152
тұрады. Сондықтан синтагмалық синонимия құрай алмайды.
Синтагманың құрамындағы
белгі атаулардың əрқайсысы затты, құбылысты тануға, білуге қызмет атқаратын когнитивті
семантикаға ие болғандықтан белгі атаулар мағыналас бола алмайды. Мысалы,
ақыл, ой,
сана, сөйлеу сөздері – жинақталған, тұтас, күрделі ұғымға ие
адам сөзінің мəнін анықтайтын
танымдық белгі атаулар. Бұлар
ат, трактор сияқты атаулармен синтагма құрай алмайды.
Ақылды трактор, ойлы ат, сөйлейтін ат түрінде синтагма жасалмайды. Өйткені мағына-
лық байланыс жоқ.
Семасиологиялық мəндегі синтагмалар валенттілік құбылысына түсе алады
. Синтагма-
лық валенттілік дегеніміз – бір мағынаға тоғысатын бірнеше сөздердің өзара байланысуы.
Ɇɵɫɚɥɵ
Ɇɵɫɚɥɵ:
ȿɥɛɚɫɵ
Ԑɚɥɵɦ
Ⱦԥɪɿɝɟɪ
Ɇԝԑɚɥɿɦ
Ɉԕɭɲɵ
Ⱥɬɚɚɧɚ
ɫԧɣɥɟɞɿ
ɚɣɬɬɵ
ɚԕɵɥɞɵ
ɨɣɥɵ
ʪ̬̞̖̬̐
ȿɥɛɚɫɵ
Ԑɚɥɵɦ
ɫɚɧɚɥɵ
Ɉԕɭɲɵ
Ⱥɬɚɚɧɚ
Ɇԝԑɚɥɿɦ
Синтагмалық синонимияда мағыналас сөздер байланысса, синтагмалық валенттілікте
бір мағынаға тоғысатын сөздер байланысады. Олардың бір бірінен айырмашылықтары мы-
надай: синтагмалық синонимияда өзара мəндес, мағыналас бірақ əр сөздің өз алдына қосым-
ша мағыналық реңкі бар сөздер синтагмалық байланысқа түседі. Мағыналық реңкі, сəл де
болса ерекшелігі бар болғандықтан əртүрлі атаулармен байланысуға қабілетті. Синтагмалық
валенттілікте бір ұғымның аясына тоғысқан сөздер байланысады.
Елбасы, мұғалім, оқушы
ата-ана т.б. сөздері адамға қатысты ұғымға тоғысса,
айтты, сөйледі сөздері де адамға қаты-
сты ұғымды анықтауға қызмет атқарады. Сонымен қатар,
айту, сөйлеу сөздерінің арасында
сəл де
болса ерекшелік, мағыналық реңк жоқ, олар бір ғана əрекеттің екі түрлі
атауы ретінде
жұмсалып, бір мағынаға тоғысқан сөздер. Сондықтан олар синонимдік қатар емес, валент-
тілік қатар түзеді.
Синтаксистік синтагманың семантика-грамматикалық байланысуы да,
типологиялық
ерекшелігі де құрамындағы сөздердің мағыналық жақтан байланысы бар екенін көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілі морфологиясындағы семантика мəселесіне ерекше назар аударған профес-
сор Н.Оралбаеваның «Сөздердің грамматикалық мағынасы да, ол мағынаны білдіретін көр-
сеткіштері де сөздердің мағыналық топтарына байлаулы болады» деген тұжырымына назар
аударсақ жəне грамматикалық мағынаның мəні сөздер сөйлеу объектісіне айналып,
өзара
153
байланысқа түскеннен кейін айқындалатынын ескерсек, қазақ тіл ғылымында синтаксистік
синтагманың теориялық негізін айқындайтын ғылыми тұжырымдар бар екеніне көз жеткі-
земіз[ 2,6 б.].
Достарыңызбен бөлісу: