114
Кесте 2 – Себеп-салдарсыз бір ядролы (mononuclear) симметриялық (риторикалық) бай-
ланыс түрлері
№
Ағылшын тілі
Орыс тілі
Қазақ тілі
Объектілік/пропозициялық (Subject – matter) байланыстар
1
Circumstance
Обстоятельство
Жағдай
2
Interpretation
Интерпретация
Интерпретация
3
Comparison
Сравнение
Салыстыру
4
Evaluation
Оценка
Бағалау
Презентациялық (Presentational) байланыстар
5
Elaboration
Р а з в и т и е
Детализация
Даму, өсу, өркендеу, егжей -
тегжейлі түсіндірме
6
Summary
Резюме
Түйіндеме
7
Restatement
Переформулировка
Қайта тұжырымдау
8
Antithesis
Антитезис
Антитеза
Зерттеушілердің айтуынша, кестелерде берілген əрбір риторикалық байланыс дискурс/
мəтін құрылымындағы маңызды семантикалық, прагматикалық байланыстарды айқындайды
[1, 245]. Авторлардың мұндай байланысты риторикалық байланыс деп атағаны да дəстүрлі
риторика ұғымына, шешендік сөзге қатысы жоқ, осындай байланыстық негізге сүйенгенді-
гінен туған сияқты.
Олардың пайымдауынша, дискурс бірліктерінің əрқайсысы өз алдына
жеке дара қолданылмайды. Олар сол дискурстағы басқа да бірліктермен бірін-бірі толықты-
рып, иерархиялық жүйені
ұстана отырып, дискурс мақсатына жетуге қызмет етеді.
Риторикалық теория тұрғысынан риторикалық байланысқа түсетін дискурс бірліктері не-
гізгі
басыңқы элемент – ядро (Nucleus) жəне
бағыныңқы элемент – сателлит (Satellite) рөлін
атқарады. Риторикалық байланыстардың көп түрлерінде кездесетін
ядро дискурс құрылы-
мындағы маңызды бірлік, ал сателлит ядроның маңызын нақтылайтындықтан, адресанттың
коммуникативтік мақсатына байланысты оған бағынады.
Кей жағдайларда адресат тарапынан
ядро сателлиттің көмегінсіз интерпретациялануы
мүмкін, ал сателлит кей жағдайларда өздігінен маңызды ақпаратты жеткізуге қабілеті болма-
уы да мүмкін. Сондықтан оның жоқ болуы немесе түсіп қалуы риторикалық байланысқа көп
əсерін тигізбейді. Ал,
ядроның дискурс құрылымында түсіп қалуы немесе жоқ болуы мəтін
мазмұнының немесе риторикалық байланыстың өзгерісіне əкеп соқтырады [1, 257]. Мыса-
лы,
Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ, тек астымыздағы аттар-
дың деміккен танау пырылы мен тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана осы жүрістің
өсекшісіндей маңайға дабырлайды (Оралхан Бөкей, «Қайдасың, қасқа құлыным», 115-б.).
Риторикалық құрылым теориясының заңдылығына сүйеніп, дискурсты 4
элементарлы
дискурс бірлігіне бөлуге болады.
1а Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ,
1ə тек астымыздағы аттардың деміккен танау пырылы мен
1б тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана
1в осы жүрістің өсекшісіндей маңайға дабырлайды.
Мысалдағы дискурс бірліктерінің байланысына келетін болсақ: (
1а)
Үйден шыққалы
ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ – элементарлы дискурс бірлігі ядро ретінде өз ал-
дына жеке тұрып, өзінен кейін тұрған сателлиттерге тəуелділігі шамалы болып, аяқталған
ойды білдіріп тұр. Ал, сателлит рөліндегі элементарлы бірліктер (1ə, 1б, 1в) ядросыз өз ал-
дына жеке-жеке аяқталған мағына бере алмайды. Тіпті, осы 3
сателлит бірігіп, бір аяқталған
ойды білдіреді деп айтуға да болмайды. Себебі, дискурсқа нақтылық үстеп тұрған
тек, ғана
шектік (тежеу) демеуліктері жəне
мен шылауының əсері олардың белгілі бір ядроға тəуелді
екендігін аңғартады. Ал, ядро өз кезегінде кез-келген дискурстық бірліктермен байланысқа
115
түсе алады, мысалы: 1)
1а+1б+1в – Үйден шыққалы ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз
жоқ, тағалы тұяқтың тасқа шақ-шұқ тиісі ғана осы жүрістің өсекшісіндей маңайға да-
бырлайды бірліктері – Объективті риторикалық байланыстар (пропозициялық) дискурстың
қарапайым бірліктерінің бірізділігін сипаттай отырып, шынайы уақытта болып жатқан оқиға-
ның, іс-əрекеттің
бір-біріне байланыстылығын, бірізділігін сипаттайды. Дискурста ядро мен
сателлит бірізділігінің қатаң ережесі жоқ, дегенмен əр дискурстық байланыс үшін тұрақты
комбинациялар кездесіп қалатынын
авторлар жоққа шығармайды;
2)
1а - Үйден шыққалы
ешқайсымыз тіс жарып үндегеніміз жоқ. Дискурстық
бірліктегі тіс жарып үндегеніміз
Достарыңызбен бөлісу: