Шокпарова дана канатхановна


Жұмыстың жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдегі өркениетті-дамыған елдердің 
дерлік барлығы, қазіргі кезде, аграрлық бағыттарын ландшафттарға бейімделген 
егіншілік жүйесін (ЛБЕЖ) жобалау арқылы іске асыруды жаппай қолға алуда. Бұл 
ғылымның саласын жан-жақты негіздеп, Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері 
мен ерекшеліктерін анықтап, нақтылы зерттеу жұмыстарымен айналысу 
қажеттілігі туындап отыр. Әсіресе, агроландшафттарға бейімделген егіншілік 
жүйесін жобалау процесінің бірінші қадамы болып табылатын «территориялық 
талдау» құрамды бөлігінің әдіснамалық негізі тиянақты зерттеліп, іс-жүзіне 
асыруды қажет етеді. Бұл ізденістер, бірінші болып, Іле Алатауының солтүстік 
беткейінде жайғасқан, физикалық-географиялық тұрғыдан өте күрделі нысанға 
жататын Алматы облысы Жамбыл ауданы территориялық талдау жүйесінен 
өткізілді. Нәтижесінде ГАЖ технологиясын қолданып, ғарыштық түсірілімдерді 
пайдаланып, 1:100 000 масштабтағы топырақтық-геоморфологиялық, жер беті 
суының, еңістіктік, экспозициялық карталары құрастырылып, олардың негізінде, 
осы ауданның көлемінде жайғасқан ашық-, күңгірт қарақоңыр, сұрғылт 
топырақтарды және таулы қара топырақтарды қамтыған ландшафттық карталар 
жасалып шықты. Осылардың ішіндегі Қастек мекенінің ландшафттарының 
мысалында қоныс, қонысша және фация деңгейіне дейін дифференциациялап, 1:25 
000 масштабтағы карталары құрастырылды. Осылардың әрқайсысының ЛБЕЖ-ді
жобалаған кездегі қажеттіліктері мен рөлдері нақтыланды. 
Сонымен, ұсынып отырған ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес 
«ланшдшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі» туралы ұғымнан мағлұматты 
беруден бастадық. Себебі, орындалатын жұмыстың осы саладағы орны мен 
теориялық және практикалық маңыздылықтарының басын ашып алу керек 
болады. Әрі қарай, зерттелетін нысанға сипаттама беріп, қолданылған ғылыми 
әдістерді талдап, оларға сипаттама берілді. Осылардың негізінде, зерттеу 
нәтижелеріне арналған тараулар мен тараушалар баяндалған. Олар, ЛБЕЖ-ді
жобалаудағы территориялық талдаудың әдіснамалық ұстанымдарының ГАЖ 
технологиясына қажетті физикалық-географиялық құрамды бөліктерінен (ірі 
масштабтағы карталар), ландшафттық карталарды құрастырудан, оларды қоныс
қонысша және фация деңгейлеріне дейін дифференциациялаудан тұрады.
Құрастырылған карталардың әрқайсысының ЛБЕЖ-дің агротехникалық 
құрамды бөліктерін жобалаудағы атқаратын міндеттері мен рөлдері нақтыланып 
берілді. Бұлардың барлығы анықталған ландшафттардың экологиялық 
тиімділігімен тікелей байланысты болғандықтан, олардың геоморфологиялық 
ерекшелктеріне қарай су эрозиясына ұшырау қауіптілік жағдайлары сипатталады. 
Ең соңында тұжырымдық қорытынды жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет