343
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІН ОҚЫТУ
ƏДІСТЕМЕСІ ПƏНІНДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Мұхтарова Ə.С.
Қайнар университеті Тілдер жəне журналистика
кафедрасының профессоры
Түйіндеме.
Бұл мақалада дəріс беру барысындағы дамыта оқытудың əр түрлі
амал-тəсілдері қарастырылады. Жұмыста білімгердің білім мазмұнын ақыл-ой əрекет-
терін өз бетімен орындай отырып меңгертуге, пəнді оқуға деген қызығушылығын оятуға
жəне оқу материалын саналы түрде игертуге бағыттайтын ізденушілік-зерттеушілік қа-
білеттерін дамыту басты назарда ұсталу керектігі айтылады.
Annotation. In this article the diff erent ways of developmental learning in the process of lecture
are considered. It is said that the development of research and exploration
skills of the student
directing to learn the content of the education through self-fulfi llment of his mental activity, arouse
interest for the subject and consciously study the educational material are important matter.
Оқытудың мақсаты мен міндеттері, əдіс-тəсілдері білімгердің даму заңдылықтарына сəй-
кестендірілген оқыту түрі – «Дамыта оқыту» технологиясы. Дамыта оқытудағы негізгі мақ-
сат - білім мазмұнын жаттандылықпен үйрету емес, білім мазмұнын білім
алушы өз бетімен
жасалатын көптеген ақыл-ой əрекеттерін орындау арқылы меңгеру жəне оқушыларды теори-
ялық топтастырылған ұғым жасауға үйрету.
Дамыта оқытуда білімгердің ізденушілік - зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру
басты на-
зарда ұсталады. Студент өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мəселені шешуге жет-
кіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі керек. Сонда
ғана ол білуге ықыластанады,
əрекеттенеді. Дамыта оқыту дегеніміз – студентті субъект ретінде оқу ісіне қызықтыратын,
соған сай қабілетін арттыратын жағдайлар тудыру болып табылады. Оны қызықтыру, сезімі-
не əсер беру оқытушының басты мақсаты болуы тиіс. Сабақ процесінде мұғалім ұйымда-
стырушы, бағыттаушы адам рөлінде болуы керек. Сабақ барысында əр студентке өз ойын,
пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Білімгер өз тұжырымын дəлелдеуге
талпыныс жасайды.
Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымы негізінен үш үлкен кезеңге бөлі-
неді.
Достарыңызбен бөлісу: