258
ниетаралық түсінік-пайымға, ақпараттық жетістіктерге, сонымен бірге, əрине, халықаралық
тілдерді меңгеру үрдісіне де қатысы орасан. Жаңа технология мен қаржы-экономиканың тілі
болып есептелетін
халықаралық тілдерді меңгерген адамның жұмысты да қиналмай, тез
табуға мүмкіндігі болады. Бəсекеге қабілеттілік дегеніміздің өзі осыдан шығады. Елбасы кө-
терген «тілдердің үштұғырлығы» дегенде біз, ең алдымен, осы мəселені түсініп алғанымыз
жөн. Сосын осыған айрықша мəн бергеніміз абзал. Өйткені, қазіргі кезде күллі əлемге есігін
айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыт-
тағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тіл-
дерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің
коммуникациялық жəне интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған.
Қазақстанның білім беру жүйесінде полилингвизмнің қалыптасуы интеграция мен
жаһандану
жағдайында дамып, халықаралық талаптарға сай білім берудің өзектілігіне айна-
луда. Үштілді білім беру отандық білім беруде, соның ішінде педагог мамандардың біліктілі-
гін арттыруда негізгі бағыттар бойынша жүйелі іске асырылуда.
Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100
нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру саласына Назарбаев университеті мен НЗМ-інің
білім мазмұнын жаңарту бағытындағы технологиясын өңірлерге тарату жəне орта мектеп-
тердің жоғары сыныптарында жаратылыстану бағытындағы пəндерді ағылшын тілінде оқы-
ту, 12 жылдық білім беру жүйесіне біртіндеп көшу жөнінде
нақты тапсырмалар берілгені
мəлім.
Ұлт жоспарының 89-қадамына сəйкес қазіргі уақытта бəсекеге қабілеттілікті артты-
ру жəне адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім берудің барлық
деңгейлерінде үштілділікті оқытуды кезең-кезеңмен енгізу жəне жоғары сыныптарда жара-
тылыс тану-математикалық ба ғыттағы (физика,
биология, химия, ақпараттық-коммуника-
тивтік технология) пəн дерді ағылшын тілінде оқыту мақ саты тұр.
Көптілді тұлғаны қалыптастыру көпұлтты еліміздің бірлігінің шарты ғана емес, сонымен
қатар өркениет көшінде бəсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың алғышарты десек, көптіл-
ді ортада ұстаздық етіп жүрген педагогтердің біліктілігін арттыру, түптеп келгенде Елбасы
назарындағы «Қазақстан – 2050» Мəңгілік ел стратегиясының іс жүзіне асуындағы іргелі
факторларының бірі екені сөзсіз.
Экономиканың əлемдік жаһандануы, отандық білімнің əлемдік білім үдерісіне кірігуі,
кадрлардың бəсекеге
қабілеттілігі, олардың академиялық ұтқырлығы көбіне көптілде сөй-
леу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Бұл мəселе елдің индустриалды-инновациялық даму
жағдайында айрықша өзектілікке ие болмақ.
Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың 2015жылғы 23сəуірдегі Қазақстан халқы Ассам-
блеясының ХХІІ сессиясында берген тапсырмасын жəне «100 нақты қадам: баршаға арналған
заманауи мемлекет» Ұлт жоспарының 89-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрлігі, Мəдениет жəне спорт министрлігі, Инвестициялар жəне даму
министрліктерінің 2015жылғы 13қарашадағы №1066 бірлескен бұйрығына сəйкес бекітілген
Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасын бағдарлама-
сы бекітілді. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының білім саласындағы мемлекеттік са-
ясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізін құрай алады жəне болашақта əлемдік
еңбек нарқының талаптарына сəйкес келетін кəсіби мамандарды мақсатты түрде дайындауды
қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Тəуелсіз аккридиттеу жəне рейтинг комиссиясы жүргізген мамандырылған аккредита-
циядан, Германияның ACQUIN халықаралық эксперттік комиссиясы жүргізген аккредитте-
уден өткен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бүгінде бакалаврда – 43,
магистратурада – 23, PhD доктарантурада 4 мамандық бойынша білім береді. Қазіргі таңда
əлемнің 40-қа жуық жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасалған.
Бұл академиялық
259
ұтқырлық негізінде студенттер мен оқытушылардың халықаралық тағлымнамадан өтуіне
септігін тигізеді.
Қос диплом бағдарламалары халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының
бірі болып табылады. Бір мезгілде екі диплом алу арқылы студенттердің өз академиялық
білімін тереңдетіп, мəдениетаралық алмасуға қатысып, кəсіби мансап жолында кең мүмкін-
діктер ашылады.
Əлемдік білім беру үдерісіне бірігу Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін шетелде
білім алуға мүмкіндіктің кеңеюіне, оның сапасы мен тартымдылығының артуына, жоғары
білім сатыларының салыстырмалы жүйелерін қабылдау жəне оқу кредиттерін сынақтың еу-
ропалық жүйесін қолдану арқылы студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділі-
гінің кеңеюіне, жоғары оқу орындарының түлектеріне шетел үлгісі бойынша (транскрипт)
Дипломға қосымша (Diploma Supplement) беру, жоғары оқу орындарының түлектерінің ака-
демиялық дəрежелері мен біліктіліктерінің халықаралық еңбек нарығына жəне сəйкесінше
олардың кепілді жұмысқа орналасуына əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: