Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Пайдаланылған əдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет179/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   255
Оралбаева

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. –Астана: «РЕГИСТ-СТ Полигра-
фия», 2017. -56 б.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолда-
уы. 2018 жылғы 10 қаңтар // www.akorda.kz/.../kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-n...
3. Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. –Алматы: Юрист, 2003. -180 б.
4. Əбдіхалықов М.Н., Күнтуарова Б.С., Парфенова Л.А. Сөздік қатынас негіздері. –Аста-
на: Фолиант, 2007. -376 б.
5. Əлібаева М.С. Кəсіби қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту əдістемесі (эко-
номика мамандығы бойынша). Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін 
алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. –Алматы, 2010. -32 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ 
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Имаш А
Елімізде орын алып отырған инновациялық ахуал, білім мазмұнын жалпылама сипат беру 
негізінде байыту, оқыту түрлері мен құралдарын, əдістер мен əдістемесін қайта жасақтауды 
қажет етеді. Ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар 
даярлауда жаңаша оқыту əдістерінің қажеттілігін алға қоюда. 
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тəжірибелік 
қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз ай-
тылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты 
мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру жəне білім сапасын көтеру, жеке 
тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны əлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Бүгінгі басты мəселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді 
жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық –коммуникативтік технологияларды қолдану. 
Ал осы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде 
қазақ тілін үйрету өте тиімді. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпа-
раттық мəдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
 Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз– білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны 
білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып 


309
табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педа-
гогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпа-
раттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нəтижелерге жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс
істеуге тəрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке 
тұлғаны қалыптастырады [1,16б.].
Ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін, оның болашағы мен дамуы, 
тиімділігі жайында сөз қозғай келе, білім беруде компьютерлік жəне ақпараттық техноло-
гияларды пайдалану жолдарын қарастырып, əр оқытушы өз пəні бойынша инновациялық 
технологиялар қолданысы арқылы сапалы білімді ұйымдастыру қажет [2,13 б.].
Қазіргі уақытта қазақ тілін компьютерлер арқылы оқыту, яғни, оқытудың дистанциялық, 
электрондық түрлері – Қазақстан Республикасы білім жүйесіне енгізіле бастады. Ғылыми 
жəне оқу ақпараттарының өте жылдам өсіп отырғаны, оларды жинақтау, жүйелеу мен тиімді 
пайдалану құралдарының жылдам жетілуі – оқу үрдісін ақпараттандыру мен компьютерлен-
діруге əкеліп отыр. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту 
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі 
мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы 
өзге тілді оқушыларды оқытуда оқушылар озық технологиялар арқылы үйренеді,оқыту 
үрдісін өзгертуге, жеке тұлғаға бағыттап оқыту моделін жүзеге асыруға, сабақты қарқынды 
өткізуге, білім алушылардың дайындығын жетілдіріп үйренудегіпсихологиялық кедергілерді 
жоютын мүмкіндікке ие болады жəне тілді үйренуде жетістікке жете алады. 
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгертуге тиісті, білім іскерлік, дағдының 
көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Арнайы орта оқу орындарында білім 
беру саласында ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапа-
сын арттыру, білім беру үрдісін жетілдіру мен жаңалаудың тиімді тəсілдерін іздестіру жұмы-
стары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нəтижелігілігі бірнеше оқу-əдісте-
мелік, психологиялық-педагогикалық мəселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап 
етеді.
Электронды материалдармен оқыту озық əдістемесіге негізделе құрастырылып жасала-
ды. Əрі сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен түсініктемелер, əдістемелер нұсқа-
улар бірнеше тілде беріледі.
Ақпараттық-коммуникативтіктехнология құралдарына: аудио-видео құралдар, компью-
тер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедaялық құрал, электрондық оқу-
лықтар мен оқу-əдістемелік кешен инновациялық сайт жəне тағы басқалары жатады бұны 
бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық техно-
логияларды пайдалану деп атауға болады. 
АКТ-ны оқу-тəрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығар-
машылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда 
АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, əсерлі идеяларын тартымды етіп 
көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. 
Бұл оқушы жəне оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жа-
сауға жəне жылжыту тиімділігіне жетеді. Əр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға са-
палы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компью-
терді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы 


310
арта түсері анық, əсіресе өзге тілді аудиторияда маңызы зор.Ақпараттық технологияларды 
педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы 
артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдатыруға, про-
блемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.
Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім 
үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, ин-
новациялық технологияларды қолдану іскерлігі, əдіс- тəсілі артады, жас мамандардың қы-
зығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы əлемдік деңгейде іс — тəжірибе 
алмасуды қалыптастырады жəне оқытудың түрлі əдіс тəсілдерін игеруге қолы жетеді, оқы-
тушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.
Сабақ үстінде қолданылатын АКТ компьютерлік презентация, жауаптарды таңдаумен 
жүргізілген тест, электронды оқулық болса, сабақтан тыс уақытта ақпарат көздері арқылы 
білімдерін жетілдіреді. Өзге тілді аудитория болғандықтан, уақыт үнемдеуге, сөз сөйлеуді 
дамыту мен қолдануда тиімді. Ал мұғалімдер үшін тиімді: білім алушының білімін қысқа 
уақытта бағалай алады. Білім сапасын арттыра алады. Білім алушылар көрнекті түрде тапсы-
рмалар орындай алады, уақытты үнемдейді, қайталау мүмкіндігін кеңейтеді. Орындаған жұ-
мыстарының қателігін бірден көре алады.
Мысалы үшін, синтаксисті оқытуда АКТ модельдерін қалай қолданатымызға тоқталып 
өтсек. Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушылар синтаксистің кез келген 
тақырыбын оңай түсінеді. Сөйлем түрлерін талдауда, əсіресе құрмалас сөйлемдерді талдау-
ды үйреткен қолайлы. Тест жүргізу арқылы теорияны жылдап түсіндіріп, өз білмегендерін 
қайталап отыруға мүмкіндік берілгенімен қатар, əр оқушымен жеке жұмыс істеуге мүмкін-
дік тудырады. Электронды оқулық арқылы синтаксисті оқытуда ең бірінші тыңдау арқылы 
түсінік қалыптасып, дұрыс сөйлеуге үйренеді. Дəстүрлі жүйедегідей емес, бір сабақтың өзін-
де бірнеше мəліметтер қамтуға, жан-жақты талдауға мүмкіндік туады. 
Синтаксисті компьютер арқылы оқыту бағдарламасының ең басты белгілері мен ерек-
шеліктері төмендегідей болып келеді:
1. Оқытудың техникалық құралдары санатында өзіндік орны бар жүйе болып табылады. 
2. Дидактикалық нысандарға сəйкес келеді. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байла-
ныстыру қабілеті дамиды.
3. Теория мен практиканы қатар ескеріп, қамтып отырады, соның нəтижесінде тілдік 
жəне сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына негіз салынады, қарым-қатынас жасауда сөйлем-
дердің маңыздылығын ескерсек, оқушы практика мен теорияны қатар алу арқылы дұрыс 
сөйлем құрап үйренеді.
4. Тілдің барлық негіздері қамтылады: есту, сөйлеу, оқу, грамматикалық, лексикалық, 
бөлімдер;
5. Барлық қабылдау жолдары толық қамтылады;
6. Тіл үйрету жəне бақылау, қадағалау қызметтері қолданылады;
Оқушыларға ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы сөйлем интонациясы-
на, айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін оқытқанда өте тиімді.Сөйлем интонациясына, 
айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-əрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында ай-
тылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тəн негізгі белгілер: 
1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады;
2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 
3) айтушының іс-əрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 
4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бəсеңдейді;
5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.


311
Бір нəрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тəн негізгі белгілер: 
1) бір нəрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады;
2) сұрау есімдіктерінен жəне ма, ме, ба, бе, па, пе, ше сұраулық демеулік шылауларының 
қатысуымен жасалады; 
3) сұраулы сөйлемнің өзіне тəн интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы 
жағы бəсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 
4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нəрсе, оқиға, іс туралы мəлімет алу үшін қойылған 
бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет