Қолданылған əдебиеттер
1. Қожахметова, Х., Жайсақова Р., Қожахметова Ш., (1988), Қазақша-орысша фразеоло-
гиялық сөздік, Алматы.
2. Кеңесбаев, І., (1977), Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Алматы.
3. Аблақов, Ə., Исаев, С., Ағманов Е., (1997), Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен
лексикалану процесі, Санат, Алматы.
4. Лингвистический энциклопедический словарь, (1990), Москва.
5. Қалиев, Ғ., Болғанбаев, Ə., Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы,
(2006), Сөздік-Словарь баспасы, Алматы.
6. Смағұлова, Г., (1998), Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері, Ал-
маты.
7. Смағұлова, Г., (2001), Мағыналас фразеологизмдердің сөздігі, Алматы.
8. Виноградов, В., (1977), Основные понятия русской фразеологии как лингвистической
дисциплины // Избранные труды, т.3. Лексикология и лексикография, Москва.
9. Шанский, Н., (1972), Лексикология современного русского языка, Москва.
10. Аханов, К., (2003), Тіл білімінің негіздері, Санат, Алматы.
11. Тіл білімі институты, Қазақ тілінің грамматикасы (Синтаксис), (1967), 2.том, Ша-
пағат-нұр, Алматы.
12. Мамырбекова, Г., (2012), Ескі қазақ тілінің жазба нұсқалары, Алматы.
13. Ерофеева, И.В., (2014), Эпистолярное наследие Казахской правящей элиты 1675-1821
годов, Том 1., Письма казахских правителей. 1675-1780., Абди, Алматы.
14. Əбділəшімұлы, Д., (2016), Ескі қазақ жазба тілі, Елтаным,Алматы.
15. Өзеткин, A.,(1996), Мелек, Altın Ordu, Kırım ve Kazan Sahasına Ait Yarlık ve Bitiklerin
Dil ve Üslûp İncelemesi, Анкара.
82
ЛАТЫН ƏЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Сарсембаева С.
«Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алға ауылы Шу ауданы Жамбыл облысы
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды
жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай
латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ
тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» ҚРПрези-
дентіН.НазарбаевтыңЖолдауынан.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ əліпбиін латын графикасына көшіру
жөнінде қойған міндеттерге байланысты қазақ əліпбиіне көшудің тиімді жолдары талқыла-
нып, ұсыныстар жинақтау қарқын алды. Осыған орай Мемлекет басшысының «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміз үшін аса маңызды зор саяси шешім қа-
былдағаны баршаға белгілі. Тарихқа сəл шегініс жасасақ, латын əрпін қозғаған кезде қазақ
тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көте-
руге көп күш жұмсаған ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы тұралы сөз болады. Ұлы
ағартушымыз: «Біздің заманымыз – жазу заманы» - деп, латын əліпбиіне көшу қажеттілігін
дəлелдеп берген [1.с 26].
Ахмет Байтұрсынов–ұлттық жазудың негізін қалаушы. Ғалымның араб графикасы не-
гізінде тұңғыш құрастырып шыққан жазуы «төте жазу» деп аталады. А. Байтұрсынов 1910
жылдан бастап араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ыңғайлап, графиканы жетіл-
дірді. Қазақ зиялыларының арасында қызу қолдау тауып, ерекше ілтипатпен қабылданған[2,
40].
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. 1929-40 жылдар аралығын-
да латын графикасына негізделген əліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай
кирилл графикасы əліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін əр ке-
зеңдерде жəне əр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы не-
гізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде жəне Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында
пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан жəне Өзбекстан елдерін
бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО ре-
спубликаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс ел-
дерінде қазақ диаспорасы əртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.
Осылайша, қазақ тілінің əліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен
айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Əзірбайжан КСРО ыды-
рағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тəжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға
дейін өзбек тілі араб əліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын əліпбиі
негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын
тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы
символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық ла-
тын кириллицамен салыстырғанда 7 əріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдар-
дың жоқ болу есебінен кейбір əріптерді екі еселеуге тура келеді. Нəтижесінде апострофпен
қосқанда 29 əріптен тұратын өзбек латын əліпбиі құрылған. Сол сияқты Əзірбайжанда 1925
жылдарға дейін ресми əліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын əліпбиін қол-
данса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын əліпбиіне көшті[3].
Мемлекеттік деңгейде латын графикасына жүйелі түрде толықтай көшу 2025 жылға жоспар-
ланып отыр. Көрші жатқан түркі тілдес елдер: Əзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан бірне-
ше жыл бұрын латын графикасына өту қадамдарын пəрменді түрде жасағанын білеміз. Олар-
83
дың осындай іс-əрекеттеріне халықаралық деңгейде өзіндік үлгі болған ХХ ғасырдың ба-
сындағы Түркия елінің тілдік трансформациялану тəжірибесі болатын. Ғасырлар бойы араб
əліпбиін қолданып келген Түркия мемлекеті 1929 жылы латын графикасына қалай ауысқа-
ны тарихтан белгілі. Кемал Ататүріктің осындай батыл қадамдарды жасауына түрткі болған
нəрсе – Түркияның Еуропалық мəдени, экономикалық, тіпті, тұтастай алғанда дүниетаным-
дық кеңістігіне барынша жақындай түсу ынтасы мен ықыласы болатын. Ал, енді дəстүр-
лі исламдық құндылықтарды өздерінің өмір сүру салтында, көзқарастарында басымдылық
еткен жұртшылыққа осы қадамдардың басында ұнамағаны да анық. Кез келген инноваци-
ялық қадам əлеуметте алғашында толықтай қолдау таба қоймайтыны да белгілі. Дегенмен,
əлеуметтік дүниедегі латын əліпбиіне деген сұраныс бір жағы Еуропа құрлығымен, Еуропа
мемлекеттерімен шектесіп жатқан геокеңістік үшін қолайлы болғанын аңғарамыз. Түркілік
зиялы қауым бірте-бірте мұсылмандық дəстүршілдіктен Еуропалық модернизацияның ар-
тықшылығын сезіне бастайды. Əрине, түрік халқы дүниетанымдық тұрғыда өзінің мұсыл-
мандық құндылықтарын жойған жоқ, исламдық сенімнен айрылған жоқ. Тіпті, кейде қазіргі
заманда қалалардағы батыстық құндылықтардың басымдық танытатын тұстарына сыни көз-
бен қарайтын кездері де болады. Тек өзінің ұлттық құндылықтарының жаңа заманда жаңа
сапалық деңгейде өрбуіне өзіндік серпін қажет екенін сезінді. Міне, осындай тарихи дəуірде
өзгерістерді жасауға тəуекел ете алатын мемлекет қайраткерінің билікті қолға алуының өзі
керемет құбылыс болатын. Əрине, Кеңес Одағында кирилл əліпбиінде ондаған жылдар бойы
өмір сүрген көрші елдер үшін өткен онжылдықтар жүзеге асырылған лингвистикалық өзгері-
стер оңайға түскен жоқ. Тіпті, Түркияның өзі латын əліпбиге көшуді қиындығын басынан
өткізгенін естен щығармауымыз керек. Ал көрші жатқан Латын əліпбиіне көшудің мəдениет-
танулық жəне білім берулік...
Ал енді Өзбекстан қазіргі тарихи кезеңде осы тілдік трансформацияның əлеуметтік, мə-
дени жəне лингвистикалық мəселелерін тиімді шешудің жолдарын іздеуде, кейде кирилл
салтындағы əлеуметке өздерінің сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндіктер беріп қоя-
ды. Паралелді түрде Өзбекстан билігі қирилл əліпбиінің көмегімен қалыптасқан өткен та-
рихи кезеңдердегі рухани құндылықтарды ұмытпауға шақырып та қояды. Əрине, осындай
өтпелі кезеңнің тəжірибесі тіл графикасын өзгертуге бет бұрған кез келген мемлекет үшін
өте маңызды. Адамзаттың тарихында əліпбидің əртүрлі нұсқалары болғаны белгілі. Сонау
руна жазуларынан бастап, иероглиф, пе-троглиф, арабтық нұсқадағы жазу түрлерімен қатар
латын жəне кирилл əліпбилерінің адамзат тарихында орын алуының өзі кездейсоқтық емес.
Себебі, таным саласындағы философиялық əр қилы толғаныстардың сипаты болғаны іспет-
ті, мəдениеттің даму үдерісіндегі əртүрлілік те заңды құбылыс. Шын мəнінде құбылыстағы
көптүрлілік бірлікке қызмет еткенде ғана адамның қызметі арқылы əлемді үйлесімдендіруге,
гүлдендіруге өзінің қомақты үлесін қоса алады.
Латын қарпін таңдаған елдердің мəдениетін көбінесе өркениеттіліктің көрінісі, дамыған-
дықтың белгісі ретінде қарастыру заманауи дүниетанымдық жүйелерде дəстүрлі ұстанымға
айналғаны анық[4.с 120].
-«Біз латын əліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын əліпбиі бізге не береді?»-деген
сұрақтар туындалады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды былайша жіктеп көрсе-
туге болады:
Ең алдымен, тіл тазалығы мəселесі, қазіргі əліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың
өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының əмірімен күшпен
таңылған кейбір кірме əріптерден арылып, таза казақ əліпбиін калыптастыру бағытындағы
игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын əріп-
терді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, латын əліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дəрежеге шығуына жол
ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңісті-
84
гіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы те-
лефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай
қиналып жататынымыз бар. Себебі, латын əліпбиінің базасы қалыптасқан, əрі ауқымы кең.
Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын əлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады
екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын əліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүни-
есі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мəдени, ғылыми, экономикалық
қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде
əлемнің əр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайы-
зы латын əліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын əліпбиіне көшер бол-
сақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар.
Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы
ғылыми жəне білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы Н.Ə.Назарба-
ев айтқандай, латын əліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану
арқылы əлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір
айтып, оның тиімді тұстарын дəлелдеп бағуда. Ендігі кезекте, сол ғалымдарымыздың жан-
жақты еңбегі сараланып, түрлі əдістемелік жұмыстар жүргізілетінін түрлі ақпарат көздері-
нен оқып-біліп танысып жатырмыз[4].
Біз, Қазақ Елі, уақыт көшіне ілесіп, əлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қо-
сылу үшін жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, əліпбиімізді латын
жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы[4].
Достарыңызбен бөлісу: |