Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет24/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   255
Оралбаева

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Оралбай Н.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.Алматы, 1989
2. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002.
3. Оралбай Н.Қазақ тілін үйренеміз. Алматы, 1989
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ КЕЛБЕТІ
К. Жақсылықова, 
п.ғ.д., Ш. Бектұрғанова, аға оқытушы,
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу 
университеті, Алматы қаласы
Бүгінде 90 жасқа толуын қалың жұртшылық атап өтіп отырған белгілі ғалым, ұлағат-
ты ұстазымыз, Қазақ ССР-нің оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым 
қайраткері, Еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының білім беру ісіне еңбегі сіңген ғылым 
қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық 
ғылымдар Академиясының академигі Н. Оралбаева апамыз қазақ тіл біліміне, сондай-ақ пе-
дагогика ғылымының жеке бір саласы саналатын қазақ тілін оқыту əдістемесі іліміне, оның 
дамуына ұшан-теңіз үлес қосты.
Басқа атақ-дəрежелерін былай қойғанда, ұстазымыздың есімімен біртұтас айтылатын 
белгілі ғалым. Ұлағатты ұстаз тіркестерінің мəн-мазмұны – оның жарты ғасырдан астам 
қажырлы еңбегі мен табиғат берген талантты ұтымды, маңызды да мəнді жұмсай білген па-
расатты азаматтық ғұмырының жемісі екенін көрсетеді.
300-ден астам ғылыми еңбектің авторы Нұржамал Оралбайқызы тіл теориясының күр-
делі мəселелерімен ғана айналысып, соны ғана зерттеуші емес. Ол педагогика ғылымының 
жеке бір саласы саналатын қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімінің де үлкен маманы. Профессор 
Н. Оралбаева 1996 жылы «Оқу орыс тіліндегі мектепте қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты 
тұңғыш оқулықты баспадан шығарды. Сөйтіп, орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту 
əдістемесі ілімінің негізін қалады. Ол сонымен қатар, тұңғыш рет өзге ұлтқа қазақ тілі оқу-
лығын жасау теориясының негізін қалап, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу-
лықтар мен оқу құралдарынан шығарды. Олар бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жойған жоқ, 
еліміздің жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде, тəжірибеде кеңінен қолданылуда. 
Елімізге, алыс-жақын шетелдерге аты мəлім ғалым апамыздың баршаға үлгі боларлық 
ұстаздық келбеті, адами қасиеттеріне тоқталатын болсақ, Нұржамал апайдың басты қасиет-
терінің бірі – оның жаңа іске, жаналыққа жаны құмарлығы. Ғалым апа əрқашан ана тілімізге 
қатысты үлкен мемлекеттік дəрежедегі мəселелерді шешудің көш басында жүрді. Ол өз ойын 
жарқыратып айтып, соны жүзеге асырғанша тыным таппады.
Ұлттық Ғылым Академиясының Тіл білімі институтында Грамматика бөлімін басқарып 
жүрген ғалымды 1987 жылы Алматы мемлекеттік университеті басшылығы қазіргі қазақ тілі 
кафедрасын меңгеруге өтініш жасап, шақырады. Осылай жаңа қызметке ауысқан Нұржамал 
Оралбайқызы іске үлкен намыспен, білекті сыбанып кірісіп кетеді. Сол кезеңде ол өзі басқарған 


43
кафедраны ғана емес, бүкіл факультетті кеңейтуде тыным таппай еңбектенді. Нұржамал Орал-
байқызы кафедра меңгерушілігі мен оқу-əдістемелік ісі проректоры қызметтерін қатар атқа-
ра жүріп, қыруар жұмыс жасады. Ғалым-ұстаз екі жылдық қазақ тілі мұғалімдерін жеделдете 
дайындау бөлімі, орыс мектептеріне қазақ тілі мұғалімін дайындау, аударма, қазақ-əзірбайжан, 
қазақ-түрік бөлімдерін ашқызып, олардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өз қолымен 
жасаған болатын. Жəне де осы оқу жоспарларын аймақтық оқу орындарына таратып оларға 
бағыт-бағдар, кеңес беру, мамандарымен қамтамасыз ету ісімен де тынбай айналысты. 
Профессор Н. Оралбайқызы университетте əуелі түркі тілдері, кейін қазақ жəне орыс тіл-
дері жəне осы тілдерді оқыту əдістемесі мамандықтары бойынша докторлық, кандидаттық 
диссертация қорғайтын арнайы кеңестің ашылуын ұйымдастырып, сол кеңесті басқарды. 
Кейін осы диссертациялық кеңестің тізгінін өзінің сүйікті шəкірті, профессор Ф.Ш.Оразбае-
ваға тапсырған болатын. 
Нұржамал апайдың тағы бір азаматтық қасиеті – ол ұжымда, қоғамда болып жатқан 
жетістіктерге, игі істерге балаша қуанып, сүйініп, жаман істерге күйініп, өз қарақан басының 
мұқтаждығынан гөрі өзгеге көңіл аударып, солардың мəселесін шешіп жүретіндігінде бола-
тын. Мəселен, сол кезеңде ғылым кадрларын Аттестациялау Департаментінің соңғы шешімі 
бойынша, кандидаттық диссертацияны бекіту қорғаудың арнайы кеңесіне жүктелуі жайында 
мəселенің шешілуіне де үлкен үлес қосты. Бұл, əрине, жас ғалымдардың ғылыммен айна-
ласуына жасалған үлкен жеңілдік, жақсы жағдай болған еді. Ана тіліміздің қоғамдағы қыз-
метінің артуына ат салысатын мамандарды даярлап оларға əрдайым сүйеніш болуды өзінің 
міндеті деп есептейтін Нұржамал апай республикалық баспасөз беттерінде осы мəселені 
кезінде бірнеше дүркін көтерген болатын. Міне, сол ой-ұсыныстары жүзеге асып, дайын-
далған мамандар бүгін республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде.
Ғалым-ұстаздың ерекше қасиеті оның əділ сөзінде, турашылдығында. Əділ сын айтылған-
да ғана ғылым алға жылжиды. Жалған сөзбен ешқашан ештеңе тынбайды, ештеңе дамымайды. 
Нұржамал апай «тура сөйлеп туғанына жақпай қалатын» адамдардың бірі. Ал, бірақ, ғылымы 
алға дамыған өркениетті ел болу үшін осындай тура сөз, əділ сын өте қажет. Түсіне білген 
адамға – бұл шыңдау мектебі. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» дегендей, Нұржамал апай-
дың шыңдау мектебінен өткен шəкірттері де оның осы қасиеттерін бойларына əбден сіңірген.
Нұржамал апайдың пайымдауынша, шынайы ұстаз жетер жеріне жеке дара жетпек емес. 
«Шəкіртсіз ұстаз тұл» деген халық нақылы ол үшін өмір кредосы. Ғылыми жұмыс пен ұстаз-
дықты өмір бойы қатар ұстаған Нұржамал Оралбайқызы осы екі саланы шеберлікпен ұшта-
стырып, азаматтықпен «қара нардай» көтеріп келді. Ғалым-ұстаз 50-ден астам ғылым кан-
дидатын, 20 астам ғылым докторын жəне көптеген ғылым магистрлерін дайындап шығарды. 
Қазір республиканың əр аймағында Нұржамал Оралбайқызының төл шəкірттерімен қатар, 
сол шəкірттерінің тəрбиесінен шыққан «немере шəкірттері» де ана тіліміздің мəртебесін кө-
теріп, дамыту бағытында қызмет жасап жүргені бəрімізге мəлім. Бұл өмірдегі жалғастық, 
сабақтастық заңдылығының шынайы көрінісі емес пе?! Кезінде ұлы ағартушы Жан-Жак 
Руссо: «Жер үстінде адам тəрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық 
– ұлы нəрсе»,-деген екен. Ұстаздық ұлы нəрсе болса, осы мəртебелі істі абыроймен, жоғары 
жауапкершілікпен атқарушы ұстаз да ұлы. Ұстаз бен ұстаздық біртұтас ұғымға, құбылысқа 
айналған ерекше жоғары деңгейдегі азаматтық қасиет.
Олай болса, Нұржамал Оралбайқызы – бүгінде ана тілінің мəртебесін жоғары көтеріп 
жүрген ғалымдарды баптап тəрбиелеген, қанат бітіріп ұшырған қасиетті ғылыми мектептің 
ауыр жүгін, ар жүгін зор абыроймен арқалаған Ұлы Ұстаз, Ана Ұстаз, Асыл ұстаз ... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет