Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет20/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   255
Оралбаева

сөзжасам жүйесі» оқулықтары қазақ тілі мен əдебиеті мамандарын даярлаудағы ғылыми 
білім мазмұнын анықтайтын дəстүрлі талдау ауқымынан шығып, ғылымның соңғы жетістік-
теріне сүйенген, жаңа ғылыми танымға негізделген бірегей оқулықтар.
Қазіргі заманғы білім беру үдерісі, үздіксіз білім беру саясаты бүгінгі стдент, ертеңгі 
маманның ЖОО-да өз бетімен білім алып, өзін-өзі жетілдіру қабілетін білуге даярлығын 
талап етеді.Өзгермелі заманда болашақ маманның өздігінен білім алып, өзін-өзі жетіл-
діруіне мүмкіндік беретін оқу құралдарын даярлау- қажеттіліктен туындаған өзекті мəсе-
ле. Жаңа адамды тəрбиелеу ісін жүзеге асыратын буын мектеп десек, мектепке білікті, өз 
мамандығын жетік меңгерген мұғалімді даярлау, əдістемелік шеберлігін қалыптастыру 
ЖОО-ның жаңа заман талаптарына жауап беретін маман даярлаудағы келелі ісі деп есеп-
теуге болады. Осы келелі істі қажыр-қайратымен, табандылығымен атқарған профессор 
Н.Оралбай қаламынан маманның теориялық білімін өмірлік жүйесіне айналдыруда туын-
даған мына еңбектерін атап өтуге болады: «Практикалық қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тіліне-
не жаттығуылар жинағы», «Қазіргі қазақ тілінен бақылау жұмысы», (1959), «Қазіргі қазақ 
тілі морфологиясынан методикалық нұсқаулар» (1963), «Қазіргі қазақ тілі курсы бойынша 
методикалық жұмыстар» (1991) т.б. Бұлар – маман даярлаудағы қуатын жоғалтпас құнды 
оқу құралдары. 
Ғалымның ерекше еңбек еткен саласы – қазақ тілін орыс тілді мектептер мен орыс тілді 
дəрісханада оқыту мəселелері. 1987 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің «Республикада 
қазақ тілін оқып-үйретуді жетілдіру» қаулысынан кейін, іле республикада қазақ тілі мемле-
кеттік мəртебе алған соң, егемен еліміздің жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік 
тіл болып заңдастырылып, қазақ тілін өркендетудің бағыт-бағдары анықталды. Міне, осы 
тарихи құжаттар республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдері мен өзге ұлт өкілдерінің мем-
лекеттік тілді үйрену қажеттілігін туғызды.
Осындай күрмеуі күрделі түйткілді мəселелерді шешудегі ғалымның ден қоя зерттеу-
лерінен мыналарды атап өтеуге болады: «Қазақ тілін үйрену курсының бағдарламасы (1987), 
«Қазақ тілі» (Халық университеттерінде өтілетін қазақ тіліне арналған бағдарлама жəне 
əдістемелік нұсқаулар), «Қазақ тілін үйренеміз» оқу құралы (авт.бірл., 1989). Мұның басты 
ерекшелігі - тілді игерудегі жаңа теория- қатысым əдісіне, сөйлеуге негізделгендігінде. 
Заман талабына сай маман даярлауға байланысты алғаш «Басқа ұлт мектептері үшін 
қазақ тілі мен əдебиеті» (қазіргі «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі қазақ тілі мен əдеби-
еті» мамандығы) мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасы мен «Орыс тілді мектеп-
те қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты (1996) оқулығы - қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімін 
тарихындағы тұңғыш оқулық. Бұл - қазақ тілін оқыту əдістемесі дамуына қосылған үлкен 
жетістік.
Ғалымның ХХ ғасырдың 90 жылдары «Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен əдебиеті» 
мамандығын ашу туралы ұсыныстары, сондай-ақ қазақ тілі мұғалімдері жетіспегендіктен, 
екі жылдық қысқа курстармен жеделдете маман даярлау туралы ойлары жəне оның жүзе-
ге асуы қоғам талаптарын қанағаттандыруға талпынысынан туған жаңалықтар еді. Аталған 
мамандықтың кейін себепсіз жабылып, бүгінде қайта жаңғырып, ашылуы- оның идеясының 
өміршеңдігін, дұрыстығын дəлелдейтін айғақтар.


35
Нұржамал Оралбайқызы 1992-1994 жылдары Түркияда іргелі жоғары оқу орны Анкара 
университетінде қазақ тілінің мəртебесін жоғары көтеріп, дəріс оқып, соның нəтижесінде 
бірқатар ғылыми мақалалар мен екі кітаптан құралған «Қазақша үйренеміз», «Қазақша сөй-
лесеміз» оқулықтарын жазды. 
2007 жылы шыққан ЖОО орыс бөлімдерінің студенттеріне арналған «Қазақ тілі» оқу-
лығы - құрылымдық-мазмұндық жағынан жаңаша сарында оқытудың жаңа технологиясы 
негізінде құрылған дидактикалық жүйе. Оқулықтың ерекшелігі, біріншіден, тиімді жаңа 
технологияға, модульге негізделген, екіншіден, мəтінмен кешенді жұмыстарға құрылған, 
үшіншіден, «оқулық ұлтты тəрбиелейді» демекші, елтану мəселесіне ерекше көңіл бөлін-
ген. Басқа ұлт өкілдері болсын, жергілікті ұлт өкілдері болсын маңызды дəйек ретінде елін, 
жерін, халқын сүюге тəрбиелейтін оқу материалдарының енгізілуі оулықтың құндылығын 
арттыра түседі. Сөздіктің оқулық соңында берілуінің тіл үйренудегі тиімділігі автордың тілді 
меңгерудің психологиялық қырларын жетік білетінін аңғартады.
Егемендігін еншілеп отырған еліміздің тəуелдігін ту еткен Қазақстанның өркениетін 
дамытуда ұлттық кадр маман даярлауда ғалымның еңбегі ұланғайыр. Тоқырау заманында 
қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімі дамуы жағынан кенже қалды. Бұл кезеңдегі тілді оқыту са-
ласы бойынша бірді-екілі ғалымдарды атап айтсақ, бүгінде ғалымдар əлеуетінің қанат жай-
ып, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Н.Оралбайқызы. Ғалымның бастауымен 1990 
жылы Мəскеу арқылы алғашқы кандидаттық диссертация қорғау кеңесін ашу зор жетістік 
болды. Алғаш диссертацияларын қорғағандар да – профессор Н.Оралбайқызының шəкірт-
тері.
1992 жылы Қазақстан Республикасында Жоғары Аттестациялық Комиссия (ЖАК) 
құрылған кезде, кандидаттық, докторлық диссертация қорғау жөніндегі алғаш маманданды-
рылған кеңестердің ашылуына үлкен еңбек сіңірген де ғалым ұстаздың өзі болатын. 1974 
жылы арнайы кеңестер құрылған кезде тілді оқыту əдістемесі ілімінен мамандардың бол-
мауына байланысты ғылымның бұл саласынан диссертация қорғайтын кеңес республикада 
ашылмады. Ол осы ғылым саласының мамандарының дайындалмауына, ғылымның бұл са-
ласының дамымауына əкеп соқтырды. Осы жағдайды жақсы түсінген профессор Н.Оралбай-
қызы 1991 жылы Қазақстан халықтарының тілдерін оқыту əдістемесі бойынша диссерта-
ция қорғайтын кеңес ашып, оның төрайымы болды. Кейін ол кеңес докторлық диссертация 
қорғайтын кеңеске айналып, əдістеме ілімінен бірнеше докторлар, кандидаттар дайындалды. 
Ол мамандар тоқырауға ұшыраған осы ғылымды жандандырды, дамытты.
«Шəкіртсіз ұстаз-тұл» демекші, бүгінде Н.Оралбайқызы 60-тан астам ғылым докторы 
мен ғылым кандидаттарын даярлады. Олар қазір үлкен қызметтерде, жоғары оқу орында-
рында проректор, институттарда директор, декан, кафедра меңгерушілері, тіл орталықтарын 
басқарушылар, профессор, доцент кызметінде жүргендер. Бұл - ғұлама Н.Оралбайқызы мек-
тебінің тұғырының берік, еңсесінің биік екендігінің айғағы.
Өнегелі өмірімен үлгі болған көрнекті ғалым, қажырлы қайраткер, ұлағатты ұстазымыз 
Нұржамал Оралбайқызына шəкірттері атынан 90 жылдық торқалы тойымен құттықтай оты-
рып, даңқыңыз артып, ғылым жолындағы жұлдызыңыз жарқырай жанып, халқыңыздың ме-
рейіне бөлене беріңіз деген тілек айтқымыз келеді.


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет