307
Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы студенттердің
іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту – өзекті мəселе. Жалпы білім алушылардың универси-
тет қабырғасында осы іскерлік қарым-қатынастың тілін білуге, үйренуге тəрбиелеудің мəні
ерекше. Өйткені, бүгінгі студент – ертеңгі іскер азамат, еліміздің болашағы. Демек, студент-
терге қазақ тілі арқылы іскерлік қатынас ерекшеліктерін инновациялық технологияға сүйене
отырып оқыту қажет. Жаңа заманның талаптарына орай, интеллектуалдық қабілеті жоғары
білікті де сапалы маманды қалыптастыру міндеті – бүгінгі жоғары мектептің басты мақсаты
екені даусыз.
Іскерлік қарым-қатынасты жаңа технологиямен оқыту кезінде ең жиі қолданылатын
əдістің бірі – іскерлік ойындар. Бұл əдіс ойынға қатысушы тұлғалардың сан қилы мүдделерін
тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін олардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабыл-
дауды қажет етеді. Іскерлік қатынас – «бұл белгілі мəселені шешуге арналған көзқарастарды,
пікірлерді, ақпараттарды алмасу түрінде өтетін адамдар арасындағы сөздік қатынастардың
бір түрі» [4,271].
Іскерлік ойындар негізгі мақсаты – студенттердің
ойлау қабілетін арттыру, танымдық
белсенділігін жоғарылату, шығармашылық потенциалын дамыту жəне ситуациялық жағда-
яттарға байланысты кəсіби машықтығын қалыптастыру болса, сабақ барысында қолданылу
арқылы студенттерді күрделі шешімдерді қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара іскерлік
қарым-қатынасқа бейімдейді. Іскерлік ойындар білім алушылардың мақсаткерлік, белсен-
ділік, жауапкершілік, іскерлік, шыншылдық, тез əрі дұрыс шешім қабылдауға икемділік си-
яқты жеке қасиеттерін дамытады.
Қазіргі жаңа оқыту технологиясында қолданылып, білім сапасын жоғарылату мүмкінді-
гінің кеңдігімен танылған əдістің бірі – витагендік оқыту технологиясы.
Vita сөзі латынша
өмір деген мағынаны,
gen сөзі грекше
тəжірибе дегенді мағынаны, ал
витаген деген сөз
«адамның өмірлік тəжірибесі» деген мағынаны білдіреді.
Бұл технологияның басты мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық-психологиялық
мүмкіндігін кеңейту, оны өмірлік дағдыға ұластыру. Соған орай, ол үйретудің тиімді жолда-
рын тоғыстыра отырып, тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгертуге жəне оны тəжірибе-
де қолдана білуге баулуға бағытталады. Ғалым М.Əлібаева витагендік оқыту технологиясы-
ның тілді үйретудегі төмендегідей міндеттерін ұсынады:
-оқушының өзіндік тəжірибесін анықтау, мүмкіндігін
пайымдау, оны өздігінен дамытуға
жетелеу;
-оқушының танымдық жəне қатысымдық өабілеттерін өзара бірлікте дамыту;
-өзін-өзі тануға, танытуға, бойындағы мүмкіндіктерін толық жүзеге
асыруға жағдай
туғызу [5,10].
Витагендік оқыту технологиясының негізінде ұйымдастырылатын жаттығу жұмыстары
өзінің мазмұндық-құрылымдық сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Аналитикалық жаттығулар студенттердің сөздің мəнін түсінуіне, толық ұғынуына, сөй-
лемдердің орын тəртібінің сақталуына дағдыландырады. Проблемалық жаттығулар студент-
терді қойылған нақты проблемалардың шешімін табуға үйретеді. Шеберлік жаттығулар сту-
денттердің сабақ барысында игерген материалдарын тілдік қатынаста, сөйлеу жағдаяттарын-
да еркін қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Шығармашылық жаттығулар арқылы
студенттер əлеуметтік, кəсіби, дербестік тілдесім дағдыларын шыңдайды.
Оқытудың жаңа технологиясы ретінде белсенді қолданылып жүрген əдістердің тағы бірі
– интерактивтік тақта, мультимедиялық пакеттер. Оқыту процесін цифрландыру мақсатында
интерактивті тақтамен жұмыс жасау өте тиімді. Оқытудың жаңа технологияларының басым
бөлігі осы интерактивті əдістерді қолданумен тығыз байланысты. Бұл əдіс таным іс-əрекетін
ұйымдастырып, өзара түсінікті, өзара əрекеттестікті, өзара қатынасты қамтамасыз етеді. Ин-
терактивті оқыту əдісі студенттердің пəнге қызығушылығын туғызып, оқу процесіне қатысу
308
белсенділігін арттырады, студент пен оқытушы арасындағы байланысты жүзеге асырып, оқу
материалдарын тиімді меңгеруді жеңілдетеді.
Болашақ мамандарды инновациялық іс-əрекеттерге даярлау белгіленген сатылар негізін-
де жүзеге асырылып, студенттің жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған сəттен баста-
луы тиіс. Олардың инновациялық іс-əрекеттерге даярлығын қалыптастырудың қажетті шар-
ты – студенттердің шығармашылық əлеуеттерін жүзеге асыру, өз мамандығы саласындағы
жаңалықтарды толық түсіну дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі оқы-
тудың жаңа технологиялары студенттерді сапалы, жан-жақты əрі ғылым мен тəжірибе та-
лаптарына сай келетін біліммен қамтамасыз етуді, олардың сауаттылығын қалыптастырып,
ақпараттық қоғамда еркін əрекет ете білуге баулуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: