Зерттеу әдістері. Ландшафттарды картаны ГАЖ технологиясы арқылы
құрастыруға қажетті құрамды бөліктерімен қамтамасыз ету үшін
Жамбыл
ауданының
1:100
000
масштабтардағы
физикалық,
топырақтық-
геоморфологиялық, жер бетінің сулары мен ирригациялық жүйесінің карталары
жасалды. Құрастырылған ландшафттық картаның
ішіндегі Қастек мекеніне
жататындарын қоныс, қонысша және фация деңгейлеріне дейінгі морфологиялық
бірліктерге дифефренциациялап 1:25 000 масштабтағы карталар құрастырылады.
Бұларды іске асыру келесі әдістер арқылы орындалды: рекогноцировты-далалық
экспедицияларды жүргізу; дәстүрлі картографиялық
әдістер және ғарыштық
түсірілімдерді пайдалану; әртүрлі ландшафттардан
алынған топырақтарды
зертханалық физикалық-химиялық талдаулар (анализдер) жасау; алынған
мәліметтерді статистикалық және математикалық
өңдеулерден өткізу; әртүрлі
масштабтарда құрастырылған ландшафттық карталардың мазмұндық сипаттарын
қорытындылап, олардың ЛБЕЖ-ді жобалауға қажетті құрамды бөліктерін анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ландшафттарға
бейімделген егіншілік
жүйесін жобалауға арналған территориялық талдауды (анализді) жүргізу
барысының кешендік-әдіснамасы ГАЖ технологиясы үшін алғаш рет құрамданды.
Нәтижесінде, бірінші рет, агроландшафттардың әртүрлі деңгейлердегі (1:100 000,
1:25 000) карталары құрастырылып, олардың
әрқайсысының ЛБЕЖ-дің
агротехникалық жобаларына қажеттілігінің жүйесі алғаш рет нақтыланды.
Осыллардың негізінде фациялық ландшафттық деңгейдегі бірлестіктердегі
еңістіктік беткей экспозицияларының су эрозиясына
қауіптіліктері анықталып,
олардың экологиялық жағдайларын сипаттап, пайдалану мүмкіндіктері туындады.
Достарыңызбен бөлісу: