76
Енді теңбе-тең туынды мағынаға: «Туынды сөздің лексикалық
мағынасы негіз сөздің, не
сөз тіркесінің мағынасымен тең түсуі мағынаның теңбе-теңдігі аталады. Бұл сөзжасамның
қысқарту арқылы жасалған түрлеріне қатысты» деген түсінік берілген, қысқарған сөздерден
мысал келтірілген.
Демек сөзжасамның туынды мағыналарының бəрі лексикалық мағынаға жататын болған-
дықтан, туынды лексикалық мағына деген өте жалпы мəнді сөз екені, оның сөзжасамда əр
түрлі ерекшелігі бары анықталып отыр.
Олай болса, сөзжасамдық мағына деп нені атау керектігі анықталу қажет. Оған 2002
жылы жарық көрген «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында мынадай анықтама берілген:
«Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп ата-
лады» [3,39]. Бұл анықтама негізінен дұрыс. Бірақ оны жеке жұрнақ жасаған, сөзжасамдық
көрсеткіш жасаған деп те түсінуге болады. Сондықтан анықтаманы айқындай түсу керек
деген ойға келдік. Осымен байланысты сөзжасамдық мағынаға мынадай анықтама ұсындық:
сөзжасамдық мағына деп сөзжасамдық əрекеттің нəтижесінде барлық тəсілдер арқылы жа-
салған туынды сөздерге ортақ мағынаны айтамыз. Бұл анықтама сөзжасамдық мағынаның
барлық сөзжасамдық тəсілі арқылы жасалған туынды сөздерге қатысты екенін аңғартады.
Осы пікірді мысал арқылы анықтай түсейік.
Айталық тəрбиеші деген туынды сөздің
Достарыңызбен бөлісу: