Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Семенов барылдауық қоңызы



Pdf көрінісі
бет50/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   255
Оралбаева

 Семенов барылдауық қоңызы – Іле Алатауы жергілікті түрі. Республика фаунасын-
дағы ең əдемі қоңыздың бірі. Далалы өсімдіктер бар жерде тіршілік етеді. Теңіз бетінде ме-
кендейді. 
 Сольский барылдауық қоңызы – саны мен таралу аймағы шағын, табиғатқа сəн бе-
ретін ірі қоңыз. Қазақстанда Теріскей Алатау жотасында Іле мен Баянқол өзендерінің тоғай-
ларында мекендейді. 
Алып сколия – саны азайып бара жатқан ара түрі. Қазақстанда Солтүстүк Каспий 
маңында кездеседі. Ұзындығы шамамен 26-40 мм. Сары түктермен қапталған, денесі са-
ры-қара өң беріп, кезекпе кезек сақинлы жолақ тəрізді қалыптасқан. 
 Қысқанатты Боливария дəуіті – Қырымда, Кавказда, Сирия, Иранда кең таралған. Си-
рек ксерофитті өсімдіктері бар құрғақ тау етегінде тіршілік етеді. Тұрқы қою сұр түсті, қанат-
тарының астары өткірленген қысқа. 
 Дамалаканта вакка шегірткесі – сирек кездесетін дараланып таралған шегіртке түрі. 
Тұрқы жуан денелі, сарғыш түсті, кеудесі мен құрсағында қоңыр қара суреттері бар қанатсыз 
ірі шегіртке. 
Жылантəрізді Аллолобофора (перелия) – ТМД жеріндегі ең ірі жауын құрттардың 
бірі. Солтүстүк – батыс Алтайда таралған жəне Тарбағатай жотасының оңтүстүк беткейінен 
табылған. Топырақ бетінде жиналған, түскен жапырақтармен жəне шөптесін өсімдіктердің 
жасыл бөліктерін ін қуысына тасып қоректенеді. Сонымен қатар қарашірікті де пайдалана-
ды. 
 Теели гастрокоптасы – Кавказда, Оңтүстік Алтай мен Оңтүстік Приморьеде таралған 
ұлу. Аралас жəне жалпақ жапырақты тау ормандарының беткейінде түскен жапырақ жабы-
нының астында тіршілік етеді. 
 Сол бұрандалы брадибена – Іле жəне Жоңғар-Алатауында шеңбер шегінен шықпайтын 
ұлудың жергілікті түрі. Тау беткейлерінде, ағаш, бұта, далалы шабындық өсімдікерімен жа-
былған тау өзені жайылымдарында тіршілік етеді. 
 Шнитников псеудонапеусы – Іле Алатауы ұлуының жергілікті түрі. Негізінен орманды 
– шалғынды – далалы белдеуде, орман алаңқайында, шалғынды өсімдікі тау беткейлерінде 
тіршілік етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет