Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет48/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   255
Оралбаева

 1) Дара жəндік атаулары
Дафния (лат. Daphnia – шаянтəрізділер класының, жапырақаяқты шаяндар отрядының 
бір туысы). Тұрқы 1-8 мм бұл жəндік теңіз, мұхит бойында тіршілік етеді. Қазақстанда тек 
Каспий теңізі алқабындағы су қоймаларынан кездестіруге болады. Қазақ тіліндегі баламасы 
– су бүргелері. 
Паразит (грек. Para – жанында, sitos - қоректену) – бір организмнің екінші бір орга-
низмде тіршілік етіп жəне сол иесін қорек ретінде жəне мекен ретінде де пайдаланатын жəн-
діктер. Паразиттер өз иесінен кіші болады. 
Гаттерия (лат. Spheodon punctatus) – бауырымен жорғалаушылар класының тұқымба-
стылар отрядына жататын, өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан бір ғана түрі. Гаттерияның 
сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Басы үлкен, аяқтары бес саусақты, жон арқасы мен үстіңгі 
жағында үшбұрышты қабыршақтан тұратын жалы болады. Төбесіндегі тері астында ерекше 
төбе көзі бар, сондықтан оны кейде үш көзді гаттерия деп те атайды. Төбе көзі арқылы жа-
рықты сезеді. 
Гамаз – көң қоңыздарының денесінде паразит болып тіршілік ететін кененің бір түрі. 
Трематодтар – сорғыштар.
 Цестод (лат. Cesoda) – таспа құрт.
Тагуан (pteromyidae) – ұшар (кеміргіштердің бір тұқымдасы). 
Анкилостома (лат. ankyeostoma) – адамның денесінде паразиттік түрде тіршілік ететін 
жұмыр құрттың бір түрі. 
Мизида – жоғарғы сатыдағы шаянтəрізділер класс тармағының бір отряды. 
 Лигамент (лат. Ligae - байланыстыру) – қосжақтаулы ұлулар бақалшағының екі жақта-
уларын қосатын майысқақ заттан түзілген кергі.
Аргонавтар (лат. argonauta) – бесаяқты былқылдақденелілер класының сегізаяқтылар 
отрядының туысы. 
 Цеце – кəдімгі шыбындар тұқымдасына жататын жəндік. Африканың субтропиктік ай-
мақтарында, əсіресе орманды, ылғалды жерлерде мекендейді. Цеце адамды, жануарларды 
ауруға шалдықтыратын қан паразиттері. 
Цикада тұқымдасы – тең қанатты ет тұмсықты насекомдар отрядының бір тобы. Басы 
қысқа, маңдайындағы күрделі екі көзі арасында үш бұрыш тəрізді орналасқан 3 қарапайым 
көздері болады, мұртшасы өте қысқа, қанаттары əдетте мөлдір, жүйкесі айқын көрінеді, кей-
де қаралау, ақ не айқын түсті. Цикада тұқымдасының кейбір түрі – ауыл шаруашылық дақыл-
дарының зиянкестері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет