Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯСЫНА ҰЯ САЛҒАН АНА-ҚЫРАН



Pdf көрінісі
бет21/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255
Оралбаева

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚИЯСЫНА ҰЯ САЛҒАН АНА-ҚЫРАН
Əбдіғалиева Т.
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы
Адамның өмір кезеңдерінде табиғат заңдылығына сай жалғаса беретін мерейтойлары-
ның орны ерекше жəне сипаты да əртүрлі. Олай дейтінім, қазіргі қазақ қоғамындағы əр жан-
ның өз өмірінде еліне, халқына сіңірген еңбегі, кəсіби салада атқарған қызметі, өз əулетінің, 
ұрпағының өніп-өсуіне, туыстар арасындағы жарасымдылық пен сыйластықты қалыптасты-
руға қосқан өлшеусіз үлесі т.б жайттар – мерейтойлар мазмұнына арқау. Тоқсан жасқа толып 
отырған сүйікті ұстазымыз, талантты ғалым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 
ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан 
педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының 
докторы, профессор Нұржамал Оралбай - елжандылықпен еліне еңбек еткен жан. Ол кісінің 
еңбек майданы – ұстаздық, ғылыми зерттеушілік. Мерейтой иесінің ұстаздық жолы ғылы-
ми зерттеушілігімен біте қайнасып, тілші маман болуға, студенттерді даярлауға аянбай ең-
бек етті. Басылым беттерінде жарияланған мақалалар, конференция материалдары (1988, 
1998, 2033, 2008, 2013) талантты ұстаз, ғалымды республика жұртшылығына таныстырды. 
Кейінгі буын тілшілер, ғалымдар, тіл мамандарының ойына оралатын ғалымның ұстаздық 
жолы, шығармашылық əлемі қандай еді, ғылыми мектебінің тыныс-тіршілігі қандай еді де-
ген сұрақтардың жауабын жоғарыда көрсетілген дереккөздерден оқып ала алады деуімізге 
болады. Алайда біз шəкірті ретінде бірер сөз айтсақ деген оймен өз тұшынуымыздағы сəт-
терді ортаға салғымыз келеді. Бұл орайда айтарымыз Н.Оралбайқызы - ұлтымыздың рухани 
өркендеуіндегі туған тіліміздің орнын, маңызын терең ұғына біліп, оны үйретудің қыр-сы-
рын ғылыми, терең зерттеудің, қажымай еңбек етудің үлгісін көрсеткен қайраткер жан. 
Қазіргі кемелденген қазақ тілінің қарқынды дамуында ғалым Н.Оралбайқызына тиесілі жаңа 
пікір-көзқарастар, анықталып тұрақталған ғылыми қағидаттар жеткілікті. Мысалы, қазақ 
тілінің құрылымындағы аналитизм мəселесі, грамматикалық форманың аналитикалық түрі, 
қазақ сөзінің морфемалық құрылымының ғылыми сипаты, қазақ тілінде жаңа сөз тудырудың 
заңдылықтары мен қағидаттары т.б сияқты тілдік құбылыстар ғалымның авторлық іздені-
стерінің нəтижесі деуге болады. Бұл пікірлері өміршеңдігімен ерекшеленіп, қазіргі уақытта 
тілші маман даярлайтын оқу жоспарлары маөмұнынан орын алды. Ғалымның қаламынан 
шыққан щерттеу еңбектері қазақ тіл білімінің ең өзекті мəселелеріне арналды десек болады. 
Мысалы, қазақ жазуының тарихы, көне түркі жазбалар орфографиясы, грамматика теория-
сының мəселелері, тілдегі жаңа туынды сөздердің пайда болуы, жасалу заңдылықтары, қазақ 
тілін оқыту əдістемесі, көрнекті тілші ғалымдар өмірі мен шығармашылығын насихаттау т.б 
сияқты тақырыптар мен бағыттарды атауға болады. Қарап отырсақ, ана тілімізді танып білу, 
оның тарихы мен бүгінгі жай-жапсарын бойлауға көмектесетін сəттерге қажет заңдылықтар 
мен ережелердің статикалық, динамикалық қалыпта зерделеуге қалай кірісеміз, нені білуіміз 
керек дегендерді өзінің ғылыми ізденістеріне, сондай-ақ, өзі тəрбиелеген ғылым жолындағы 
шəкірттерінің еңбектеріне арқау ете білді. Осындай ғылыми зерттеулердің нəтижелері жан-
жаққа шашырамай, маман даярлауға қажетті оқулық, оқу құралдары монография т.б түрінде 
тілші қауымға, оқырмандарға ұсынылды. Осы атқарылған істерден апайдың тек қана зертте-
уші емес, ғылым қайраткеріне тəн елжандылықты көреміз. 
Қазақ тіл білімінің сөзжасам теориясына негізделген жаңа сала – ғалым Н. Оралбай-
дың тікелей қатысуымен ғылымда орныққан сала. Жаңа идея, жаңа көзқарастың өмірге еніп, 
тұрақтауы қашан болса да оңай іс болмаған. Сөзжасам төңірегіндегі ізденістер морфологи-
ямен бірге қарастырылған межені анықтаудан басталып, сөзжасам нысанын ғылыми сипат-


37
тап, зерттеуге ұласты. Ашып айтсақ, профессор Н. Оралбайдың Қазіргі қазақ тіліндегі сан 
есімнің сөзжасам жүйесі (1988) зерттеу еңбегі, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 
монографиясы (1989), Қазақ грамматикасы атты еңбектегі «Қазақ тілінің сөзжасамы бөлімі 
(2002), Қазақ тілінің сөзжасамы оқулығы (2002) жəне ғалымның ғылыми жетекшілігімен 
қорғалған «Қазіргі қазақ тіліндегі дене мүшелері атаулары негізіндегі сөзжасамдық ұялар-
дың сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздер» (Н.Қоқышева, 2001), «Қазіргі қазақ тілін-
дегі сөзжасамдық тізбектер» (Б.Есімсейітов 2002), «Сөзжасамдық тарам, оның ұядағы басқа 
бірліктермен байланысы» (Н.Есенов 2006) сияқты кандидаттық диссертациялар мен «Қазақ 
тіліндегі сөзжасамдық ұя мəселесінің теориялық негіздері» (К.Құрманалиев 2002), «Қазақ 
тіліндегі күрделі атаулардың теориялық негіздері» (Б. Қасым 2002) докторлық диссертаци-
ялары жаңа туынды сөз жасаудың толыққанды мазмұнын ашып берген ғылыми ізденістер 
болды. Өзі бастап ғылым қиясына жол салып, шəкірттерін де қанаттандырды. Профессор 
Н. Оралбай бұл істе үлкен ұйымдастырушылық жұмыс атқарып, тілші қауымды жаңа сала 
сөзжасамды танып, мойындауға бастайтын, дəлелдейтін қыруар жұмыс атқарды. Бұл еңбек-
тердің мазмұны, ішкі заңдылықтарының қисындары мақала, конференция, семинар түрлерін-
де кеңінен талқыланды. Осылайша, ғалым апайымыз үлкен қайраткер ретінде сөзжасам сала-
сын тұғырға қондырып, мəртебесін анықтап берді. Ұстазымыздың біз сезінген қайраткерлік 
ісінің бірі – қазақ тілінің теориясы мен оны оқыту əдістемесінен ғылыми кадрлар даярлайтын 
ғылыми кеңес ашуы. Дер кезінде қоғамға қажетті, зəрушілік тудырған қам-қарекетті сезіну ісі 
əркімге беріле бермейді. Мүмкін анасы Бакуа Қосшығұлқызының ХХ ғасырдың 20-30 жыл-
дарында Баянауыл аймағында ауылдық советке сайланып, қазақ қыздарын, əйелдерін сауат 
ашу мектебіне тартып, үгіттеген кезіндегідей хал кешті ме білмеймін, еліміздің тəуелсіздікке 
қол жеткізген алғашқы жылдарында басқа елдердің ғалым мамандарын шақырып, қазақ тілі 
мен əдебиетін оқыту бойынша мамандандырылған ғылыми кеңес ашты. Мерейтой иесінің 
ғылыми мектебі дегенде елдің аузынан қазақ тілі теориясы мен оқыту əдістемесі саласынан 
15 ғылым докторын, 55 ғылым кандидатын даярлады деген қасаң цифрларды естиміз. Ал те-
реңірек үңілсек, бұл цифрлардың тасасында ғалым Нұржамал Оралбайдың қайраткер ретін-
дегі тұлғасы, болмысы бар. Республиканың түкпір-түкпірінен келген, ғылыми даярлықтары
мінездері бір-біріне ұқсамайтын маман, аспиранттарды бір тезге салып, ғылымға келудің 
қыр-сырын үйретуге қандай қажыр-қайрат керек десеңізші! Шəкірті ретінде (студент, аспи-
рант, докторант болған) өзіміз осы іске куə болдық. Апайдың еңбекқорлығы, бастаған ісін 
аяқсыз қалдырмайтыны, сенім артатындығы кімге де болса үлгі тұтатын өнер деп айтсақ
артық кетпеспіз. Ғалымның ғылыми мектебінің түлектері – Т.Əбдіғалиева, Б.Қасым, К.Жақ-
сылықова, Ж.Сүлейменова, Ф.Оразбаева, Р.Шаханова, К.Құрманəлиев, З.Бейсенбаева, Ж.
Балтабаева, А.Омарова, А.Қыдыршаев, С.Рахметова, М.Қондыбаева т.б ғылым докторлары 
елімізге танымал, өз істерінің шеберлері, жас ғалымдар даярлауға үлес қосып жүрген жан-
дар. Апай шəкірттерімен мақтанса, біз апайымызбен мақтанамыз. Нұржамал Оралбайқызы-
ның есімі түркі тіл біліміне белгілі. Ғылыми еңбектері арқылы жəне халықаралық деңгейдегі 
симпозиум, конференция, семинарлар (Анкара, Кипр, Қазан, Ташкент) мінберлерінен айтқан 
пікірлері, теориялық ұстаным-бағыттарды таныстыруы, ол туралы көзқарастары арқылы тіл-
шілер, ғалымдар таниды. Біздің пайымдауымызша, Нұржамал Оралбайқызы ұстаздық пен 
ғылымды шеберлікпен байланыстыра білген, қайраткерлігімен жұртшылық есінде қалатын, 
ғылымның қиясына ұя салған Ана-қыран! Мерейтойыңыз құтты болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет