77
Бірсыпыра жағдайда еңбектерде «
жаңа сөз жасалады», деген тіркес қолданылады. Біз
бұл терминді қолданбадық. Бізде сөзжасам əрекеті арқылы жасалған туынды сөздердің көбі
ертеден қолданылып келе жатқан, əр кезеңдерде қолданылған сөздер, соңгы кезде жасалған
жаңа туынды сөздер азырақ. Сондықтан бұл сөз тіркесін еңбекте қолданбадық.
Сөздасамдық мағына «Қазақ тілі сөзжасамы» оқулығында бірінші рет топтастырылып,
оның түрлері көрсетілгені анықталды. Бұл жаңа ғылыми мəселе ,яғни, сөзжасамдықмағына-
ның түрлері жұртшылыққа таныс еместігін ескеріп жəне олардың зат есім сөзжасамына да
қатысын көрсету үшін, зат есім сөзжасамынан алатын орнын аңғарту үшін, оларға қысқаша
тоқтала кетейік.
Зат есім сөзжасамындағы өзгерген туынды мағына. Өзгерген туынды мағына зат есім сөз-
жасамының өзекті мағынасы деп санаймыз. Ол зат есім сөзжасамынан кең орын алады. Ол
тек зат есім сөзжасамынан ғана емес барлық сөзтабының сөзжасамынан да кең орын алады.
Сондықтанда сөзжасам мəселесі туралы сөз болғанда, кімнің болса да, ойына алдымен өзгер-
ген туынды мағына жəне оның мысалдары оралады. Бұл соншалықты кең таралған құбылыс
зат есім сөзжасамыныңбасқа да
мағыналары барын ескертпей, оларды естен шығарады.
Ал «
өзгерген туынды мағына» деп нені айтатынымызды анықтап алайық. Өзгерген
туынды мағына деп уəждеме сөз негізінде сөзжасамдық түрлі тəсілдер арқылы, түрлі сөзжа-
самдық бірліктер, көрсеткіштер арқылы жасалған, негіз сөзден туындаған уəждемелі сөздің
өзгерген мағынасын айтамыз. Мысалы,
көрермен, шеберхана, оқулық, елтаңба, əнұран, құн(-
термин),
екпін(термин) т.б. Бұл келтірілген мысалдардың бəрі – туынды сөздер. Олар əр түрлі
сөзжасамды тəсіл арқылы жасалған. Айталық,
көрермен, шеберхана, оқулық деген туынды
түбір сөздер –
мен, - хана, - лық сөзжасамдық жұрнақтары арқылы жасалған туынды түбір
сөздерге жатады. Сөзжасамдық əрекеттердің нəтижесінде жасалғандықтан, олардың мағына-
сы туынды мағынаға жатады. Сонымен бірге, бұл сөздердің туынды мағынасы сөзжасамдық
мағыналардыңішінде өзгерген туынды мағына болып саналады. Оның себебі:-
мен, -хана,
-лықжұрнақтары өздері жасалған негіз сөздің яғни уəждеме сөздің лексикалық мағынасын
өзгертіп, одан басқа лексикалық мағыналы сөз жасаған.
Сондықтан көрермен,шеберхана,
оқулық деген туынды түбір сөздер өзгерген туынды мағыналы сөздер болып табылуға тиіс.
Енді
елтаңба (герб),
əнұран (гимн) сөздері де туынды сөздердің бір түріне яғни біріккен сөз-
дерге жатады. Бұл типтес сөздер –аналитикалық тəсіл арқылы жасалған сөздер. Бұлар екі толық
мағыналы сөздердің бірігуінен жасалған. Бұл туынды сөздердің сөзжасамдық бірліктері – толық
мағыналы сөздер. Олар сөзжасам əрекетінен өтіп, біріккен сөздер жасаған.Сөзжасамдық əрекет
нəтижесінде жасалған біріккен сөздердің (
елтаңба, əнұран) мағынасы оның құрамындағы жеке
сөздердің мағынасынан мүлдем бөлек.
Елтаңба (герб),
əнұран (гимн) сөздерінің мағыналары
ел,таңба, əн, ұран сөздерінің жеке алғандағы мағыналарының бойында жоқ. Демек,
елтаңба,
əнұран сөздерінің мағынасыуəждеме сөздердің мағынасынан мүлдем басқа. Сөзжасамдық əре-
кеттен соң, елтаңба, əнұран сөздерінің туынды мағынасы уəждеме сөздердің мағынасынан өзгер-
ген. Сондықтан мұндай сөздердің туынды мағынасы да өзгерген туынды мағынаға жатады.
Талданған мысалдар синтетикалық тəсіл де, аналитилалық тəсіл де, (түрлі тəсілдігіне қа-
рамастан) өзгерген туынды мағына жасайтындығын көрсетеді. Бұл олар басқа сөзжасамдық
мағына жасамайды деген сөз емес..
Əдебиеттер тізімі:
1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1998. 303 б.
2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989, 368 б.
3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002, 189 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются характерные особенности
латинского алфавита, кото-
рый применялся в 1929–1940 гг. Рассматриваются историческая роль перехода на латинский
алфавит, издательские работы 20–40 годов XX века, приведены архивные материалы по дан-
ной теме. Представлены основные данные по переходу на латинский алфавит в Республике
Казахстан.
78
Summary
This article discusses the characteristics of the Latin alphabet, which was used in the years
1929-1940. We consider the historical role and its pluses transition to the Latin alphabet. In addition,
the article examines the publishing of 20-40 years of XX century, and hello archival materials on the
topic. Hello basic data on the transition to hark alphabet Republic of Kazakhstan.
Достарыңызбен бөлісу: