшафттарды егістікке 
бірдей жағдайда пайдаланғанмен, беткі ағынның әсерінен ылғал мөлшері мен 
топырақтың құнарлы бөліктерінің мөлшерлері едәуір кемігендігі байқалады. 
Бұл заңдылық, әсіресе, оңтүстіктік «жылы» экспозициядағы еңістіктік 
көрсеткіштерінің дәрежелері жоғары болып келетін жер бедерлеріне тән 
екендігі айқындалды. Мысалы, еріген қар сулары мен жаңбырдың жылдық 
мөлшері солтүстік экспозициядағы беткейлердің еңістік көрсеткіштерінің 
дәрежелеріне байланысты болып, 21-ден 67мм-ге дейін, ал топырақтың шайылу 
мөлшері 21-ден 24 т/га жеткен. Осы агроландшафттың оңтүстік 
экспозициясындағы беткейлерде бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 24-77мм және 
30.8-33.9 мм-ге дейін өзгереді. Солтүстік экспозициядағы беткі ағынның және 
шайылған топырақтың мол мөлшерлері 5-7
0
мен 7
0
- тық еңістіктері бар 
беткейлерде байқалып, ал оңтүстік экспозициядағы беткейлердегі бұл 
процестер солтүстіктегілерге қарағанда әлдеқайда қарқынды жүретіндігі 
анықталды. Бұдан шығатын тұжырым – солтүстік экспозицияда жайғасқан 
топырақтардың су эрозиясына төзімділігі оңтүстіктегілерден артық екендігін 
дәлелдейді. Бұл жағдайды кестеде келтірілген эрозиялық қарқындылықтарды 
куәландыратын мәліметтерден де көруге болады. Мысалы, агроландшафттың 
солтүстік экспозициясындағы беткейлердегі эрозияның қарқындылығы 9,5-35,8 


72 
г/л аралығында болса, оңтүстігінде – 16,2-45,8 г/л болды. Бұдан көретініміз, 
оңтүстік экспозициядағы топырақтардың су эрозиясына шыдамдылығы 
салыстырмалы түрде төмен болатыны. 
9-кесте – Іле Алатауының солтүстік беткейінде жайғасып, ашық қарақоңыр 
топырақтарды қамтыған агроландшафттардағы беткі ағын мен су эрозиясының 
қарқындылығы 
Беткі 
ағын 
мен 
су 
эрозияcының 
көрсеткіштері 
Беткейлік еңістіктері, градус 
1-3 
3-5 
5-7 
>7 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет