Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет96/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   255
Оралбаева

Варианттылық синтагмасы. Синтагманың бұл түрі –өмірде болып жатқан қатынасты 
əр қырынан көрсетіп, əртүрлі коммуникативтік мақсатта жұмсалатын синтагма. Мысалы:
Су ақты – судың ағуы – аққан су – ағатын су, ағар су – ағытатын су;
Бала оқыды – баланың оқуы – оқыған бала – оқитын бала – оқытатын бала;
Хат жазу – хаттың жазылуы – жазылған хат – жазатын хат – жазылар хат – жазғы-
затын хат;Қонақ келді – қонақтың келуі – келген қонақ – келетін қонақ – келер қонақ; Бұлбұл 
сайрайды – бұлбұлдың сайрауы – сайраған бұлбұл – сайрайтын бұлбұл т.б.;
Жылысу синтагмасы. Синтагманың бұл түрі жинақталған, тұтас, күрделі ұғымды біл-
діретін атаулардың үнемі бірқалыпта қолданылмай, олардың түрін, түсін, қимылын, сипатын, 
санын білдіретін атаулар арқылы түрленіп қолданылуын көрсетеді. Мысалы, адам сөзі үлкен, 
кіші, жақсы, жаман, арық, семіз, ақылды, ақылсыз, талапты, талапсыз, т.б. орыс, қазақ, ағыл-
шын, неміс т.б. келу, кету, сөйлеу, жазу, сызу, айту, оқу, ойлау, т.б. сияқты ұғымдарды қамтып, 
күрделі ұғымды білдіреді. Бір сөздің мағынасы аясында бірлескен осындай ұғымдағы сөздер 
күрделі ұғымды білдіретін сөздердің орнына жұмсалып, синтагмалық жылысу құбылысына 
түседі. Мысалы:
Адамдар амандасты – келгендер амандасты – оқығандар амандасты, үлкендер аманда-
сты, қазақтар амандасты, сөйлегендер амандасты, жақсылар амандасты т.б.
үлкендерден сөйледі, талаптыға кездесті,ақылдыны тапты, жақсылармен сөйлесті 
т.б.;
Күшейту синтагмасы. Белгі бір зат немесе құбылыс, сын-сапа, іс-əрекет т.б. туралы ха-
барға экспрессивті-эмоционалдық тұрғыда басымдық беріп ақпараттық мəнді күшейту мақ-
сатында қолданылатын синтагма. Мысалы: біле біл, жақынның жақыны, алыстан да алыс, 
күндердің күні, жақсының жақсысы, ақымақтың ақымағы т.б.Күшейту синтагматикасына 
тəн басты белгілер мыналар: біріншіден, құрамындағы сөздердің айтылуы да, жазылуы да, 
мəні де бір сөз болады; екіншіден, толық лексикалық мағынаға ие сөз болады; үшіншіден, 
грамматикалық жолмен байланысып, синтаксистік қатынаста тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет