Шокпарова дана канатхановна


Зерттеу жұмысының өзектілігі



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата19.12.2023
өлшемі6.4 Mb.
#486932
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Диссертационная работа Шокпаровой Д.К.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ландшафттарға бейімделген егіншілік 
жүйесінің жобасын жасау процесі, негізінен, бес кезеңнен тұрады: зерттелетін 
нысандарды территориялық тұрғыдан талдау жасау; олардың экологиялық 


бағасын беру; әрбір анықталған ландшафттардың морфологиялық бірліктерін жер 
ыңғайларына қарай топтастыру; топтастырған ландшафттарға арналған кешенді 
агротехнологиялық шараларды анықтау; әрбір ландшафттың төлқұжаттары мен 
сертификаттарын дайындау. 
Осылардың бастамасы және тұғырнамалық негізі болып есептелінетін 
«зерттелетін нысандарды территориялық талдаудан» өткізбей ЛБЕЖ-ді
жобалау мүмкін емес. Себебі бұл жұмыстың нәтижесінде әртүрлі масштабтағы 
карталар қарасытырылып, олардың дифференциацияланған нұсқалары беріледі. 
Бұлар ЛБЕЖ-ді ірі, орташа және шағын шаруа қожалықтарына арналып жасалу 
мүмкіндіктерін тудырады. Бұларды өндіріске ендірген жағдайда аграрлық сала 
жаңа деңгейге көтеріліп, инновациялық нақтыланған жоғары технологияларды 
пайдалануға болады. Қорытындысында ауылшаруашылық дақылдарының 
өнімділігінің мөлшері мен сапалары бәсекеге қабілетті дәрежеге жетеді. 
Жұмыстың мақсаты. Іле Алатауының солтүстік беткейінде жайғасқан 
Алматы облысындағы Жамбыл ауданының мысалында ландшафттарға 
бейімделген егіншілік жүйесін жобалаудағы территориялық талдаудың 
әдіснамалық ұстанымдарын анықтап, ландшафттарды дифференциациялау арқылы 
ЛБЕЖ-дің агротехникалық жобасының тұғырнамалық негізін жасау. 
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді: 
- ЛБЕЖ-ді 
жобалаудағы территориялық талдаудың әдіснамалық 
ұстанымдарының 
ГАЖ 
технологиясына 
пайдаланылатын 
физикалық-
географиялық құрамды бөліктері болып саналатын зерттеу нысанындағы 
физикалық, жер бетінің сулары мен ирригациялық жүйесінің, топырақтық-
геоморфологиялық, еңістіктік, экспозициялық карталарының 1:100 000 
масштабтағы нұсқаларын құрастыру; 
- зерттелетін нысандағы ландшафттардың 1:100 000 масштабтағы картасын 
құрастырып, олардың Қастек мекеніндегі жайғасқан түрлерін қоныс, қонысша 
және фация деңгейлеріне дейін жіктеп, олардың 1:25 000 масштабтағы карталарын 
құрастыру; 
- құрастырылған карталардың әрқайсысының ландшафттарға бейімделген 
егіншілік жүйесінің агротехнологиялық құрамды бөліктерін жобалаудағы 
міндеттері мен рөлдерін анықтау; 
- зерттеу нысаның географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты 
ландшафттардың 
агроэкологиялық 
жағдайларының 
өзекті 
мәселелерін 
эксперименттік тәжірибелер арқылы анықтау. 
- жоғарыдағы мәліметтерді жүйелей келе, жұмыстың мәтінін жазып, 
тұжырымдық қорытындыларын шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет