Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


Пайдаланылған əдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет93/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   255
Оралбаева

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. Курышжанов А. Формы и значения падежей в языке CodexCumanicus. АКД. 1956 г. 
С.225.
2. А.Самойлович Опыт краткой крымско-татарской грамматики. Пг., 1916г., стр.95.
3. Жүнісова М.Ə. Əлемдік лингвистика. // Оқу құралы. Қарағанды:MedetGroup. 2016. 
-125 б.
4. Оразбаева Ф.Ш., Жиренов С.А., Кенжебаева Г.М., Мазибаева Ж.О. Лингвистикалық 
терминдер теориясы. // Оқу құралы. Алматы: Ұлағат. 2012. 96 б.
5.Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.: Рауан. 1998. 
-304 б.
6. Оралбай Н. қазақ тіл білімінің мəселелері. Павлодар. 2011. -424 б.
7. Богородицкий В.А. Введение в татарское языкознание. стр. -152.
8. Жүнісова Майра Қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттар /Оқу құралы. 2017. -104 
б.
9. Жүнісова Майра Қазақстандағы Қашқаритану (лингвистикалық аспект). /Монография. 
2017. 216б.
ИЛЛОКУТИВТІ АКТІЛЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ, АЙ-
ТЫЛЫМНЫҢ ПЕРЛОКУТИВТІ ƏСЕРІ
Елшібаева Қалима Зəкірқызы
ҚызМемПУ 2-курс PhD докторанты
Қазақстан, Алматы қ.
Сөйлеу қызметі – сөйлеуді немесе ойлауды жүзеге асыра алатын адамның əлемді тануы, 
білім игеруінің белгілі бір əдісі ретінде қарастырылады.
Коммуникативтік қызмет теориясының бірде-бірі коммуникативтік жағдайды ескермей 
зерттеу жүргізе алмайды. Сөйлеу актілері теориясында коммуникативтік жағдайдың өз үл-
гі-моделін қолданады. Бұл үлгі сөйлеуші, тыңдаушы, түрлі жағдайлар, сөйлемдермен қоса 


147
сол сөйлеу актісінің мақсаты мен нəтижесін де қамтиды. Сол себепті көптеген лингвистер 
əлеуметтік іс-əрекетте қарым- қатынасқа түсу барысында туындайтын əр қилы мақсаттарға 
жету үшін тілді қолдану механизмі қандай деген сұраққа жауап іздеді.
Сөйлеу актілері теориясында сөйлеу актісі үш деңгейлі құрылым ретінде қарастырыла-
ды: локутивті акт, иллокутивті акт, перлокутивті акт. Локутивті акт – сөйлеу барысында қол-
данылатын тілдік құралдар, иллокутивті акт дегеніміз – сөйлеу актісінің мақсаты мен оны 
жүзеге асыру жағдайларына қатысы, перлокутивті акт – сол сөйлеу актісінің нəтижеге қаты-
сы. Бұл үштаған айтылым мазмұнының бірлігін көрсетеді.
Сөйлеу акті дегенімізбелгілі бір қоғамда қалыптасқан сөйлеу əрекеттерінің негізгі 
қағидаттары мен ережелеріне сəйкес пайда болатын мақсатты сөйлеу. Сөйлеу актілерінің не-
гізгі белгілері ретінде зерттеушілер ниет (интенционалдылық), мақсаттылық жəне конвенци-
оналдылықты атайды.
Сөйлеу актілеріне өздеріне тəн, бір-бірімен байланысты əлеуметтік рөлдері бар, сөйлеу 
дағдылары, əлем туралы түсінік-ұғымдары ортақ сөйлеуші мен адресат қатысады. Сөйлеу 
актісінің құрамына сөйлеу жағдайы мен оның мазмұнына қатысты болмыстың үзігі кіреді. 
Дж.Остиннің айтуынша, сөйлеу актісін орындау деген жалпыға түсінікті тілдік таңбамен 
дыбыстау; сол тілдің сөздерінен сол тіл грамматикасының заңдылықтарына сəйкес сөйлем 
құрау; сөйлемдегі мағына мен референция (болмысқа қатысы) (локутив); сөйлеуге мақсат 
қою (иллокутивті акт), яғни сөйлеу барысында қандай да бір коммуникативтік мақсатты біл-
діру; белгілі бір нəтижеге итермелеу (перлокутив), яғни адресаттың санасына немесе іс-əре-
кетіне ықпал ету.
Тілді белгілі бір қоғамда адам əрекетінде жұмсалуын сипаттайтын жəне түсіндіретін 
прагматика тілдік бірліктердің жағдаятқа сай таңдалуын анықтау, олардың сөйлеу əрекетіне 
коммуникативті бағытталған əдеттегі жағдайларда қолданылу тəртібін орнату сияқты мəселе-
лермен айналысады. Бұл тек лингвистикалық білімді ғана емес, сондай-ақ энциклопедиялық 
білімді де талап етеді. Өйткені кез-келген сөйлеуші өмір сүріп жатқан қоғамда белгіленген 
адамдардың өзара қарым-қатынасында қолданатын коммуникативті əдептің ережелері мен 
конвенцияларын білуі керек. Ч.Моррис айтып өткендей, прагматика қатынас кезінде ком-
муниканттарға əсер ету үшін тілдің қолдануын қарастырады. Прагматиканың пайда болуы 
сөйлеу əрекетін зерттеумен, сөйлеу механизмін талдаумен, сөйлеудің əлеуметтік актісімен-
байланысты.Оның орталығында сөйлеуші тұлғасы мен қатынас процесіне əрбір сөйлеушінің 
енгізген субьективті бастамасы орын алады [1,55 б.].
Коммуниканттар арасындағы сөйлеу қатынасы əрқашан да қандай да бір мақсатқа жету 
үшін жүргізіледі. Мұндай мақсат мəлімет алу немесе хабарлауға, қандай да бір іс-шараны 
өткізу үшін келісуге, қандай да бір іс-əрекет жағдайы туралы пікір алмасу немесе уақытты 
тиімді өткізуге арналады. Егер мақст болса, оған қол жету үшін қажетті құралдар да болу 
керек. Мұндай құралдарға вербалды алмасу – ауызша түрдегі диалог немесе жазбаша қаты-
нас формасында қолданылатын хаттар жатады. Вербалды алмасу белгілі бір деңгейде ұй-
ымдастырылу керек. Бұл ұйымдастырулар əртүрлі ережелермен реттеліп отырады. Олардың 
ішіндегі ең маңызды төрт тобы бар, нақтылап айтар болсақ: 1) сөйлесімдік өзара əрекеттерді 
ұйымдастыру ережесі; 2) дискурсты ұйымдастыру ережесі; 3) ақпараттық алмасуды ұйымда-
стыру ережесі; 4) қатынастағы коммуниканттардың мəртебелік рөлдерін ескеру ережесі. Бел-
гілі бір мақсатқа қатысты сөйлеушінің орындауы қажет СА-і оны жүзеге асыру шартымен 
қатар иллокутивтік акт ретінде қызмет етеді. Қолданыс барысында пайдаланылатын тілдік 
құралдарға қатысты СА-илокутивтік акті деп аталады. Ал нəтижеге қатысты СА-і перлоку-
тивтік қызмет атқарады. Дж. Остин енгізген иллокуция түсінігі сөйлеу əрекетінің үш деңгей-
лі құрылымын айқындайтын ең басты жаңалық болды. Бұл түсінікті алғаш рет енгізе отырып 
Дж. Остин оның анықтамасын бермейді, тек иллокутивтік актілерге: сұрақ, жауап, ақпарат 
беру, ескерту, тағайындау, сын айту т.б. мысалдар келтіреді. Жəне де мұнда иллокутивтік акт 


148
интенциямен (мақсат түсінігі) жəне конвенциямен реттеліп отырады [2]. Иллокутивтік актіні 
конвенциялық əрекет ретінде түсінікті Дж. Серльберген болатын [3].
Прагмалингвистика мен сөйлеу əрекеті теориясында иллокуция термині жетекші орынға 
ие болып отыр. Бұл тұтастай түсінік пен оның компоненттерінің, негізінен, əр түрлі зертте-
ушілердің анықтамаларынан көп айырмашылығы жоқ. Мысалы, Дж.Серль мен Д.Вандер-
векен иллокутивтік күшті анықтау үшін сөйлеушінің қандай иллокутивтік мақсатқа жетуге 
тырысатынын жəне осы мүмкін болатын əлемде оған қаншалықты қолы жеткенін, қандай 
тəсілмен жəне пропозиционалдық актінің қандай қарқындылықпен жасалғанын, сонымен 
бірге мұнда қандай пресуппозициялар жасалатынын, қандай психологиялық жағдайда, осы 
əлемде қандай қарқынмен берілетіндігін білу жеткілікті деп есептейді [4, 261- 262 бб.].
Дж. Серль «уəде беру» иллокутивтік актісі үшін ережелер жиынтығын жасайды, басқа 
актілерді талдау бағдарламасын белгілейді; сөйлесім – коммуниканттардың ойын беруші 
құралы жəне де сөйлеуде жүзеге асырылатын факторлар болып табылады дейді. Иллоку-
тивтік актінің негізі СА-де оның иллокутивтік күші немесе иллокутивтік қызметі ретінде 
айқындалады. Бұған мына компоненттер: иллокутивтік мақсат, мақсатқа жету тəсілі, иллоку-
тивтік күштің қарқындылығы, қосымша жағдайлар, пропозиционалдық мазмұн шарты, əлеу-
меттік əдеп ережелерімен анықталатын тиімділік пен нəтижелік шарттары, қалыпты басталу 
жəне аяқталу, сөйлеуші мен тыңдаушы үшін шынайылық шарттары жатады [3]. Мақсаттың 
əртүрлі сипаты сөйлесімнің мағыналық жағын түрлендіріп отырады. Бұл ниеттің əр түрлі 
реңкте айтылуы сөйлеу жағдаяты мен тыңдаушының мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. 
Сондықтан мақсаттардың сыртқа шығу формасы, сөйлеушінің тілдік құралдарды таңдауы 
оның тілді меңгеру дəрежесіне ғана емес, сыртқы көптеген мəнбірлерге тəуелді болады. Осы 
тұста, Г.И.Иманғалиева өз зерттеу жұмысында, коммуникативтік ниеттің диалог түрлерінің 
ерекшелігін айқындаушы негізгі мəнбір екенін сипаттай отырып, негізінен кең қолданы-
латын мынадай коммуникативтік ниеттерді атап көрсетеді. Олар: 1) интеллектуалды ниет 
(мəлімет алу, көбіне: позицияны анықтау, пікірді қолдау, тақырыпты өрбіту); 2) Бұл диалогты 
қатысымда бірінші коммуниканттың қойған сұрағының негізгі интенциясы мəлімет алу ғана 
емес, сонымен қатар, өз тыңдаушысын қолдап оған деген жеке қатысын білдіру де; 3) қаты-
насты ниет (əңгімелесуші қолдау болмаса шеттету, əңгімені жалғастыру болмаса аяқтау);4) 
əрекетке итермелеу ниеті (белгілі бір əрекетке бағыттап, оны орындауға итермелеу) [4,43 б.]. 
Перлокутивті ықпал тікелей сөйлеу актісінен тыс болатындықтан, сөйлеу актілері теори-
ясы иллокутивті күштерді талдауға бағытталған, ал «сөйлеу актісі» мен «иллокутивті акт» 
терминдері синонимдер ретінде қабылданады. Иллокутивті күштердің жалпыланған түрі 
сөйлемнің грамматикалық құрылымынан көрінеді (хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер). 
Иллокутивті мақсаттар біртұтас мазмұнды диалог құру барысында айрықша маңызға ие, өй-
ткені сұрақ жауапты талап етсе, кінəлау не ақталуды, не кешірім өтінуді қажет етеді.
Сөйлеу актілерін жіктеуде иллокутивті мақсат, сөйлеушінің психологиялық жай-күйі, 
сөйлеу актісіндегі пропозиционалды мазмұнның нақты болмысқа қатынасы, адресант пен 
адресат мүдделері ескеріледі.
Сөйлемдер көмегімен сөйлеуші белгілі бір əрекет жасайды. Дж Р.Серль сөйлеушілердің 
коммуникативтік мақсатына қарай (нақты сөйлеу актілерінің қатысушыларының ерекшелік-
тері мен жағдайларын ескере отырып) сөйлемдердің прагматикалық типтерінің толық жікте-
месін жасады. Негізгі прагматикалық типтер ретінде перформативтер мен констативтер (ре-
презентативтер хабарламалар) аталды. Перформативтер дегеніміз – сөйлеу нəтижесі белгілі 
бір əрекетке балама бола алатын сөйлемдер, мысалы, Мен ант етемін; Мен уəде беремін; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет