17
Өзінің сөзі мен тың дау шы сына әрі білім берсе, әрі көңі лін
көтерсе, ең мықты шешен – сол. Білім беру – шешеннің мін-
деті, көңілін көтеру – тыңдарманға көрсеткен құрмет, күшті
әсер ету – қажеттілік.
(Марк Тулий Цицерон)
Данышпан Сократ жас ойшыл Ксенофонттан:
– Ұнды қайдан сатып алуға болады? – деп сұрайды.
– Базардан, – депті Ксенофонт.
– Ал майды ше?
– Оны да базардан.
– Ал даналық пен ізгілік алу үшін қайда баруға болады?
Жас жігіт ойланып қалыпты.
– Маған еріп жүр,
мен көрсетейін, – депті Сократ.
Осыдан бастап Ксенофонт Сократтың әрі шәкірті, әрі ше -
шен дік жолындағы сапарлас серігі болған екен…
(«Ғұламалар ғибраттары» кітабынан)
5.
«Даналық пен ізгілікті қайдан алуға болады?» деген сұраққа жа уап
беріп, шығармашылық жұмыстың бір түрін (өлең, әңгіме, естелік,
шығарма) жа зың дар.
6.
Дүниежүзі тарихында шешендігімен танылған озық ойлы, шебер
тілді тұлғалар мен олардың нақыл сөздерін сәй кес тен діріңдер.
Платон
Шешеннің ең ұлы қасиеті –
қажет
нәр сені ғана айту емес, сонымен бір ге
қажеті жоқ нәрсені айтпау.
Аристотель
Шешен сөзінің дәлелділігін оның әділ-
дікті жан-тәнімен қолдап, қор ға уы нан
айқын көруге болады.
Цицерон
Айқындық – сөздің басты артық шы-
лы ғы.
Квинтилиан
Шешендік – ақылмен билеу өнері.
7.
Екі тапсырманың бірін орындаң дар.
1. «Ше шен дік сөз – те рең ой ға, ұт қыр ло ги ка ға құ рыл ған құн ды
мұ ра, асыл қа зы на» тақырыбында аргументті эс се жазың дар.
2. Риторика ғылымының негізін қалаған шешендер туралы ізде-
ніп, салыстырмалы не хабарламалық эссе жазыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217