116
беру - өте қиын іс. Бұл айтқан ғылым тарауын көңілдегідей шығару үшін оның соңында бір-
неше жыл отырып, бір пəн сөзінің өзін бірнеше сүзгіден өткізу керек» [1, 3].
Осындай күрделі еңбектің нəтижесінде жарық көрген сөздіктердің бірі – «Қазақша-орыс-
ша тілмаш». Кітап 1925 жылы Мəскеуде 10000 дана болып басылып шығады. Сөздік жұмы-
сын басқарған – Кемеңгерұлы Қошке‚ түзгендер – Кемеңгерұлы Қошке, Байтасұлы Абдолла,
Бұралқыұлы Мұстапа, Байғаскин Есім, Дəулетбекұлы Ғаббас, Баймақанұлы Шəкір, Темір-
бекұлы Сұлтан, Сəрсенбайұлы Төлеутай болды. Құрастырушылардың
ешқайсы да тіл мама-
ны емес. Қ.Кемеңгерұлы бұл кезде тарихшы, əдебиетші ретінде танылған. Орталық мұрағат
деректері 1925 жылы Есім Байғаскин мен Ғаббас Даулетбековтың Орта Азия Мемлекеттік
университетінің (САГУ) аймақтық шаруашылық жəне заң факультетінде (факультет местно-
го хозяйства и права) оқып жүргенін, Ақмола өңірінен келгенін көрсетеді [2, 58].
Р.Рүстембекованың «Қошке (Қошмұхаммед) Кемеңгерұлы» атты мақаласында [3] сөздік-
ті құрастырушылар туралы деректер келтірілген. Онда Дəулетбекұлы Ғаббастың Орта Азия
университетінің заң факультетін бітіргені, кейін заң қызметіндегі əділетсіздіктерді көріп,
1933 жылы мемлекет банкісіне ауысқаны, 1937
жылы Қызылжарда ұсталып, атылғаны тура-
лы, ал Есім (?) Байтасұлының ол кезде студент болғаны, Мұстафа Бұралқыұлының оқу-ағар-
ту саласында қызмет еткені туралы мəлімет бар.
Сонымен қатар Т.Жұртбаевтың «Талқы» деген кітабында көптеген алаш азаматтарының
қатарында Абдолла Байтасұлы, Мұстафа Бұралқыұлы мен Есім Байғаскиндердің түрмедегі
азапты күндері туралы баяндалады [4].
Ғасыр басында қазақ білімпаздары аударма ісіне белсене араласқаны белгілі. Мұрағат
деректеріне
зер салсақ, Ə.Бөкейханұлы – география, Е.Омаров – алгебра, М.Жұмабаев –
педагогика, Ж.Аймауытов – дидактика, Ф.Ғалымжанов – физика‚ Б.Сəрсенов – геометрия,
И.Тұрғанбаев – арифметика, Қ.Кемеңгерұлы – жаратылыстану пəндері бойынша оқулықтар-
ды қазақ тіліне аударғанынан [5] хабардар боламыз. Сонымен қатар мұрағат қорында Қ.Ке-
меңгерұлының 1925 жылдың 16 қарашасында «Ауыл шаруашылық ғылымы» атты кітапты
аударуға келісім беретіні жайында хаты сақталған [6, 20].
Ғалым Пушкиннен «Пайғамбар», Никитиннен «Сəскелік көлдің жағасында» сияқты
өлеңдерді тəржімалаған. Сонымен қатар Д.Қамзабекұлы Кемеңгерұлының химия оқулығын
аударғаны туралы да мəлімет келтіреді. Сол сияқты «Құлақ шаруаларындағы батырақ пен
батырақ əйелдерді заң қалай қорғайды» [7], «Ақы, кəсіп, дау айыратын комиссия» [8] деген
Қ.Кемеңгерұлының аудармалары Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.
Мұрағат деректері Бектасов пен Кемеңгерұлының «Орысша- қазақша сөздігінің» («Рус-
ско-казахский словарь») орыс топтарына қазақ тілін үйретуде
жетекші құралдардың бірі
болғанын көрсетеді [9]. Алайда бұл кітапты кітапхана қорларынан кездестіре алмадық. Бұл
деректер Қ.Кемеңгерұлының сөздік түзу жұмысына тегіннен-тегін араласпағанын, оған үл-
кен дайындықпен келгенін танытады.
Сонымен қатар А.Байтасұлы да «Қазақша-орысша тілмаш» жұмысына араласқанға дей-
ін-ақ аудармашылық шеберлігі ұшталған қайраткер ретінде танылған. Ол Уагнерден «Жану-
арлар туралы əңгімелер» (Ташкент, 1924, 126 бет), профессор Гейкіден «Физикалық геогра-
фия» (Ташкент, 1924, 204 бет) т.б. аударған. Осы кітаптарға жазған сынында «Қыр баласы»
(Ə.Бөкейханов) аударма тілін сөз ете келіп: «Абдолла жолдас орыс кітабын қазақшылауға
шебер. Кітаптың сөзі хат білетін қазаққа түсінікті»,- деп жоғары бағалайды [10].
Сөздік жұмысына аудармамен ертеден айналысып жүрген Қ.Кемеңгерұлы, А.Байтасұл-
дарының араласуы «Тілмаштың» дұрыс та сəтті болып шығуына əсер екені даусыз.
Қ.Кемеңгерұлы ана тілінің табиғатын, ерекшелігін терең білумен қатар көп тіл білетін
полиглот ғалым болғанын байқаймыз. Зайыбы Гүлсімнің айтуынша, Қ.Кемеңгерұлы араб,
парсы тілдерін де жақсы меңгерген. Сол сияқты Ə.Меңдеке, З.Нұрмағамбетовалардың мақа-
лаларында ғалымның ағылшын, неміс, жапон тілдерін білгені туралы айтылады. Сонымен
117
қатар Қ.Кемеңгерұлының мақалаларынан оның əзірбайжан, түрік‚ монғол тілдерін де игер-
гені байқалады. Бірнеше тіл білу сөздіктегі сөздердің мағынасын ашып, дұрыс балама табуда
көп көмектесетіні айтпаса да түсінікті.
«Қазақша-орысша тілмашты» түзушілер екі түрлі қызмет атқарған. Яғни, бір жағынан,
қазақ сөздерін саралап, сұрыптап, олардың баламасын дəл тауып, дұрыс түсіндіруді, сол
арқылы қазақ халқының болмысын, тұрмысын, рухын басқа халыққа таныстыруды мақсат
етсе (бұл этнографизмдер мен фразеологизмдердің т.б. мəнін түсіндіруде
ерекше байқа-
лады), екінші жағынан, ғылым мен техника, мəдениет т.б. саладағы жаңалықтар мен өз-
герістерге байланысты жаңа сөздер орыс тілінің əсерімен еніп жатқандықтан əрі ондай
ұғымдар мен түсініктерге балама ретінде қазақтың төл сөздері қалыптаса қоймағандықтан,
құрастырушыдар орысша-қазақша сөздіктің міндетін де атқарған. Сол себепті «Қазақша-о-
рысша тілмашты» түзушілер жеке реестрге қазақ тілінің дайын сөздерін ғана беріп қоймай,
орыс сөздерінің (немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енген сөздердің) қазақ тіліндегі
баламасын ұсынып, шығармашылық та қызмет атқарған (бұл, негізінен, термин сөздерге
байланысты).
Мəселен,
ғасыр басында аэроплан,
акционерное общество,
кинематограф,
резолюция,
Достарыңызбен бөлісу: