373
Сөзжасамдық
тұрғыдан алғанда, туынды сөз семантикасындағы басты нəрсе – оның лек-
сикалық мағынасы емес, белгілі бір сөзжасамдық типті құрайтын туынды сөздер қатарына
тəн жалпылама ортақ мағына. Сөзжасамдық тип семантикалық ортақтық қасиеті бар, ортақ
тұлғалық көрсеткішке ие сөздерді анықтауға мүмкіндік береді. Мəселен,
əнші, күйші, мал-
шы, егінші сөздерінің ортақ семантикасы – белгілі бір іс, кəсіп иесін білдіру болса, ортақ
тұлғалық көрсеткіші – -ші.
2.
Туынды сөздің сөзжасамдық негізі, форманты.
Түбір жəне негіз терминдерінің ара жігін ажырата білу керек. Туынды сөздің негізі кейде
сөздің түбірімен сəйкес келеді. Мысалы,
күйші сөзінің түбірі мен негізі бір, ол –
күй сөзі. Ал
күйшілік сөзінің негізі
күй емес,
күйші, себебі
күйшілік сөзі
күйден туындамайды. Сол се-
бепті мұнда түбір мен негіз сай келмейді. Формант деп сөз жасауға ықпал ететін қосымшаны
айтамыз.
Күйші сөзінің форманты
-ші болса,
күйшілік сөзінің форманты –
лік.
Сөзжасамға байланысты зерттеулерде ішінара сөзжасам қосымшаларының қатарында
қарастырылып жүрген
модификациялық жұрнақтар, атап айтқанда зат есімнің реңк мəнді
жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, етіс пен күшейтпелі етістік жұрнақтары, рет-
тік сан есім жұрнақтары сөзжасамдық формант бола алмайтынын атап өткен жөн.
Орыс тілінде сөзжасамдық ерекшелігіне орай «модификациялық сөзжасам» ұғымы қа-
лыптасқан. Ондағы модификациялық сөзжасамның негізгі қызметі – бағалауыштық, эмо-
тивтік мағыналарды білдіру. Осы үлгімен қазақ тіл білімінде де модификациялық жұрнақтар
(зат есімнің реңдік мəнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, сан есім жұрнақта-
ры, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары) жалғанған сөздердің
барлығын туындылар қатарына жатқызуға бола ма? Модификациялық терминін қазақ тілінде
тұңғыш рет Ы. Маманов грамматикалық тұлғаға байланысты қолданған болатын [1.33]. Олар
түбірге грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семан-
тикалық реңк қосады. Ол туралы С.М. Исаев былай дейді: «Модификациялық жұрнақтардың
кейбірінің түбірге жалғану шеңбері шектеліп қалған. Олар грамматикалық сипаты жағынан
категориялық түрлену жүйесінің көрсеткіші болу қасиетінен айрылып, сөзжасам қосым-
шаларына ауыса бастағанмен, сөздің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермейді.
Сондықтан ондай жұрнақтарды сөз тудырушы қосымшалар қатарында қарамай, тілдің даму
барысында жұрнақтар мен сөзжасам қосымшалары арасындағы тұлғалар деп қараған жөн
[2.228]. Мұндағы модификациялық жұрнақтар сөз жасауға емес, грамматикалық мағына біл-
діруге қызмет етіп тұр. Негіз сөздің лексикалық мағынасы толық сақталды деген сөз жаңа сөз
жасалды дегенді білдірмесе керек.
3.
Туынды сөздің сөзжасамдық тəсілі, жолы.
Қазақ тілінде сөзжасам тəсілдері үшеу:
синтетикалық, аналитикалық жəне лексика-се-
мантикалық. Алайда əр тəсілдің жолдарын көрсетуде пікір қайшылықтары жоқ емес. Мəсе-
лен,
зорға, босқа, текке, күнімен, түнімен, етпетінен секілді үстеулердің,
айтыс, тартыс,
бояу, егеу секілді зат атауларының жасалуы таза синтетикалық тəсілдің нəтижесі емес, мұнда
семантикалық процесс те орын алған, сондықтан бұндай мысалдарды семантика-синтетика-
лық жолмен жасалған деп түсіндіруіміз керек. Аналитикалық тəсілдің жолдары: бірігу, қо-
сарлау, тіркесу, қысқару түрінде көрсетіледі. Бірақ қайталама қос сөздердің грамматикалық
мағына беретінін, қысқарудың барлығы сөзжасамға негіз бола алмайтынын ескерген жөн.
Мысалы, зат есімдер қайталанса (
мая-мая, тау-тау),
көптік мағына, етістіктер қайталан-
са (
сөйлей-сөйлей, айта-айта), қимылдың дүркінділігі секілді грамматикалық мағыналар
беріледі.
Қысқарған сөздер қазақ тілінің төл табиғатынан
туындаған сөздер емес, себебі бұрын
тілімізде қысқарған сөздер болмаған. Ол жазуда, айтуда ықшамдап қолданудан туындаған.
Заттың толық атауы мен қысқартылып айтылған не жазылған атауы (мысалы, АлМУ – Алма-
ты мемлекеттік университеті) арасында мағыналық айырмашылық, саралану болмаса, оны