Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҚҰБЫЛТУЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет126/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   255
Оралбаева

Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҚҰБЫЛТУЛАРДЫҢ 
КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
Сұлтанова Б.М., 
ф.ғ.к., қауым.проф. м.а.
Айтжанова С.,
ф.ғ.к. Абылай хан ат.ҚХҚжƏТУ
Қандай да болмасын ақын-жазушының шыгармаларына тілдік тұрғыдан қойылар негізгі 
талап - олардың көркемдік деңгейі. Əдеби туындыны көркем дүние деп атау, ал оның ав-
торын шынайы қаламгер деп тану үшін шығарма белгілі бір көркемдік талаптарға жауап 
беруге тиісті. Ал көркемдіктің өлшемі - қолданылған сөздің ойды бере алатындай орынды 
һəм бейнелі қолданыстарға ие болуымен тыгыз əрі тікелей байланысты. Проза мен драмаға 
қарағанда, поэзия тіліне қойылар көркемдік талап жоғары. Өйткені, «Поэзия өмір шындығын 
айшықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейн елеп суреттейді десек, тіл, сөз əлгі 
ақындық, көркем ой жеткізудің құралы» [1, 11-б.]. Көркем ойды жеткізудің соған сай поэти-
калық жүйесі қалыптасады. Мұндай көркем жүйенің əр авторға тəн өзіндік сипаты болады. 
Мəселен, кейбір қаламгерлер шығармаларында теңеу мен эпитеттер, кейбір ақын-жазушы-
ларда ауыспалы мағынадағы поэтикалық құралдар, үшіншілерінде синтаксистік айшықта-
улар көбірек кездеседі. Ф.Оңғарсынова мен К. Ахметова шығармаларының тілінде эпитет, 
теңеу, метафора, инверсия, қайталау сияқты поэтикалық құралдар мейлінше көбірек қолда-
ныс тапқан.
«Сөздің ауыспалы мағынасын жасаудың негізгі үш жолы бар десек, соның бірі - мето-
нимия арқылы ауыс мағына тудыру» [2, 34-б]. «Метонимия -белгілі бір топтағы нысанның 
(объектінің) атын бүкіл бір топқа немесе бір топтың атын басқа топтағы бір нысанаға ауы-
стыратын, қолданатын троп немесе тіл механизмі» - дейді профессор М.Серғалиев. Сонымен 
бірге, ғалым метонимия жасаудың тоғыз түрін [3, 275-б.] көрсетеді. Осылардың едəуір бөлі-
гі Фариза Оңғарсынова шығармаларының тілінде ұшырасады. Мəселен, ақын «Əлде батып 
кетті ме сөзім менің» өлеңінде ауыстырып қолданады:
Жалған күлсең, жағынсаң , балар жанға
Сен де ұқпадың, жаныма үңілмедің 
Тіл табудың таба алмай жүрмін бе ебін...
Бұл үзіндіде жанғасөзі метонимия болып, стильдік реңк тудырып, əрі ұйқас жасауға қа-
тысып тұр. Метонимия жасауда белгілі тіркестің негізгі объекті сөзі түсіп қалады да, оны 
айқындап тұрған сөздің өзі қалып, ауыс мағына жасайды:
Мазақтайды тағдырдың түні, желі,
Көкірегім ызадан тілінеді.
Шыр еткендей қоңырау –
 сонда есікке
жүрегім жүгіреді
Суық сорып, жақ соған...
Қиял – жазғы бір күнің
Сүр иісіне мас болған
түске енеді тірлігің. 
деген жолдарда «жүрегім» - «мені», «сүр» – «сүр етті» алмастырған. Егер тіркес толық 
берілсе, эпитетке айналар еді. Бұл тұста метонимияның қысқарған эпитет сияқты əсер қал-
дыратынын да аңғаруға болады. Жоғарыда метафораны кейбір зерттеушілер қысқарған теңеу 
деп атағанын айтқан болатынбыз. Екеуінің айырмашылығы метафора мен метонимияның 


206
басты ерекшеліктерінен өрістейді. «Метафора, негізінен, ұқсас екі зат немесе құбылысты 
бір-ақ атаумен (сөзбен) атаса, метонимия ойда сақталынып тұрған бірер сөзді айтпай-ақ, ол 
сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жібереді» - дейді Б.Хасанов [4, 146-б.]. Поэ-
зиядағы троп, соның ішінде, метонимия да көркем əдебиетке тəн ықшамдау тəсілдерінің бірі 
болып саналады.
Көркем əдебиет тілінде, əсіресе, поэзиялық шығармаларында метафора сияқты ең көп 
қолданылатын троптың түрі - кейіптеу. Табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды, өсімдік-
терді, заттарды адам кейпінде бейнелеу болып табылатын троптың бұл түріне «кейіптеу» 
деген терминдік атауды берген Ахмет Байтұрсынов болатын [5, 160-б.]. Кейіптеу граммати-
калық жағынан алғанда етістіктен болып, қимыл-əрекетті көрсетіп тұрады:
Құлазып жатыр құм дала,
Құба жондардан көш өтпей.
Жусаны солған жылға да
Қызуы кеткен төсектей.
Төсінде гүл де жоқ бүгін, 
Даланы басқан қыш қайғы.
Өткізген барлық от күнін
Баласыз əйелге ұқсайды («Құлазып жатыр құм дала», 65-б.).
деген шумақтағы «құлазып жатқан құм дала», «даланы басқан қайғы» сөздері даланы 
жанды адамға тəн əрекет үстінде беріп тұр. Ақын шығармаларында кейіптеу етістіктің бірне-
ше категориялары арқылы берілген.
1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы есімшенің өткен шақ формасы негізінде жа-
салған кейіптеулер: Қабағын тастай түйіп қарағанда; Өсек айтып сумаңдаған желі бар; 
2. Түбір етістіктерге -ер жұрнағы жалғануы арқылы есімшенің потенциалды əрекетті біл-
діретін түрінен болған кейіптеулер: Күн нұры көктен түсіп жерді сүйер... Жер жүзі көктен 
киім киер; 
Көсемшенің - іп аффикстері арқылы жасалған кейіптеулер: Күн көрінер керіліп
4. Ауыспалы осы шақтағы -е жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасалған кейіптеулер; 
5. Етістіктің жедел өткен шақ формасында тұрған кейіптеулер; 
6. Көсемшенің -п аффиксі арқылы жасалған кейіптеулер: Күн күлімдеп, жаңа жаздай туып.
жара түспеген жанына əлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ əм мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар, сезеді бəрі-бəрі («Жастар», 69-б.).
Ақын шығармаларындағы теңеу сөздер, эпитеттер жəне троптың алуан түрлерінің жаса-
лу жолдары əртүрлі болғанымен де, олар көркемдік-бейнелілік тудыру мақсатында орайлы 
жұмсалған.
Поэтикалық құралдар Фариза Оңғарсынова мен К. Ахметова шығармаларында аса өнімді 
қолданылған. Ақын халық тілінің байлығын еркін меңгере отырып, бұл салада өзінің тіл-
дік-көркемдік жүйесін қалыптастырған деуге əбден болады.
Шығарма стилін қалыптастыру жолында сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің де өзіндік 
орны бар. «Бірыңғай мүшелердің, əсіресе, көркем əдебиет стилінде қолданылу аясы кең. Өй-
ткені, ол - көріктегіш құрал, сөйлемге эмоциялы өң беретін амал. Олар арқылы іс-əрекет-
тің динамикасы, жалпы жəне тұтас күйдің тетіктері, эксперссивті, эмоциялы жəне бейнелі 
эпитеттер, жеңіл əжуа, өткір мысқыл жасалады» [6, 7-б.]. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің 
стильдік қызметін Фариза Оңғарсынова шығармаларынан да көруге болады. Ақын көркем 
туындыларында кездесетін бірыңғай мүшелердің стильдік қолданыстары, əрине, бірдей 


207
емес. Біздің топшылауымыз бойынша, оларды бірнеше түрге жіктеп көрсетуге болады. Айта-
лық, шығармаларында, лирикаларында қолданыс тапқан кейбір бірыңғай мүшелер автордың 
көңіл-күйін, тебіренісі мен толғаныстарын көрсетсе, келесі біреулері заттар мен құбылыстар-
дың атауларын білдірсе, үшіншілері кейіпкердің күйін, сыртқы келбетін (портретін) суреттеу 
үшін қолданылса, төртіншілері əрекет пен қимылды, істің барысын аңғартады, бесіншілері 
кейіпкерлердің жасын, əлеуметтік-қоғамдық мəртебесін таңбалайды, алтыншылары табиғат-
тағы заттар мен құбылыстардың атауларын белгілейді.
Фариза Оңғарсынова мен Күлəш Ахметова шығармаларының лексикалық құрамында қа-
ламгердің көңіл-күйін, əр түрлі эмоциясын, көзқарасын, ішкі əлемін білдіретін сөздер мол 
ұшырасады. Əдетте, мұндай бірыңғай мүшелер баяндауыш қызметінде тұрады. Мұндай 
бірыңғай етістік баяндауыштар шығарманың баяндау стиліне динамикалық, қозғалмалы си-
пат үстемелеп, экспрессивті мəнге ие болады. Осындай бірыңғай баяндауыштардың синтак-
систік құрылысы, əдетте, көркем шығарма тілі - поэтикалық тілде айрықша стилистикалық, 
көркемдік, бейнелілік қызмет атқарады. 
Фариза Оңғарсынова жəне Күлəш Ахметова шығармаларында, оның ішінде, əсіресе, ли-
рикалық шығармаларында өзінің ойын бейнелеп беруі үшін, айтпақ идеясын жан-жақты те-
рең суреттеу мақсатында бірыңғай бастауыштарды да жиі қолданылғанын көреміз. Фариза 
Оңғарсынова шығармаларында əдетте бұлар жер-су аттары, аң, құс атаулары, кісі аттары 
болып келеді. Автор оларды үдемелі түрде беріп отырады, соның негізінде мұндай бірыңғай 
мүшелерінде экспрессия байқалады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет