Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

11-cурет - Жамбыл ауданының геоморфологиялық картасының жіктеу 
сипаттамалары 
Геоморфологиялық картаны құрастыру барысында оның екі жолы 
айқындалды. Біріншісі, кеңістікті біртекті ішкі аудандарға бөлу әдісі; екіншісі, 
жүйелі түрде ұқсас үлескілерді біріктіріп, ал ұқсас еместерін өз алдына бөлу. 
Бірінші жағдайда алдымен табиғи компоненттерге таңдау жүргізіліп, олардың 
қасиеттерінің белгілі градациясын анықтап таңдауын жасау. Екінші жағдайдың 
реті келесідей: нысандарды таңдау белгілерінің анықтау жіктеуі жеке кластардың 
немесе олардың жиынтығының таралу аймақтарын табу арқылы іске асады. 
Нысандар ретінде жеке нүктелер, еркін формадағы үлескілер және түгелдей 
табиғат жүйесі алынуы мүмкін. Олар зерттелетін аймақтағы кез келген немесе 
еркін түрде орналасуы мүмкін. Кейіннен ең маңызды немесе жеңіл өлшенетін 
нысандардың белгілері анықталып, содан соң таңдалған жіктеу негізінде 
нысандардың ұқсастығы бойынша топтастырылады. Бұл үшін сандық әдісті 
қолданып, әрбір алынған классқа сәйкес, картада түсiніктеме белгісі берілуі 
мүмкін. 
Геоморфологиялық 
және 
топырақтық 
карталар 
1994 
жылы 
С.Г. Канцерованың жетекшілігімен құрастырылған карта негізінде жасалынды.
Жоғарыда айтылған картографиялық әдіс пен морфологиялық мәліметтерді, 
сонымен қатар экспедициялық зерттеу кезінде алынған нәтижелерін қолдану 
арқылы топырақтық-геоморфологиялық карта (Қосымша Ж) құрастырылды.
Геоморфологиялық картаны талдай келе отырып, ауданның жер бедері 
таулы және жазықты аймаққа бөлінген. Алматы облысы Жамбыл ауданында 
жайғасқан топырақтың түрлері келесідей болып келеді:


38 
І. Абсолюттік биіктігі 440 - ден 500м - ге дейін жазық шөлді зона. Үлкен 
алаңды батпақты адырлы құмдар алып жатыр, тақыр қыртыстар да кездеседі
төменгі аймақтарында сорлар. 
ІІ. Тау етегі таумаңы шөлді-далалы зона 450 - 510 метрден 700 - 800 метрге 
дейін. 
1 Ашық түсті ақ карбонатты сұртопырақты белдеу. Биіктігі 600 - 700 метрге 
дейінгі шөлейтті аласа шөпті жартылай саванналар. Эфемероидты, эфемероидты - 
жусанды белдеулер (ақ жусан, пияз тектес жалбыз, шөлді шешек, теріскен, ебелек 
т.б. кездеседі).
2 Қарапайым аз карбонатты сұр топырақ белдеуі. Биіктігі 750 - 1000 м. 
Шөлейтті биікшөпті жартылай саванналар. Эфемероидты - жусанды (ақ жусан, 
апиын, жалбыз, изен, ебелек және т.б. ассоциациямен келеді). 
3 Тау маңы ашыққызғылт қыртыс белдеуі 800 - 1150 м биіктікке дейін. 
Эфемероидты жусан тәрізді ассоциациялар. 
ІІІ. Таулы және тау маңындағы далалы зона, 1200 - м-ден 1800 метрге дейін.
1 Таулы және тау маңы тұйық-қызғылт, қыртыстар, биіктігі 1400 - 1500 м. 
Шымқыртысты – дәнді түрлі шабындық далалар және далалы бұталы (шие, 
тобылғы, итмұрын). 
2 Таулы қаратопырақ белдеуі (азқарашірікті және ортақарашірікті) биіктігі 
1600 - 1800м-ге дейін. Түрлі шөпті – дәнді шабындықты далалар, бұталар бар 
(бидайық, 
арпабас, 
жалбыз, 
сүттіген, 
мия, 
итмұрын 
және 
т.б.). 
ІV. Ортатаулы шабындықты зона биіктігі 1400 метрден 2300 метрге дейін. Әртүрлі 
шөпті-дєнді шабындық дала (қазоты, қурай және т.б.) таулы –шабынлық - 
қаратопырақты қыртыстар және жоғарғы қыртысты таулы қаратопырақтар . 
VI. Биік таулы шабындықты зона, 2000 метрден 2600 метрге дейін.
1 Субальпілік шабындықты белдеу, ауданның батысын 2400 - ден 
шығысына қарай 2800 м. Субальпілі таулы - шабындықты қыртыстар. Биікшөпті 
субальпілі дәнді - түрлі шөпті шабындықтар (манжетка, пияз, қазоты, жалбыз). 
2 Альпі шабындық белдеуі. Биіктігі 3500 м дейін ауданның тек шығыс 
жағында нивальды зоналарында айқындалады. Аласашөпті шабындықтар 
(жауқазын, шегігүл, ботагөз және т.б.). 
V. Биіктаулы нивальды зона. 3500 метрден жоғары. Биіктаулы флораның 
бірді-екілі өкілдері кездеседі. Ауданда аз ғана алаңды алып жатыр (3933 га). 
Топырақ жамылғысы бойынша аудан аумағын төртке бөлуге болады:
1. Биік таулы (абсолюттік биіктігі 2500-3600м) – 7 топырақ түрі кездеседі. 
2. Орташа және аласа таулар (абсолюттік биіктігі 1000-2500 м) – 7 топырақ 
түрі кездеседі. 
3. Тау алды жазықтары (абсолюттік биіктігі 400-950м) – 11топырақ түрі 
кездеседі. 
4. Өзен аңғарлары мен төмендеген жазықтықтар – 8 топырақ түрі кездеседі. 


39 
Ал ауданның өсімдік жамылғысы негізінен күздік жусанды жайылымдар, 
эфемерлі бозжусанды жайылымдар, дәнді әртүрлі шөптесіндер және т.б. 
өсімдіктер жамылғысынан тұрады.
3.1.2 Зерттеу нысанының 1:100 000 масштабтағы ландшафттық картасын 
құрастыру 
Географиялық 
аумақтардың 
ландшафттық 
карталарын 
құрастыру 
мақсатында ГАЖ технологиясын қолдану жолдары зерттеліп, компьютерді игеріп, 
оны мақсатына бейімдей дайындаудан басқа, Республикадағы ғылыми қорларда 
бар геоморфологиялық, топырақтық, геоботаникалық, жер беті суларының, 
литологиялық, агроклиматтық және т.б. карталардың қажеттіліктері анықталды.
Ландшафттық карталарды құрастыруда ГАЖ-технологиясын қолдану, ең 
алдымен, картографиялық мәліметтерді цифрлау үшін қажет. Бұл, қолда бар 
құрылғыға, 
бағдарламалық 
қамтамасызандыруға 
және 
орындаушының 
кәсіпқойлығына байланысты болып келеді. Жалпы ұстанымға топографиялық 
негізді сканерлеп, алынған растрлық бейнеге координаталар беру жатады. 
Координаттық жүйені топографиялық негізге байланысты таңдайды. Егер де 
топографиялық негізде координаттық тор болса жобалау, топографиялық негіздің 
координаталық жүйесінде жүргізіп, далалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 
олар GPS құралының көмегімен алынған мәндер арқылы салыстырылып, 
тексерілді. 
Ландшафттық карта ол бірнеше тақырыптық (геоморфологиялық, 
топырақтық, жер бетінің сулары және геоботаникалық) карталардың 
беттестірілуінің нәтижесінде ерекшеліктері ескеріле отрылып жасалынған 
кешендік карта.
2.2 зерттеу әдістері тарауында аталып өткен ГАЖ технологиясының әртүрлі 
нұсқаларын салыстыра келіп, ESRI фирмасындағы бағдарламаның ArcGIS 10.1 
және 9.3 нұсқаларын таңдадық. Осы бағдарламаның көмегімен барлық карталар 
жасалынып, мақалада да [107] жарық көрді. 
Ландшафттық карталарды іс-жүзінде құрастыру реттерін айта кететін 
болсақ, алдымен, картаның топографиялық негізін табу керек. Содан кейін 
картографияланатын территорияның номенклатурасын анықтап, 1:100 000 
масштабты ауданның растрлық топокарталарының (100l_43_126, 100l_43_127, 
100l_43_128, 100l_43_129, 100l_43_139, 100l_43_140, 100l_43_141, 100k_43_7, 
100k_43_8, 100k_43_9, 100k_43_19, 100k_43_20, 100k_43_21, 100k_43_31, 
100k_43_32, 100k_43_33, 100k_43_44, 100k_43_45, 100k_43_46) алдында аталып 
өткен қадамдарды атқарғаннан кейін, ArcGIS 9.3 бағдарламасы арқылы картаны 
құрастыру топонегіздердің географиялық координаталарға негізделіп байлаудан 
басталады. 
Базалар 
негізін 
құрастырғаннан 
кейін, 
карталарға 
тиісті 


40 
картографиялық проекцияларды таңдау жүргізіледі. Бұлар карталардың 
беттеріндегі орналасқан нысандардың географиялық координаталарын анықтау 
және карталарды дұрыс оқу үшін қолданылады. Картографиялық проекцияларды 
таңдау келесі факторларға тәуелді болып келеді: 
• картографияланып жатқан территорияның географиялық орналасуы, оның 
өлшемдері, пішіні, көршілес жатқан аумақтарды көрсетудің маңыздылығы мен 
дәрежесі; 
• картаның бағытталуы мен мамандандырылуы, мазмұны мен масштабы 
және ол бойынша шешілетін мәселелер (картометриялық, навигациялық); картаны 
қолдану әдістері (үстелдік, жарға ілінетін); картографиялық ақпараттарды талдау; 
картамен жұмыс істеу шарттары (жеке, кешендік, карта беттерін жалғастыру 
арқылы); карта арқылы салыстырмалы сипаттарды беру шарттары (территорияның 
географиялық орналасуы, олардың ауданы мен пішіні); территориядағы байланыс 
жолдарын көрсету талаптары және т.б. 
Нәтижесінде, құрастырылатын картографиялық проекцияны сипаттайтын 
факторларды енгіземіз. Бұл бұрмалану сипаты, минималды бұрмаланумен 
қамтамасыз ету шарттары және ұзындықтардың, бұрыштар мен аудандардың 
рұқсат етілген бұрмаланулары, оларды орналастыру сипаты, геодезиялық 
сызықтың 
бейнесінің 
қисықтығы, 
проекцияның 
стереографиялылығы 
(территориялар пішіндерін беру дәрежесі), картографиялық тор сызықтар 
бейнесінің қисықтығы, олардың ортогональдығына талап, полюстерді бейнелеу 
сипаты, орта меридиан мен экваторға қатысты картографиялық тордың 
симметриялы болуына талаптар, бейнені көзбен қабылдау (визуалды) шарттары
сфера тәрізділік белгісінің бар болуы, картографиялық бейнелеу үлескілердің 
қайталануы және т.б. жатады. 
Картаның проекциясын ArcCatalog функциясының көмегімен әр растрды 
шақыра отырып, тізімде берілген координаттар жүйесінен Gauss Kruger, соның 
ішінде Pulkovo 1942 GK Zone 12N.prj таңдап, қабылдаймыз (12-сурет). 
12-сурет - картаға проекция беру 


41 
Байлау кезінде карта бетінен 4 тірек нүктелерін алып, оларды кеңістіктік 
байлау нәтижесінде олардың алатын орнын анықтап аламыз. Карта беттестіріліп, 
қателіктері азайған жағдайда трансформациялап, қажетті өзгертулер енгіземіз.
Нәтижесі ретінде ақпараттарды компьютерде сақтауға немесе қағаз бетіне 
көшіруге болатындай проекциясы анықталған карта жасалынады (13-сурет). 
13-сурет - картаны байлау 
Ландшафттық карталарды құрастырғанда геомәліметтер базасын құрудың 
маңызы өте зор. Мұның құрамына картаның бетінде бейнеленетін барлық 
нысандар туралы ақпараттар ендіріліп, компьютерде сақталады. Бұлардың ішінде 
мақсаттары, өлшемдері, пішіндері әртүрлі көптеген геоақпараттық мәліметтер 
кездеседі. Бұл нысандарды бейнелеу әдістері де бірінен бірі өзгеше болып келеді. 
Мұнда негізгі үш бейнелеу әдістері болады: сызықтық (өзендер, жолдар), нүктелік 
(елді мекен, биіктік белгілер) және полигональді нысандар (көлдер, ормандар). 
Картаны құрастыру жұмысын жеңілдету үшін картаның бетіне түсетін 
нысандарды жүйелі түрде бірнеше топқа бөлу қажет. Осы мәселелерді шешу үшін 
геомәліметтер базасы кеңінен қолданылады және де әрбір қарастырылатын 
географиялық нысанға сәйкес жеке-жеке "Кеңістіктік нысандар класы" 
құрастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет