Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет106/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   255
Оралбаева

қ-к, ғ-г дауыссыз дыбыстарының сыңарларының фонологиялық мəртебесі «фонема деңгей-
інде ме», əлде, керісінше, «вариант деңгейінде ме» деген сұрақтың жауабында бір пікір жоқ. 
Бір топ ғалымдар [5; 73 ] артикуляциялық ерекшеліктерін ескеріп, фонема деп қарайды: «...қ, 
к, ғ, г дауыссыздарын əзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек 
болады» , енді бір топ ғалымдар тілдегі фонологиялық қызметін ескеріп, варианттар деп қа-
райды. Соңғы пікірге орыс жəне қырғыз фонетистері де қосылады .
Қазақ тілінің дəстүрлі фонетикасында дыбыс үйлесімі арнайы зерттеу нысаны болмаған-
дықтан, дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы дыбыстардың негізгі белгілерін анықта-
умен аяқталып отырды. Мысалы, дауыстылар үшін олардың жасалу орны, жақ қатысы мен 
ерін қатысы жеткілікті болса, дауыссыздар үшін олардың жасалу орны, жасалу тəсілі мен 
дауыс қатысы жеткілікті болды. Алайда, бұл белгілер дыбыстарды жалпылама сипаттауға 
жеткенімен, олардың түрленім варианттарын сипаттауға жеткіліксіз еді. Сондықтан да қазір-
гі қазақ фонетикасында, жалпы лингвистикадағыдай, негізгі жəне үстеме артикуляциялық 
белгілер құрамы ендірілді. Оның қазіргі үлгісін «Қазақ фонетикасының» сингармонизмге 
арналған бөлімінен көруге болады. Онда қазақ дыбыстарының үндесім əуезінің артикуляци-
ясына байланысты, мысалы, жуан-жіңішке əуезді ұғымды беру үшін ілгерінді-кейінді атауы 
ендірілді. Сонан соң дəстүрлі фонетикадағы басы ажыратылмай келген, сондықтан дыбыс 
анықтамасында араласып жүрген жасалым, айтылым жəне естілім атаулар жіктеліп берілетін 
болды. Мысалы, артикуляциялық «тіл арты» атауы мен естілім «жуан» атауы бір дыбыстың 
анықтамасында қатар кездесе береді. Кейде артикуляциялық атаудың орнына естілім атау 
қолданыла береді. Дыбыс сипаттамасының жүйеге түскен түрі артикуляциялық анықтама 
(тек артикуляциялық атаулар пайдаланылады), акустикалық анықтама (тек акустикалық атау-
лар пайдаланылады), естілім анықтама (тек естілім атаулар пайдаланылады) болып шығады.
Əзірге белгілі зерттелімдер дауыссыздардың жасалым жіктеліміне қарай сараланған. Ал 
дауыссыздардың үйлесім түрленімнің дауыс желбезегінің (дауыс шымылдығының немесе 
дауыс жарғағының) қатысына қарай жіктелімі енді қолға алынып отыр. Дəстүрлі фонетикада 
дауыс желбезегінің қатысын «дауыс қатысы» деп те атайды. Бірақ «дауыс қатысы» деген атау 
акустикалық фонетиканың термині болып табылады, ал біз бірінші кезекте зерттеу нысанын 
артикуляциялық фонетика тұрғысынан талдап отырмыз.
Қазақ тілі дыбыстарының зерттелім тарихы тілдің дыбыс құрамына деген пікірдің түр-
лі-түрлі екенін көрсетті. Зерттелім кезеңдерін төмендегідей ретпен дəуірлеуге болады: ерте 
кезең – В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.); алғашқы (бастау) кезең – А.Байтұрсынұлы нұсқасы; 
орта кезең – акад. І.Кеңесбаев нұсқасы; жаңа кезең – «Қазақ грамматикасының» нұсқасы. 
Ерте кезеңгі (ХІХ ғ.) зерттеушілер қазақ тілін тікелей естіп/білу арқылы бақылағандықтан, 


166
қазақ тілінің төл дыбыс құрамын негізінен қоспасыз дұрыс анықтаған. Қазақ сөзінің жуан/
жіңішке əуезді болып айтылуына байланысты оның құрамындағы дыбыстардың да жуан/
жіңішке болып айтылатынына көңіл бөлген. Сонымен қатар, қазақ тілі дыбыстарының ар-
тикуляциялық кейбір айтылымдарын өз алдына жеке дыбыс ретінде қабылдаған, мысалы, ж 
дауыссызының дж түрінде аффрикат болып айтылыуын, л дауыссызының жуан сөздердің 
құрамындағы кейінді (жуан) артикуляциямен айтылымын өз алдына дербес дыбыстар деп 
қараған. Оның үстіне қазақ тілінің дыбыс құрамын дəл анықтағанымен, сөздердің жазылы-
мындағы ій, ұу дыбыс тіркестерін бір таңбамен белгілеу жиі кездеседі. Қазақ тілі дыбыста-
рының артикуляциясы арнайы талданбай, олардың артикуляциялық анықтамасы дыбыстың 
естіліміне қарап, батыс тілдерінің ұқсас дыбыстарына балап беріледі.
Алғашқы (бастау) кезеңде қазақ тілінің төл дыбыс құрамы дұрыс анықталған. Жазуда 
белгіленбесе де, дыбыстардың жуан/жіңішке артикуляциясы жайлы толық мəлімет берілген. 
Жуан дауыстыларды негізгі дыбыстар қатарына қосып, олардың жіңішке айтылымын қо-
салқы дыбыстар ретінде арнайы таңбаламаған. Қазақ сөзінің өзіндік əуезімен айтылымын 
сақтап сөйлеу жəне жазу жайлы алғаш ұсыныстар жасалған. Қазақ тілінің артикуляциялық 
белгілеріне атау беріліп, жіктелім кестелерін құрастырған. Бірлі-жарым кірме дыбыстар (х, 
һ) ескеріліп, оларға арнайы таңба берілген жəне жазуда да ескерілген. Жартылай дауысты 
деген атаумен кейде й, у, кейде й, у, р, л дауыссыздары өз алдына жіктелген. Қазақ тілінің 
дыбыс құрамын анықтау мен оларды таңбалау сингармонизм заңына лайық жүргізілген. Қа-
зақ тілі дыбыстарының əліпби құрамы мен олардың сөз құрамындағы жазылымы арасында 
қайшылық болған жоқ. Соның арқасында сөздің буын, тасымал, морфологиялық құрылымы 
бір-біріне сай шығып отырды.
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық зерттелімі ұзақ тарихи жолдан өтті. Алғашқы 
дəуір қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтап, тіл дыбыстарының қарапайым артикуляциялық 
белгілерін табуға арналды. Пайдаланылған артикуляциялық белгілер де санаулы ғана жəне ол 
атаулар орыс тілінде болды. А.Байтұрсынұлы бастаған ұлт зерттеушілері қазақ тілі дыбыстары-
ның төл артикуляциялық белгілерін бекітуге кірісіп, 30-дан аса артикуляциялық атаулар ұсын-
ды. Сол атаулар негізінде қазақ тілі дыбыстарының төл əліпбинің артикуляциялық жіктелім ке-
стесін ұсынды. Қазақ тілінің артикуляциялық фонетикасы төл əліпби кестелерден бастау алды.
Орыс тілі мен орыс тілтанымының əсері қазақ тілінің əліпби құрамының көлемін ұлғай-
тып жіберді. Орыс тілі дыбыстарының артикуляциялық анықтамасы қазақ тілі дыбыста-
рының артикуляциялық анықтамасы ретінде көшіріліп отырды. Кірме жəне аударма арти-
куляциялық атаулар негізінде қазақ тілі дыбыстарының құрама əліпби жіктелім кестелері 
құрастырылды. Зерттеу нəтижелері қазақ тілінің оқулықтары мен оқу-құралдарында кеңінен 
пайдаланылып келеді.Төл əліпби кестелерден бастау алған қазақ артикуляциялық фонетика-
сы бертін келе құрама əліпби кестесіне ұласты.
Соңғы кезде қазақ тілінің төл əліпби құрамы екшеліп алынып, артикуляциялық талда-
удың өзіндік ғылыми аппараты негізінде талданып шықты. Қазақ тілі дыбыстарының ар-
тикуляциясын анықтайтын түгелге дерлік жаңа ұғым/атаулар ұсынылды. Соның негізінде 
əліпби, үндесім жəне үйлесім дыбыс үлгілерінің анықтамалары беріліп, жіктелім кестелері 
құрастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет